Невроз (лат. neurosіs — жүйке тозуы) – адамда болатын психикалық-жүйке жүйесінің өтпелі психогенді, созылмалы аурулар тобы. Невроз шамадан тыс психикалық жағдайдың себепші болуынан дамитын, өте жиі таралған дерт. Негізінен жүйке жүйесі әлсіреген адамдарда байқалады. Жүйке жүйесінің іштен туа біткен әлсіздігі жүктілік кезіндегі жеріктіктен, ал жүре пайда болатын әлсіздік бала кезінде алған жарақаттар мен әр түрлі аурулардың салдарынан пайда болады. Кейде адамдардың өмірінде неврозға ұқсас жағдайлар байқалады. Мысалы, адам ерекше бір хабар күткенде, уайымға батып, сабырсыздық танытады, жүрегінің соғуы жиілеп, денесі дірілдейді, қатты тер басады. Психикалық жарақаттардан кейін болатын Невроздың белгілері: жабырқау, ренжу, үрей, титықтап қажу, тұйықтан шыға алмау. Кейде невроздың белгілері ішкі органдар қызметінің бұзылуынан да болады. Мұндай кезде науқаста жазылмайтын аурумын деген қорқыныш үрей пайда болады. Мысалы, жүрегі шаншыса – инфаркт, асқазаны ауырса – қатерлі ісік (рак) болдым деп, ауру бірнеше дәрігерге қаралумен болады. Клиникалық белгілеріне қарай невроздың: неврастения, истерия деген түрлері ажыратылады.
Невроз аурулары психогенияныд ең көп тараған түрі болып табылады. Невроздың ең бір елеулі ерекшелігі әдетте өзгеше дөрекі психозға, бейнелеуші, танымдық әрекеттің айқын бұзылуына соқтырмайтын, демек, мінез-кұлыктың айқын білінетін дұрыс емес күйлерін өзімен бірге тудырмайтын аурулы күйдің пайда болуы саналады.Дегенмен, бұл ауруда ағзаның үйреншікті қызметі едәуір қиындайды. Қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты оның әдеттегі нәзік тепе-теңдігі қиындайды. Невроздық симптомдардың клиникасы өте алуан түрлі, соған орай, невроздың сипатымен ғана емес, сондай-ақ оның даму сатысымен де сипатталады.Невроз психикалық жарақаттың әсерінен пайда болатын аурулар тобы, жалпы күйдің және әртүрлі соматовегетативті функциялардың бұзылуымен, эмоционалды тұрақсыздықпен, қоршаған ортаға дұрыс баға берудің жеткілікті сақталуымен және өзінің дертті күйін түсінумен жүретін жағдай. Невроз – өмірдегі жағымсыз жағдайларға тұлғаның реакциясы.Осы реакция нәтижесінде тұлға бұзылысы, сана және ес бұзылысы туындайды. Невроздардың келесі түрлері бар: неврастения, есіріктік невроз, жабыспалы қалып күй неврозы. Балалар неврозының этиологиясы: психикалық травма, биологиялықфакторлар, психикалық факторлар, әлеуметтік факторлар.
НЕВРОЗ АУРУЛАРДЫ ЕМДЕУ ЖОЛДАРЫ Невроздарды қалай емдеуге болады? Бұл аурулардан құтылудың қандай жолдары бар? Невроздарды емдеуде қатып қалған үлгі болуы мүмкін емес, өйткені ол негізінен әр ауру адамның жеке өзіне тән ерекшеліктеріне, оның жоғары нерв қызметінің типіне байланысты.
Невротикалық жағдайлардың пайда болуына нерв-психика процестеріне артық күш түсу жататындықтан, емдеудің негізгі принципі - ми нерв клеткаларының демалысы мен тыныштығын қамтамасыз ететін жағдай туғызу болмақ. Ауру адамдар көбінесе өзін-өзі емдеумен айналысуға тырысады, «олар дәл осындай ауруы бар таныстарыма көмектесті» дегенді сылтауратып, әр түрлі дәрілерді ішіп көреді. Соңғы кезде нерв жүйесіне әсер ететін сан алуан дәрілік препараттар пайда болды, оларға нерв жүйесін тыныштандыратын транквилизаторлар (француздың<<транквиль>>- ұстамды деген мағынадағы сөзі) жатады. Бұл триоксазин, элениум, седуксен және т. б. Міне, осындай «модаға кірген» дәрілерді көптеген ауру адамдар дұрыс пайдаланбайды.