ْمُكُضْعَبب مُكْيَلَع َنوُفاَّوَط َّنُهَدْعَبب ٌحاَنُج ْمِهْيَلَع َلَو ْمُكْيَلَع َسْيَل ْمُكَّل
اَذِإَو * ٌميِكَح ٌميِلَع ُهَّللاَو ِتاَي ْلا ُمُكَل ُهَّللا ُنِّيَببُبي َكِلَذَك ٍضْعَبب ىَلَع
ْمِهِلْبَبق نِم َنيِذَّلا َنَذْأَتْسا اَمَك اوُنِذْأَتْسَيْلَبف َمُلُحْلا ُمُكنِم ُلاَفْطَْلا َغَلَبب
﴾ٌميِكَح ٌميِلَع ُهَّللاَو ِهِ�اَيآ ْمُكَل ُهَّللا ُنِّيَببُبي َكِلَذَك
«Ей, иман келтіргендер! Сендердің қол астыңдағылар
және балиғат жасына жетпеген балалар сендерден үш
жағдайда рұқсат сұрасын: таң намазының алдында, түсте
киімдеріңді шешкен кездеріңде және құптан намазынан
кейін. Осы үш уақыт сендер үшін ұятты. Осы уақытан
басқа кездері рұқсатсыз кіруге сендерге де, оларға да еш
айып жоқ, өйткені бір-бірлеріңе араласып жүресіңдер.
Алла белгілерді сендерге осылайша баяндайды. Расында
Алла бәрін Білуші әрі аса Дана. Ал сендердің балаларың
балиғат жасына толған кезде өздерінен бұрынғылардың
рұқсат сұрағандарындай рұқсат сұрап кіретін болсын.
Алла Өз белгілерін сендерге осылайша баяндайды.
Расында Алла бәрін Білуші әрі аса Дана». (Нұр, 58-59).
Сонымен қатар баланы үлде-бүлдеге, жырғалшыл,
мамыражай тұрмысқа үйретпеу керек. Қарапайым
тіршілікке, қанағатшылдыққа баулу керек. Өйткені шектен
тыс рақатшылықтың ортада өсу ұрпақтың әлжуаз, аурушаң
немесе керенау-кердең болып шығуына апарып соқтырады.
َداَ�ِع َّنِإَ� َمُّعَينَّيتلاَو ْمُكاَّيِإ« :ًاعُ�ْرَم ٍلَ�َج ِنْبا ِذاَعُم ْنَع ُدَْحَأ ُماَمِلا ىَوَر
.»َينِمِّيعَينَيتُلماِب اوُسْ�َل ِللها
Хадисте былай делінеді: «Жырғалшылдықтан сақ
болыңдар! Шындығында Алланың құлдары жырғалшыл
емес». (Имам Ахмад риуаят еткен). Абай Құнанбайұлы
айтқандай:
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар адам баласын!
Қарапайымдылықта Пайғамбардан (с.а.с.) асқан үлгі
жоқ. Оған оның (с.а.с.) жалпы тұрмысының жұпынылығы,
ішіп-жем мен киім киістегі қанағатшылдығы дәлел.
Ата-ананың есейген балаларын ерте жастан еңбек етуге
үйретіп, өзінің құрдасындай тұтып, кей істерде ақылдасып,
кеңесіп отырғаны жөн. Сонда ғана бала өз бетімен тірлік
жасауға үйреніп, алда кездесетін қиындықтардан оңай жол
таба алады. Халық нақылында «Алтыға дейін бала деп көр,
108
109
алтыдан кейін құлыңдай көр, он алтыда досыңдай көр»
делінеді.
Әбу Ханифаның әділдігі
Шариғат ілімінің негізін салушы, төл мазһабымыздың
жетекшісі болған Имам Ағзам Әбу Ханифаның бүкіл
ғұмыры исі мұсылманға игі өнеге десе болғандай. Біле
білсек, оның күнделікті тіршілігіндегі тақуалығы, әділдігі,
парасаттылығы Жаратқанның жарылқауынан үміт еткен кез
келген мұсылманға үлкен үлгі.
Бірде Әбу Ханифаға баласын ертіп бір әйел келеді.
Ол имамға баласының бір жағымсыз әдеті туралы шағым
айтады. Айтуынша оның ұлы тәттіге өте құмар екен. Сол
әдеттен тыс құмарлығының салдарынан тістері ауырып,
түсуге айналыпты. Жанашыр ана Әбу Ханифадан осының
амалын сұрай келген. Әйелдің әңгімесін естіген Әбу Ханифа
аз-кем ойланып отырады. Сосын: «Сіз балаңызбен бірге
қырық күннен кейін қайтып келіңіз», – дейді.
Арада қырық күн өткен соң әлгі әйел баласын ертіп ұлы
ғұламаға қайта оралады. Шариғат білгірінен баяғы мәселенің
жауабын сұрайды. Сонда Әбу Ханифа балаға қарап: «Ей,
ұлым! Тәттіні көп жеме. Шынында тәттіні көп жесең, тісің
ауыратын болады, басқа денсаулығыңа да зиян. Анаңды
тыңда. Тәттіні көп жеме», – дейді.
Баланың анасы тағы бірдеңе айтар деген үмітпен
ғалымның жүзіне қарайды. Бірақ ғалым барлық жауабым
осы дегендей ишарат жасайды. Сонда баланың анасы: «Уа,
мұсылмандардың имамы! Мен сізден нақты ақыл күткен
едім. Қырық күн күттіріп қойғанда бар айтқан жауабыңыз
осы ма сонда? Олай болса бұл жауабыңызды сол кезде айта
салмадыңыз ба?» – деп кейістік білдіреді. Сонда Әбу Ханифа
данышпан: «Уа, дін қарындасым! Сіз маған алғаш келгеніңізде
өзім де тәттіні көп жейтін едім. Сондықтан да ол кезде балаға
ақыл айта алмадым. Өзім тәттіні көп жеп тұрып басқаға жеме
десем менікі нағыз екіжүзділік, жалғандық болар еді. Ондай
сөзімнің балаға да әсері болмас еді. Сондықтан осы бала
үшін өзім тәтті жеуді қырық күн доғардым. Сөйтіп барып
балаңызға кеңес айттым», – деген екен.
Бала тәрбиесі – үлкен жауапкершілік
Имам Ахмад Мәлік ибн Динардан мынадай хабар
жеткізеді. «Бәни Исраилдың ғалымдарының бірінің үйіне
ерлер мен әйелдер жиналып, оларға уағыз айтып, Алланың
бұрынғы қауымдарды қалай жазалағаны туралы еске алатын.
Бір күні ол өзінің ұлының жолда кетіп бара жатқан әйелдерге
көзін қысып жатқанын көреді. Ол ұлына: «Әй, балам, қоя
ғой енді» деумен ғана шектеледі. Көп ұзамай сол ғалым
астындағы орындығынан құлап майып болады. Әйелі түсік
тастайды. Балалары адам қолынан қаза табады. Сонда Алла
Тағала олардың сол кездегі пайғамбарына былай деп уахи
етеді: «Пәлен деген ғалымға айт. Мен оның ұрпақтарынан
ешқашан шыншыл пенде шығармаймын. Мен үшін бар
ашуланғаны: «Әй, балам, қоя ғой» деу ғана ма?!».
Бұрынғылардың бірі: «Мен Аллаға бір асылық жасап
қойғанымды үйімдегі әйелімнің, астымдағы көлігімнің
қылығынан байқаймын», – деген екен.
Әл-Амри әз-Зәһид былай деген: «Кімде-кім жаратылған
нәрселерден қорқып, жақсылыққа бұйырып, жамандықтан
тыймаса, оған ешкім де бойсұнбайды. Тіпті, баласына, не
қол астындағыларға бұйырса да, оның сөзін құлақтарына да
110
111
ілмей, әміріне жеңіл-желпі қарайтын болады».
Балаға деген мейірімділік
Алла Тағаланың адамзатқа түсірген ең соңғы елшісі
Мұхаммед (с.а.с.). күллі жаратылысқа әрбір істе көркем үлгі
бола білді. Дәл ол (с.а.с.) сияқты балажан, мейірбан адам
болған емес.
Сахих хадистер жинақтарында Әбу Қатададан
жеткізілген риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) қызы Зейнептің
қызы Умәмәны көтеріп тұрып намаз оқыған. Сәждеге
барғанда жерге қойып, тұрғанда қайтадан иығына салған.
Мүслім риуаят еткен хадисте сахабалар Алланың елшісі
(с.а.с.) ойнап жатқан балаларға сәлем беретіндігі туралы
айтады.
Тағы бір сахаба Әнес ибн Мәлік (р.а.) былай дейді: «Мен
Алланың елшісіне (с.а.с.) сегіз жасымнан бастап қызмет еттім.
Ол (с.а.с.) мені бүлдірген нәрсем үшін ешқашан айыптаған
емес. Үйіндегі кісілер мені айыптай қалса: «Қоя салыңдар.
Болған нәрсе болды», – дейтін». (Бәйһақи риуаяты).
Баланы сүю
ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلَّ�َيق َلاَق َةَرْييَرُه ِبَأ ِثيِدَح ْنِم ِْينَح�ِحَّصلا ِف
َلاَقَي� ٌسِلاَج ِّييِم�ِمَّتلا ٍسِباَح ُنْب ُعَرْيقَلا ُهَدْنِعَو ٍّيِلَع َنْبا َنَسَْلا َمَّلَسَو
ُلوُسَر ِهْ�َلِإ َرَظَنَي� ،ْمُهْينِم اًدَحَأ ُتْلَّي�َيق اَم ِدَلَولا َنِم ٌةَرَشَع ِل َّنِإ :ُعَرْيقَلا
.»ُمَحْرُيي َل ُمَحْرَيي َل ْنَم« :َلاَقَي� َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها
Сахих хадистер жинақтарында Әбу Һурайрадан
жеткізілген риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.) немересі Хасан
ибн Әлиді сүйеді. Сол жерде әл-Ақра ибн Хабис әт-Тәмими
деген кісі отырады. Ол: «Менің он балам бар. Мен олардың
ешқайсысын сүйген емеспін», – дейді. Сонда Алланың
елшісі (с.а.с.) оған қарап: «Рахымды болмағанға рахым
жасалынбайды», – деген.
َمِدَق ْتَلاَق اَهْينَع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ِثيِدَح ْنِم اًضْيَأ ِْينَح�ِحَّصلا ِفَو
َنوُلِّيي�َقُي� :اوُلاَقَي� َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ِلوُسَر ىَلَع ِباَرْعَلا َنِم ٌساَن
ُكِلْمَأ َوَأ« :َلاَقَي� ،ُلِّي�َقُين اَم اَّنِكَل ِللهاَو :اوُلاَقَي� ،ْمَعَين :اوُلاَقَي� ؟ْمُكَناَ�ْي�ِص
.»َةَْحَّرلا ُمُكِبوُلُيق ْنِم َعَزَين ُللها َناَك ْنِإ
Екі сахих кітабында бір хадисте Айша (р.а.) былай дейді:
«Алланың елшісіне (с.а.с.) бәдәуилердің бір тобы келді. Олар:
«Сендер сәбилеріңді сүйесіңдер ме?» – деп сұрады. Олар
(сахабалар): «Иә», – деп жауап берді. Бәдәуилер: «Уаллаһи,
алайда біз еш сүймейміз»,– деді. Сонда Пайғамбар (с.а.с.):
«Алла сендердің жүректеріңнен мейірімді алып қойса, мен
не істей аламын», – деді».
اَنَيِغَص ْمَحْرَيي َْل ْنَم اَّنِم َسْ�َل« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ُهُرْي�َغَو ُدَْحَأ ُماَملا ُهاوَر .»اَنَيِ�َك ْرَيقوُيَو
Басқа бір риуаятта Алланың елшісі (с.а.с.):
«Кішкентайларымызға
мейірімді
болмаған
әрі
үлкендерімізді құрметтемеген адам бізден емес», – деп
112
113
кесіп айтқан. (Ахмет және басқа хадисшілер риуаят еткен
хадис).
ْنَع ِه�ِبَأ ْنَع ٍبْ�َعُش ِنْب وِرْمَع ِثيِدَح ْنِم َدُواَد ِبَأ ِنَنُسَو ِدَنْسُمْلا ِف
ِة َلَّصلاِب ْمُكَءاَنْيبَأ اوُرُم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ِهِّيدَج
.»ِع ِجاَضَمْلا ِف ْمُهَينْي�َيب ْاوُقِّيرَي�َو ٍرْشَعِل اَهْي�َلَع ْمُهوُبِرْضاَو ٍعْ�َسِل
Имам Ахметтің Муснәд және Әбу Дәуіттің Сүнән
кітаптарында Амр ибн Шұғайыптың әкесінен, әкесі атасынан
риуаят еткен хадисінде Алланың елшісі (с.а.с.): «Балаларыңа
жеті жастан намаз оқуға бұйырыңдар, ал он жаста ұрып
оқытыңдар да төсектерін бөлектеңдер», – деген.
Алла Тағала былай деген:
ُساَّنلا اَهُدوُقَو ًاراَن ْمُكيِلْهَأَو ْمُكَسُفنَأ اوُق اوُنَمآ َنيِذَّلا اَهُّبيَأ اَي﴿
﴾ُةَراَجِحْلاَو
«Уа, иман келтіргендер! Өздеріңді және отбасы-
ларыңды отыны адамдар мен тастар болған оттан
(тозақ отынан) құтқарыңдар» (Тахрим, 6). Осы аяттағы
құтқарудың мағынасын Әли ибн Әбутәліп (р.а.): «Оларға
ғылым-білім үйретіп, әдепке баулыңдар», – деп түсіндірген.
Ал Хасан Басри: «Аллаға мойынсұнуға бұйырып, ізгілікті
үйретіңдер», – деген.
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع ٍساَّ�َع ِنْبا ِنَع ُمِكاَلا ىَوَر
ِتْوَلما َدْنِع ْمُهوُنِّيقَلَو ُللها َّلِإ َهَلِإ لِب ٍةَمِلَك َلَّوَأ ْمُكِناَ�ْي�ِص ىَلَع اوُحَتْي�
ِا«
.»للها َّلِإ َهَلِإ َل
Хакимнің Ибн Аббастан риуаят еткен хадисінде
Пайғамбар (с.а.с.): «Сәбилеріңнің алғашқы сөзін «Лә иләһә
иллалламен» ашыңдар әрі өлер кезінде оларға «Лә иләһә
иллалланы» айтқызыңдар», – деген.
ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق َةَرُْس ِنْب ِرِباَج ْنَع ِّي ِناَرَي�َّطلا ِمَجْعُم ِفَو
ٍمْوَيي َّلُك َقَّدَصَتَيي ْنَأ ْنِم ُهَل ٌرْي�َخ ُهَدَلَو ْمُكُدَحَأ َبِّيدَؤُيي ْنَِل« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع
.»ِينِكاَسَلما ىَلَع ٍعاَص ِفْصِنِب
Табаранидің Мұғжамында Жәбір ибн Сумрадан жеткен
хадисте Алланың елшісі (с.а.с.): «Біреулеріңнің баласына
әдеп үйретуі оған әрбір күні жарты сағ (бір уыс бидай не
құрма) садақа бергенінен артық», – деген.
ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق َلاَق ٍساَّ�َع ِنْباَو ٍد�ِعَس ِبَأ ْنَع ُّيِقَهْي�َي�لا ىَوَر
ْنِإَ� ُهْجِّيوَزُي�ْلَي� َغَلَيب اَذِإَ� ُهَبَدَأَو ُهَْسِا ْنِسْحُ�ْلَي� ٌدَلَو ُهَل َدِلُو ْنَم« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع
.»ِه�ِبَأ ىَلَع ُهُْثِإ اََّنِإَ� اًْثِإ َباَصَأَ� ُهْجِّيوَزُيي َْلَو َغَلَيب
Байһақидің Әбу Сағид пен Ибн Аббастан жеткізген
риуаятында Алланың елшісі (с.а.с.): «Кімнің баласы туылса
оның есімін жақсы қойсын, әдебін жақсартсын. Балиғатқа
жеткен кезінде оны үйлендірсін. Егер балиғатқа жеткенде
114
115
үйлендірмей, ол күнәға батса (яғни, зинақорлыққа барса)
оның күнәсі әкесіне», – деген.
ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َّنَأ َرَمُع ِنْبا ِنَع ِهِح�ِحَص ِف ُّيِراَخُ�لا ىَوَر
ىَلَع ٍعاَر ُيِمَْلاَ� ،ِهِتَّ�ِعَر ْنَع ٍلوُؤْسَم ْمُكُّلُكَو ٍعاَر ْمُكُّلُك« :َلاَق َمَّلَسَو
ٍلوُؤْسَم َوُهَو ِهِتْ�َيب ِلْهَأ ىَلَع ٍعاَر ُلُجَّرلاَو ِهِتَّ�ِعَر ْنَع ٍلوُؤْسَم َوُهَو ِساَّنلا
ٌةَلوُؤْسَم َيِهَو ِهِدَلَوَو اَهِلْعَيب ِتْ�َيب ىَلَع ٌة�ِعاَر ِلُجَّرلا ُةَأَرْماَو هِتَّ�ِعَر ْنَع
ٍعاَر ْمُكُّلُكَ� َلَأ ُهْنَع ٌلوُؤْسَم َوُهَو ِهِدِّي�َس ِلاَم ىَلَع ٍعاَر ِلُجَّرلا ُدْ�َعَو ْمُهْينَع
.»ِهِتَّ�ِعَر ْنَع ٌلوُؤْسَم ْمُكُّلُكَو
Бұхари өзінің Сахихында Ибн Омардан Алланың
елшісінің (с.а.с.) былай дегенін риуаят еткен: «Сендердің
бәрің де бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа
жауапкерсіңдер. Әмірші адамдарға бақташы, ол сол
отарына жауапкер, ер кісі өз отбасына бақташы,
сол отарына жауапкер, ал әйел күйеуінің үйіне және
баласына бақташы әрі соларға жауапкер, кісінің құлы
(қызметкері) қожайынының малына бақташы әрі соған
жауапкер. Әлбетте, бәрің де бақташысыңдар әрі бәрің де
өз отарларыңа жауапкерсіңдер».
Балалар арасында әділдік сақтау
ٍيِشَب ِنْب ِناَمْعُّينلا ِثيِدَح ْنِم َناَّ�ِح ِنْبا ِح�ِحَصَو َدَْحَأ ِدَنْسُمَو ِنَنُّسلا ِف
اوُلِدْعِا ،ْمُكِئاَنْيبَأ َْينَيب اوُلِدْعِا« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ
.»ْمُكِئاَنْيبَأ َْينَيب اوُلِدْعِا ،ْمُكِئاَنْيبَأ َْينَيب
Сүнән кітаптары мен Ахметтің Муснәдінде, Ибн
Хиббанның Сахихында Нұғыман ибн Бәширден жеткен
хадисте Алланың елшісі (с.а.с.): «Балаларыңның арасында
әділдік қылыңдар, балаларыңның арасында әділдік
қылыңдар, балаларыңның арасында әділдік қылыңдар!» –
деп үш рет айтқан.
ِل ْدِهْشَأَو اًملُغ ِنْبا ِلَْنِا« :ُهَل ْتَلاَق ٍيِشَب َةَأَرْما َّنَأ ٍمِلْسُم ِح�ِحَص ِفَو
اَهَينْيبا َلَْنَأ ْنَأ ِنْتَلَأَس ٍنلُ� َةَنْيبا َّنِإ« :َلاَقَي� ِللها َلوُسَر ىَ�َأَ� ،»ِللها َلوُسَر
َلْثِم َتْ�َطْعَأ ْمُهَّلُكَ�َأ»:َلاَق ،»ْمَعَين« :َلاَق «؟ٌةَوْخِإ ُهَل« :َلاَق ،»يِملُغ
َّلِإ ُدِهْشُأ ل ِّينِإَو اَذَه ُحُلْصَي َسْ�َلَي�« :َلاَق ،»ل« :َلاَق ،»ُهَتْ�َطْعَأ اَم
َّنِإ ٍرْوَج ىَلَع ِنُدِهْشُ� َل« :ِه�ِ� َلاَقَو ُدَْحَأ ُماَمِلا ُهاَوَرَو .»ٍّقَح ىَلَع
.»ْمُهَينْي�َيب َلِدْعَي� ْنَأ ِّيقَْلا َنِم َكْ�َلَع َك�ِنَ�ِل
Мүслімнің Сахихында Бәшірдің әйелі оған: «Балама
бір қызметші бала сыйла әрі оған Алланың елшісін куәгер
қыл», – дейді. Ол Алланың елшісіне барып: «Пәленнің қызы
(яғни, өзінің әйелі) өзінің ұлына бір қызметші сыйлауымды
сұрайды», – дейді. Алланың елшісі (с.а.с.): «Оның
бауырлары бар ма еді?» – деп сұрайды. Ол (Бәшір): «Иә»,
– деп жауап береді. «Олардың барлығына да осындай сый
беріп пе едің?» – деп сұрайды Алланың елшісі (с.а.с.). Ол:
116
117
«Жоқ», – дейді. Сонда Алланың елшісі (с.а.с.): «Бұлай дұрыс
емес. Расында мен тек әділдікке ғана куәгер боламын», –
деген. Имам Ахметтің риуаятында: «Мені қиянатқа куәгер
етпе. Расында балаларыңның арасында әділдік қылуың –
олардың алдындағы міндетің», – деген.
Хадисте Пайғамбар (с.а.с.) әділетсіздікке куәлік етуден
қатты ескертеді.
ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا َعَم اًسِلاَج َناَك ًلُجَر َّنَأ ٍسَنَأ ْنَع ُّيِقَهْي�َي�لا َرَكَذ ْدَقَو
اَهَذَخَأَ� ٌةَّ�َينُيب ْتَءاَج َُّث ِهِرْجِح ِف ُهَسَلْجَأَو ُهَلَّي�َقَي� ُهَل ٌَّنُيب َءاَجَ� َمَّلَسَو
َتْلِدَع اَمَ�« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ُِّبَّنلا َلاَقَي� ِهِ�ْنَج َلِإ اَهَسَلْجَأَ�
.ِةَلْي�ُقلا ِف ِد َلْوَلا َْينَيب اوُلِدْعَيي ْنَأ َنوُّ�ِحَتْسَي ُفَلَّسلا َناَكَو ،»اَمُهَينْي�َيب
Байһақидың Әнестен (р.а.) жеткізген риуаятында бір кісі
Пайғамбардың (с.а.с.) жанында отырғанда оған кішкентай
ұлы келеді. Ол ұлын сүйіп тізесіне отырғызады. Содан
кейін кішкентай қызы келеді. Ол оны алып ұлының жанына
отырғызады. Сонда мұны көріп отырған Пайғамбар (с.а.с.):
«Сен екеуінің арасында әділдікті сақтамадың», – дейді.
Сондықтан да алдыңғы толқындағы мұсылмандар әрдайым
балаларының арасында әділдік қылуға қатты тырысқан.
Таршылықтан қорқып баланы өлтіруге, сатуға
болмайды
Адамзат тарихында не түрлі қилы-қилы, қиын-қыстау
замандар болған. Кейде сондай аумалы-төкпелі, ашаршылық
замандарда балаларын тастап кетуге, басқа жұрттарға сатуға
да мәжбүр болған. Алайда Құран Кәрім аяттары қандай
жағдайда да балаларды өлтіруге қатаң тыйым салған.
ْمُهَلْبتَبق َّنإ مُكاَّيِإَو ْمُهُبقُزْرَبن ُنْحَّن ٍقلاْمِإ َةَيْشَخ ْمُكَدلْوَأ ْاوُلُبتْقَب� َلَو﴿
﴾ًاريِبَك ًاءْطِخ َناَك
«Таршылықтан қорқып балаларыңды өлтірмеңдер!
Біз оларға да, сендерге де ризық береміз. Шындығында
оларды өлтіру ауыр күнә» (Исра, 31).
Пайғамбар (с.а.с.) ғазауатқа аттанарда әскеріне
қарап: «Алланың атымен шығыңдар! Әйелді, баланы
өлтірмеңдер!» – деп бұйыратын.
Қазақ халқының басынан өткен арғысы ақтабан
шұбырынды, алқакөл сұлама қырғыны, бергісі қызыл
империяның қолдан жасаған қырғыны кезіндегі мәжбүрлік
жағдайларды түсінуге болады, дегенмен қазіргідей кеңшілік
заманда қиындықтан қорқып құрсақта пайда болған баланы
өлтіру, жетімдерді шет елдерге асыру жетімін жетімсіретпей,
жесірін жоғалтпаған қазақ салтына да, мұсылманшылық
қағидаттарына да, жалпы адамгершілікке жат қатыгездік,
мейірімсіздік болып табылады. Мұны имансыздық десек керек.
Имандылық тәрбиесі
«Шариғат тәрбиелемегенді Алла тәрбиелемейді».
(Омар ибн Хаттаб).
﴾ءاَعُد ْلَّبَقَب�َو اَنَّببَر يِتَّيِّرُذ نِمَو ِةَلاَّصلا َميِقُم يِنْلَعْجا ِّبَر﴿
118
119
«Раббым! Мені және менің ұрпақтарымды намаз
оқитындардың қатарынан қыл! Раббымыз! Менің
дұғамды қабыл ала көр!» (Ибраһим, 40).
﴾ًاماَمِإ َنيِقَّتُمْلِل اَنْلَعْجاَو ٍنُيْعَأ َةَّرُبق اَنِ�اَّيِّرُذَو اَنِجاَوْزَأ ْنِم اَنَل ْبَه اَنَّببَر﴿
«Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтары-
мыздан көзайымдарын бер! Әрі бізді тақуалардың алды
қыл!» (Фұрқан сүресі, 74-аят).
َكُقُزْرَبن ُنْحَّن ًاقْزِر َكُلَأْسَن َل اَهْبيَلَع ْرِبَطْصاَو ِة َلاَّصلاِب َكَلْهَأ ْرُمْأَو﴿
﴾ىَوْقَّبتلِل ُةَبِقاَعْلاَو
«Жанұяңды намаз оқуға бұйыр әрі өзің де оны
сабырлылықпен орында. Біз сенен ризық сұрамаймыз,
өйткені сені Біз ризықтандырамыз. Расында жақсы
нәтиже – тақуаларға» (Таһа, 132).
اَمَو ْمُهَبتَّبيِّرُذ ْمِهِب اَنْقَحْلَأ ٍناَميِإِب مُهُبتَّبيِّرُذ ْمُهْبتَعَببَّب�اَو اوُنَمآ َنيِذَّلاَو﴿
﴾ٌنيِهَر َبَسَك اَمِب ٍئِرْما ُّلُك ٍءْيَش نِّم مِهِلَمَع ْنِّم مُهاَنْبتَلَأ
«Иман келтіргендерді олардың соңына иманмен
ерген ұрпақтарымен бірге қосамыз. Әрі олардың
амалдарынан ештеңе де кемітпейміз. Әрбір адам өзінің
істеген ісіне тәуелді болады» (Тұр, 21).
ْمِهِئاَبآ ْنِم َحَلَص نَمَو مُهَّب�دَعَو يِتَّلا ٍنْدَع ِتاَّنَج ْمُهْلِخْدَأَو اَنَّببَر﴿
﴾ُميِكَحْلا ُزيِزَعْلا َتنَأ َكَّنِإ ْمِهِ�اَّيِّرُذَو ْمِهِجاَوْزَأَو
«(Періштелер былайша жалбарынады) Раббымыз!
Оларды (иман келтіргендерді) және олардың ізгі ата-
аналарын, жұбайларын және ұрпақтарын Өзің уәде еткен
Ғадын жәннаттарына кіргіз. Расында Сен аса даңқты әрі
өте данасың» (Ғафыр, 8).
،ُةَجَرَّدلا ُهَل ُعَ�ْرُيتَل َدْ�َعلا َّنِإ« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا ِنَع َةَرْييَرُه ِبَأ ْنَع
.»َكِدْعَيب ْنِم َكَل َكِدَلَو ِراَفْغِتْسِاِب :ُلوُقَي�َي� ؟اَذَه ِل َّنَأ ِّيبَر ْيَأ ُلوُقَي�َي�
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар
(с.а.с.) былай деген: «Бір (қайтыс болған) пенденің дәрежесі
көтеріледі. Сонда ол: «Уа, Раббым! Бұл маған қайдан
келді?» – дейді. Сонда (Раббысы): «Бұл сенің артыңдағы
балаңның саған истиғфар (кешірім) тілеуінен», – дейді».
َتاَم اَذِإ« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َّنَأ َةَرْييَرُه ِبَأ ْنَع
ْوَأ ِهِب ُعَفَيتْنُيي ٌمْلِع ْوَأ ٌةَيِراَج ٌةَقَدَص : ٍث َلَيث ْنِم َّلِإ ُهُلَمَع َعَطَقْينا ُناَسْنِلا
.»ُهَل وُعْدَي ٌحِلاَص ٌدَلَو
Әбу Һурайрадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Алланың
елшісі (с.а.с.): «Адам өлгенде оның үш нәрсесінен –
тоқтаусыз садақасы (мысалы, құдық, көпір, медресе) немесе
пайда келтіретін білімі (таратқан білімі) немесе артынан
дұға қылатын игі жақсы баласынан басқа барлық амалы
тоқтайды», – деген.
