ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет55/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124
Қошқар Қалыбай
ОҚО, Қазығұрт ауданы
Бейнеткеш ауылы.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕгЕнШЕ…
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десейші!
Аллаһым сүйген құлына 
Рахымын төгер десейші!
Қиналып жүрген жандарға 
Исламмен көгер десейші!
Раббымыз әркез жәрдемін
Иманмен берер десейші!
Шеберді шебер дегенше,
Алланы шебер десейші!
Кеудеңде жаның тұрғанда,
Ақырет қамын жесейші!
Елшісі Хақтың — Мұхаммед,
Ілесіп оған көрсейші!
Жәннатқа бастап тұрғасын
Соңына оның ерсейші!
Азанның даусы жеткесін,
Қыблаға жүзің берсейші!
Расулдың сен де үмбеті,
Иманға дереу келсейші!
Намазға тұрып, тәкбір айт,
Рукуғды жасап еңкейші!
Тәкаппар, малғұн — Іблісті
Сәждеге құлап жеңсейші!
Алланың нұры — Құранда,
Құтқарушың сол — сенсейші!


127
Таңдаулы діни өлеңдер
«Оқы!» деп Раббым бұйырған,
Әмірге сен де көнсейші!
Харамнан тыйып бойыңды,
Адалдан ризық терсейші!
Алладан қалай ақ тусаң,
Тазарып солай өлсейші!
Сауаппен сомдап жаныңды,
Күнәнің бәрін көмсейші!
Истиғфар айтып сәт сайын,
Малғұнға жұт боп төнсейші!
«Лә иләһә илләллаһ!»
Деп жаныңды берсейші!
Тозақтың жауып қақпасын,
Жұмаққа барып енсейші!
Қашанғы аңғал болмақсың?!
Расулдай сен де есейші!
Алшаңдап талтаң баспастан,
Бетегеден де пәсейші!
Көркемдеп мінез-құлқыңды
Мұхаммедтей көркейші!
Жаралған ғажап ғаламға
Зейінің бір сәт бөлсейші!
Барлығын шебер жаратқан 
Аллаһты ұлық білсейші!
Күніне оқып жүз аят
Құранды төрге ілсейші!
Надандар санын толтырмай
Білімдар болып үлкейші!
Фәниде мейлі, жыласаң,
Махшарда шат боп күлсейші!


128
Аллаға мадақ
Жоқ едік бұрын, бар болдық,
Мәнісін мұның білсейші!
Раббысын іздеп шарқ ұрған
Жүрекке құлақ түрсейші!
Жаратқан Хақты ұмытпай
Еске алып әркез жүрсейші!
Зікірден тауып жан рахат
Бақытты өмір сүрсейші!
Шеберді шебер дегенше
Алланы шебер десейші!
Раббыңды танып-біл-дағы,
Ақырет қамын жесейші!
Елшісі Хақтың — Мұхаммед,
Ілесіп оған көрсейші!
Жәннатқа бастап тұрғасын
Соңына оның ерсейші!
Соңына оның ерсейші!!!


129


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет