Байжұманов Қазыбек
ШҚО, Аягөз ауданы
АллАҺ – ШЕбЕР
«Бисмиллә» деп бастайын,
Тілімді, Түлен, бөгеме.
Раздығы үшін Раббының,
Рахметіне бөлене.
Тумағандар өле ме,
Өлгендер қайтып келе ме?!
Заңдылығы Аллаһтың,
Өзгеріске көне ме?
Құдіретті Құранды
Сәндікке қойып сөреге.
Жүректе иман жоқ жандар,
Аллаһ – Хақ десең сене ме?
Айналаның барлығы –
Өреліге өнеге.
Көкірек көзі көр байғұс,
Осының бәрін көре ме?
Асыл Ай, жаһұт Жұлдызды
Жарқыратып төбеге,
Жаратушы жаққан күн,
Жарлығы жетпей сөне ме?
Жақсы менен жаманды,
Халал менен харамды,
Хауа менен Адамды,
101
Таңдаулы діни өлеңдер
Он сегіз мың ғаламды,
Сыйғызып бір «кемеге».
Топырақтан жаратып,
Жан бітірді ол денеге.
Жалғасып жатыр тіршілік,
Кеңейіп жатыр «кереге».
Жауабы тылсым жұмбақ көп,
Миым бір жетпес өре де.
Осының бәрін бар еткен,
Мейірімін мол еткен.
Жаратушы бір Аллаһ,
Шебер емей, немене?!
Р.S Шебер деген теңеу де,
Сипатына сай келе ме !?
102
Достарыңызбен бөлісу: |