120
121
ُلوُسَر َلاَق َلاَق ِهِّيدَج ْنَع ِه�ِبَأ ْنَع َةَرْي�ِس ِنْب ِع�ِبَّرلا ِنْب ِكِلَمْلا ِدْ�َع ْنَع
َينِنِس ِعْ�َس َنْب َة َلَّصلا َِّبَّصلا اوُمِّيلَع« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها
.ُّيِذِمْرِّييتلا ُهاَوَر .»َرَشَع َنْب اَهْي�َلَع ُهوُبِرْضاَو
Абдулмәлік ибн ар-Рабиғ ибн Сибра өзінің әкесінен,
әкесі атасынан былай деді: «Алланың елшісі, оған Алланың
салауаты мен сәлемі болсын, былай деді: «Сәбиге жеті
жастан намаз үйретіңдер, ал ол он жасқа жеткенде ұрып
үйретіңдер». (Термези риуаяты).
: ٍلاَصِخ ِثلَث ىَلَع ْمُكَدلْوَأ ْاوُبِّيدَأ« :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِّيِبَّنلا َلاَق
ِّيلِظ ِف ِنآْرُقلا َةَلََح َّنِإَ� ،ِنآْرُقلا ِةَولِ�َو ،ِهِتْ�َيب ِلآ ِّيبُح َو ،ْمُكِّي�ِ�َن ِّيبُح
.ُّ ِناَرَي�َّطلا ُهاَوَر.»ُهُّلِظ لِإ َّلِظ ل َمْوَيي ِللها ِشْرَع
Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Балаларыңды үш
түрлі қасиетке баулыңдар: Пайғамбарларыңды сүюге,
оның әулетін сүюге және Құран оқуға. Шындығында
Құранды көтергендер (жаттағандар) ешқандай көлеңке
болмайтын күні (Қиямет күні) Алланың Аршысының
көлеңкесінде болады». (Табарани риуаяты).
Пайғамбардың (с.а.с.) сахабасы Сағыд ибн Әбу Уаққас
(р.а.): «Біз балаларымызға құдды Құран Кәрімнің бір сүресін
үйреткеніміздей Алланың елшісінің (с.а.с.) ғазауаттары
туралы да үйрететінбіз», – деген.
Ислам шейхы Имам әл-Ғазали Ихия Улумуд-Дин атты
кітабында балаларға Құран Кәрім мен хадистерді, ізгі
пенделердің әңгімелерін, діни хикаяларды үйретуді өсиет
еткен.
Ғұлама Ибн Халдун атақты Муқаддима атты еңбегінде
балаларға Құран Кәрімді үйретіп, жаттатудың маңыздылығына
тоқтала келе Құранды үйрету сол замандағы күллі мұсылман
әлеміндегі білім берудің өзегі екендігін, себебі бұл Кітаптың
иманды нығайтатын, сенімді күшейтетін діннің ең басты
белгілерінің бірі екендігін айтып өткен.
Сондай-ақ, Ислам негіздері баланы иманды болуымен
бірге Отанын қорғай алатын азамат етіп баулуға бұйырады.
َةَحاَ�ِّيسلا ُمُكَدلْوَأ ْاوُمِّيلَع :ْمَُل ُلوُقَيي ِماَّشلا ِلْهَِل ِباَّطَلا ُنْب ُرَمُع َبَتَك
.َةَّ�ِسوُرُفلاَو َيمَّرلاَو
Омар ибн Хаттаб (р.а.) Шам еліне жазған хатында:
«Балаларыңа жүзуді, садақ атуды және ат өнерін үйретіңдер»,
– деген».
Кімде-кім баласын тәрбиелеуге, оған пайдалы нәрселер
үйретуге салғырт қараса орны толмас қателік жасаған болып
есептеледі. Балалардың әдепсіз, бұзық болып шығуына
көбіне ата-аналардың өздері кінәлі. Өйткені олар балаларына
дұрыс тәрбие беруге, діннің алғы шарттары мен Пайғамбар
(с.а.с.) сүннетін үйретуге немқұрайды қарайды. Көбі мұны
өздері де білмейді. Баланы жасынан ізгілікке, адамгершілікке
тәрбиелемеген соң есейген кезде олар ешкімге де опа
бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |