ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет45/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
Шынайы шексіз шебер раббым Алла
Шын мұсылман бақыттан жаңылар ма!?
Жалғыз АЛЛА лайық тек табынарға.
Барлық мақтау тек қана АЛЛАға тән,
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.
Қорғаушы да, қамқоршы бағым АЛЛА!
Тірегім де, сүйенер барым АЛЛА.
Жоқтан барды жасаған, шексіз құдірет,
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.
Патшалардың патшасы тағыда АЛЛА!
Жалғыз АЛЛА лайық тек бағынарға.
Мейіріммен жаратқан бар ғаламды,
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.
Қуаныш пен қайғыда жарым АЛЛА!
Шынайы пәк, шынайы әділ АЛЛА.
Шексіз ризық беруші, жарылқаушы,
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.
Ол-естуші, біледі бәрін АЛЛА,
Ол-көруші, мәртебелі, тәңір АЛЛА.
Одан асқан биік жоқ,одан ұлық,
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.
АЛЛА демей шын бақыт табылар ма!?
Иман оты жүректе жағылар ма.
Кешірімді, ғаламға нұрын төккен,
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.


106
Аллаға мадақ
Беруші шын иман мен сабыр АЛЛА!
Дұғамызды қабыл етуші АЛЛА.
Ұлықтың ұлылығын ұмытпаңдар,
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.
Шын мұсылман бақыттан жаңылар ма!?
Барым АЛЛА, бағым АЛЛА, әділ АЛЛА,!
АЛЛА, АЛЛА, О,АЛЛА, шексіз мадақ!
Шынайы шексіз шебер раббым АЛЛА.


107


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет