Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының



Pdf көрінісі
бет5/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,8 Mb.
#53
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

сұралғанда»  деп  айтылған  надандық  дәуіріндегі  баланы 
көму. (Мүслім риуаят еткен хадис).
Сондай-ақ, риуаяттарда сахабалардың бұл тәсілді көбіне 
әйелдері екі қабат болған кезінде қолданғаны айтылады. Ал 
тұрмыстың таршылығынан, ризық табудан, әйелдің мүсінің 
бұзылуынан қорқып балалы болудан бас тарту дұрыс емес. 
Бұл әдет Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетіне анық қарсы шығу 
болып табылады.
Аборттың үкімі
Адам  өмірінің  қауіпсіздігі  –  шариғаттың  басты 
негіздерінің бірі. Ислам шарты бойынша адамның өмір сүру 
құқығы Алла тарапынан ана құрсағынан бастап беріледі. Ол 
құқығынан ешкім, тіпті ата-анасының да айыруға қақылары 
жоқ.  Өйткені  іштегі  бала  өмір  сүру  құқығын  әке-шешеден 
емес,  тікелей  Алла  Тағаладан  алады.  Ата-ананың  бала 
көтерудің алдын алуларына рұқсат. Бірақ көтеріп қойғаннан 
кейін  іштегі  баланың  дүниеге  келуіне  кедергі  болу  жазаға 
лайықты. 
Құранда  баланы  алдырып  тастау  жайында  ашық  үкім 
берілмегенімен,  кейбір  аят  және  хадистер  іштегі  баланың 
дүниеге  келуіне  себепсіз  кедергі  жасаудың  харам  екендігін 
білдіреді. Құранда балаларды кедейліктен қорқып өлтірмеу 
бұйырылған. 
﴾ْمُهاَّيِإَو ْمُكُقُزْرَبن ُنْحَّن  ٍقَلاْمإ ْنِّم مُكَدَلْوَأ ْاوُلُبتْقَب� َلَو﴿
«Әрі 
таршылықтан 
қорқып 
балаларыңды 
өлтірмеңдер!  Біз  сендерге  де,  оларға  да  ризық  береміз» 
(Әнғам, 151).
Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  да  іштегі  баланы  алдыртуды 
үлкен  күнә  деп  санаған.  Сондықтан  да  денсаулығының 
нашарлығы немесе өміріне қауіп төну сияқты мәжбүрліктен 
тыс  іштегі  баланы  түсіру  немесе  алдырып  тастау  шариғат 
заңы бойынша күнәлі іс болып табылады.
Ана  құрсағындағы  баланың  ағзалары  әлі  білінбей,  тек 
ұйыған  қан  түрінде  ғана  болса,    өте  қажет  жағдайда  ғана 
алдыруға рұқсат. 
Ал ағзалары білініп қалған нәрестені түсіру мақсатында 
қолдануға рұқсат жоқ.  Ал, құрсақтағы ұрықтың ұйыған қан 
түрін дәрі арқылы немесе басқа да тәсілмен түсіру жайында 
Ислам  ғалымдарының  көзқарастары  әр  түрлі.  Қанның  1,5-
2  айлық  уақытындағы  ұйыған  қан  кезінде  түсіру  ханафи 
мен  кейбір  шафиғи  мазһабындағы  ғалымдардың  пікірі 
бойынша  рұқсат.  Алайда  ханафи  мазһабының  өз  ішінде 
қалыптасқан  көзқарас  бойынша  1,5-2  айлық  уақытындағы 
ұйыған қан кезінде де себепсіз алуға рұқсат жоқ. Бұрынғы 
ғалымдарымыз осылайша белгілі уақыт қойғанда хадистерге 
сүйенген. Өйткені кейбір хадистерде 120 күннен кейін балаға 
жан беріледі десе, басқа бір хадисте 40 күннен кейін беріледі 
делінген.  Алайда  іштегі  балаға  қанша  уақыттан  кейін  жан 
берілетінін білу үшін медицина ғылымына сүйену дұрысырақ 
болса  керек.  Жоғарыдағы  үкімнің  негізі  іштегі  жан  біткен 
баланың өмірін сақтап қалу. Ал, енді, жан қай уақытта беріле 

62
63
бастаса, сол кезден бастап оны алдыру харам. Дұрысын Алла 
біледі. 
Бала асырап алу мәселесі
Ислам  дінінде  әрбір  нәрсенің  ақиқаты  дәл  әрі  айқын 
түрде  түсіндіріліп  берілген.  Сондай  жұрт  арасында  даулы 
болып есептелетін әдеттің бірі – бала асырап алу. 
Кейбір  адамдар  не  баласы  болмағандықтан,  не  ұлы 
болмағандықтан  туысқанының  не  жақынының  баласын 
немесе  жетімдер  үйінен  бала  асырап  алады.  Яки  болмаса, 
қараусыз  қалған  баланы  асырап  алып,  өзінің  атына 
жаздырады.  Сондай-ақ,  қазақ  қоғамында  тұңғыш  немерені 
ата-әжесіне теліп, солардың сүт кенжесі деп айту дәстүрі де 
бар.  Жалпы  бала  асырап  алу  үрдісі  адамдар  арасында  жиі 
кездесетін құбылыс.
Мұсылман  шариғаты  бойынша  асыранды  бала  асырап 
алған адамдарға ешқандай туысқандық қатынасы болмайды. 
Сондықтан да ол туысқандық жағдайда болатын мұрагерлік 
сияқты  хұқықтарға  ие  бола  алмайды.  Өйткені  асыранды 
баланы  асырап  алған  ата-аналарына  телу,  солардың  бел 
баласы  деп  айту  –  адамдардың  ауыздарынан  ғана  шыққан 
үкім.  Шын  мәнінде  Жаратушының  үкімі  –  ақиқат.  Алла 
Тағала былай дейді:
 يِئ َّلالا ُمُكَجاَوْزَأ َلَعَج اَمَو ِهِفْوَج يِف ِنْيَببْلَبق نِّم ٍلُجَرِل ُهَّللا َلَعَج اَّم﴿ 
 مُكُلْوَبق ْمُكِلَذ ْمُكءاَنْببَأ ْمُكءاَيِعْدَأ َلَعَج اَمَو ْمُكِ�اَهَّمُأ َّنُهْبنِم َنوُرِهاَظُ�
 ْمِهِئاَب ِل ْمُهوُعْدا* َليِبَّسلا يِدْهَبيَوُهَو َّقَحْلا ُلوُقَبي ُهَّللاَو ْمُكِهاَوْبفَأِب
 ِنيِّدلا يِف ْمُكُناَوْخِإَف ْمُهءاَبآ اوُمَلْعَب� ْمَّل نِإَف ِهَّللا َدنِع ُطَسْقَأ َوُه
  ْتَدَّمَعَب� اَّم نِكَلَو ِهِب مُ�ْأَطْخَأ اَميِف ٌحاَنُج ْمُكْيَلَع َسْيَلَو ْمُكيِلاَوَمَو
﴾ًاميِحَّر ًاروُفَغ ُهَّللا َناَكَو ْمُكُبوُلُبق
«Алла бір адамның ішінде екі жүрек жасаған емес. 
Ол  сендердің  өздеріңе  тыйым  қылған  жұбайларыңды 
сендердің  аналарың  қылған  емес  әрі  сендердің  асырап 
алған  ұлдарыңды  сендердің  ұлдарың  қылған  емес.  Ол 
–  бар  болғаны  сендердің  ауыздарыңмен  айтылатын 
сөз  ғана.  Оларды  (яғни,  асыранды  балаларды)  әкелерінің 
аттарымен қосып атаңдар, Алланың алдындағы ең әділі 
сол. Ал егер олардың әкелерін білмесеңдер, олар – діндегі 
бауырларың  әрі  достарың.  Егер  қателікке    ұрынсаңдар 
сендерге  кінә  жоқ,  алайда  жүректеріңмен  істесеңдер 
басқа. Алла өте жарылқаушы әрі өте мейірімді» (Ахзаб, 4, 
5). Демек, бұл аят бойынша асырап алған немесе қамқорлыққа 
алған  балаларды  өзіне  телу  мақсатында  «ұлым»,  «қызым» 
деп айтуға болмайды. Оларды өз ата-аналарының аттарымен 
«пәленнің  ұлы,  қызы»  деп  атау  керек.  Ал  ата-аналарының 
аттары  белгісіз  болған  жағдайда  оларға  «бауырым»,  «дін 
қарындасым» деу ләзім. 
«Өзіңнен  тумай  ұл  болмас,  сатып  алмай  құл  болмас» 
дейді қазақ даналығы. Әбден бауыр басып қалған, былайғы 
жұрт осының баласы деп атайтын туған перзентіндей болып 
кеткен баланы басқаша айту кез келген мейірбан жүрекке аса 
ауыр  тиетін  іс.  Алайда  мұндай  ауыр  тәжірибе  адамзаттың 
ардақтысы  Мұхаммед  пайғамбардың  (с.а.с.)  да  басында 
болған. Пайғамбарымыздың  (с.а.с.) Зейд атты асыранды ұлы 

64
65
бар еді. Аталған аяттың түсуіне сол Зейдтің хикаясы себеп 
болған-ды. 
Зейдтің асылы Йемен жақтан болатын. Ол тайпааралық 
соғыста  тұтқынға  түсіп,  Меккеде  сатылады.  Оны 
Пайғамбардың  (с.а.с.)  алғашқы  жұбайы  Хадишаның  (р.а.) 
ағасы  Хузама  ибн  Хуайлид  сатып  алады.  Сосын  ол  Зейдті 
қарындасы  Хадишаға  сыйға  тартады.  Ал  Хадиша  анамыз 
(р.а.)  болашақ  пайғамбарға  (с.а.с)  тұрмысқа  шыққан  соң 
малайы  Зейдті  күйеуіне  тарту  етеді.  Сөйтіп,  Зейдтің  ендігі 
қожайыны – болашақ пайғамбар Мұхаммед (с.а.с.) болады. 
Арада біраз уақыт өткенде Йеменнен Зейдтің туыстары 
–  әкесі  мен  көкесі  іздеп  келеді.  Олардың  мақсаты  –  Зейдті 
құлдықтан  босатып  алып  қайту  еді.  Сонда  болашақ 
пайғамбар  (с.а.с.)  Зейдтің  әкесіне:  «Бұл  мәселені  Зейдтің 
өзі  шешсін.  Егер  сендерге  қайтқысы  келсе  ешқандай  құн 
төлемей-ақ ала беріңдер», – дейді. Алайда қожайынынан тек 
ыстық  ықылас  пен  мейірімді  тәрбие  көрген  Зейд  болашақ 
пайғамбармен  (с.а.с.)  бірге  қалуды  таңдайды.  Сөйтіп, 
әкесіне, өз еліне оралудан бас тартады. Осыдан соң болашақ 
пайғамбар (с.а.с.) руластарын жиып алып: «Уа, құрайыштар! 
Куә болыңдар! Бұдан былай Зейд менің балам, мұрагерім!» – 
деп жариялайды. Мұндай үкімге қанағаттанған Зейдтің әкесі 
Хариса мен көкесі елдеріне разы болып қайтады.
Мұның оқиғаның бәрі уахи түспей тұрған уақытта болған-
ды. Ал аталған асыранды ұл туралы айқын аяттар түскеннен 
кейінгі  жерде  Зейд  бұрынғыдай  Зейд  ибн  Мұхаммед,  яғни 
Мұхаммедтің  ұлы  Зейд  деп  аталынбай,  Зейд  ибн  Хариса 
делініп  өзінің  төл  әкесінің  есімімен  қатар  аталатын  болды. 
Ал  басқа  асыранды  немесе  қамқорлықтағы  балаларды 
өзінің туған ата-анасының есімдерімен байланыстырып атау 
бұйырылды.
Арада  біраз  уақыт  өткенде  Зейдтің  мәселесі  тағы 
бір  аяттың  түсуіне  себеп  болды.  Асыранды  баланың  бел 
баладай болмайтындығын айқындай түсу үшін Алла Тағала 
Пайғамбарға  (с.а.с.)  Зейдтің  талақ  қылған  әйелі  Зейнепке 
үйленуге бұйырды. 
  َكْيَلَع  ْكِسْمَأ ِهْيَلَع َتْمَعْبنَأَو ِهْيَلَع ُهَّللا َمَعْبنَأ يِذَّلِل ُلوُقَب� ْذِإَو﴿ 
 َساَّنلا ىَشْخَ�َو ِهيِدْبُم ُهَّللا اَم َكِسْفَبن يِف يِفْخُ�َو َهَّللا ِقَّ�اَو َكَجْوَز
  َل ْيَكِل اَهَكاَنْجَّوَز ًارَطَو اَهْبنِّم ٌدْيَز ىَضَق اَّمَلَبف ُهاَشْخَ� نَأ ُّقَحَأ ُهَّللاَو
 ًارَطَو َّنُهْبنِم اْوَضَق اَذِإ ْمِهِئاَيِعْدَأ ِجاَوْزَأ يِف ٌجَرَح َنيِنِمْؤُمْلا ىَلَع َنوُكَي
 ﴾ًلوُعْفَم ِهَّللا ُرْمَأ َناَكَو
«(Уа, Мұхаммед!) Сол кезде сен Алла нығметке бөлеген 
әрі  өзің  де  мейірімді  болған  жанға  (Зейдке):  «Әйеліңнен 
айрылма,  Алладан  қорық!»  –  деп  едің.  Сонда  ішіңде 
Алланың  айқындаған  нәрсесін  жасырып,  адамдардан 
қорықтың. Алайда қорқуыңа Алла лайық. Қашан Зейд 
одан (яғни, Зейнептен) қалағанын алған соң (яғни, үйленіп, 
ажырасқан  соң)  иман  келтіргендер  өздері  асырап  алған 
балаларының  қалағанын  алған  жұбайларына  қатысты 
ешқандай  қиналыс  сезбеулері  үшін  сені  оған  (Зейнепке) 
үйлендірдік.  Алланың  әмірі  әрдайым  орындалады!» 
(Ахзаб, 37). 
Құрсақтағы кезең 

66
67
 يِف ًةَفْطُن ُهاَنْلَعَج َّمُث * ٍنيِط نِّم ٍةَل َلاُس نِم َناَسنِْلإا اَنْقَلَخ ْدَقَلَو﴿
 اَنْقَلَخَف ًةَغْضُم َةَقَلَعْلا اَنْقَلَخَف ًةَقَلَع َةَفْطُّنلا اَنْقَلَخ َّمُث * ٍنيِكَّم ٍراَرَبق
  َكَراَبَتَبف َرَخآ ًاقْلَخ ُهاَنْأَشنَأ َّمُث ًامْحَل َماَظِعْلا اَنْوَسَكَف ًاماَظِع َةَغْضُمْلا
 َمْوَبي ْمُكَّنِإ َّمُث * َنوُتِّيَمَل َكِلَذ َدْعَبب ْمُكَّنِإ َّمُث * َنيِقِلاَخْلا ُنَسْحَأ ُهَّللا
 ﴾َنوُثَعْببُب� ِةَماَيِقْلا
«Шындығында  Біз  адамды    саз  балшықтан 
жараттық. Сосын оны мығым бір орында тамшы күйінде 
сақтадық.  Сосын  ол  тамшыны  ұйыған  қан  қылдық, 
ұйыған қанды бір түйір ет қылдық, бір түйір етті сүйек 
қылып,  сүйекті  етпен  қаптадық.  Сосын  оны  басқаша 
жаратылыс  қылдық.  Жаратушылардың  шебері  Алла 
ұлық. Содан кейін сендер сөзсіз өлесіңдер. Сосын Қиямет 
күні сендер сөзсіз қайта тірілесіңдер» (Мүминун, 12-16).
  َكاَّوَسَف َكَقَلَخ يِذَّلا
 
* ِميِرَكْلا  َكِّبَرِب َكَّرَغ اَم ُناَسنِْلإا اَهُّبيَأ اَي﴿
 ﴾ َكَبَّكَر َءاَش اَّم ٍةَروُص ِّيَأ يِف*  َكَلَدَعَبف
«Уа, адам! Ардақты Раббыңнан сені не адастырды? 
Сені  жаратып,  түзеткен?  Қалаған  бейнеде  құраған?» 
(Инфитар, 6-8).
 يِذَّلا َوُه*  ءاَمَّسلا يِف َلَو ِضْرَلا يِف ٌءْيَش ِهْيَلَع َىَفْخَي َل َهّللا َّنِإ﴿
 ﴾ُميِكَحْلا ُزيِزَعْلا َوُه َّلِإ َهبَلِإ َل ُءاَشَي َفْيَك ِماَحْرَلا يِف ْمُكُرِّوَصُي
«Шынында Аллаға жер мен көкте ешбір зат жасырын 
қалмайды.  Ол  сендерді  жатырларда  өз  қалауынша 
бейнелейді. Одан өзге құдай жоқ, әлбетте, Ол өте даңқты 
әрі аса дана» (Әли Имран, 5, 6).
  ٍباَرُب� نِّم مُكاَنْقَلَخ اَّنِإَف  ِثْعَببْلا َنِّم  ٍبْيَر يِف ْمُتنُك نِإ ُساَّنلا اَهُّبيَأ اَي﴿
 َنِّيَببُنِّل ٍةَقَّلَخُم ِرْيَغَو ٍةَقَّلَخُّم ٍةَغْضُّم نِم َّمُث ٍةَقَلَع ْنِم َّمُث ٍةَفْطُّن نِم َّمُث
 ًلاْفِط ْمُكُجِرْخُن َّمُث ىًّمَسُّم ٍلَجَأ ىَلِإ ءاَشَن اَم ِماَحْرَْلا يِف ُّرِقُنَو ْمُكَل
 ِرُمُعْلا  ِلَذْرَأ ىَلِإ ُّدَرُبي نَّم مُكنِمَو ىَّفَوَبتُبي نَّم مُكنِمَو ْمُكَّدُشَأ اوُغُلْببَتِل َّمُث
 اَهْبيَلَع اَنْلَزنَأ اَذِإَف ًةَدِماَه َضْرَْلا ىَرَب�َو ًائْيَش ٍمْلِع ِدْعَبب نِم َمَلْعَبي  َلاْبيَكِل
﴾ٍجيِهَب ٍجْوَز ِّلُك نِم ْتَتَبنَأَو ْتَبَرَو ْتَّزَبتْها ءاَمْلا
«Уа,  адамдар!  Егер  қайта  тірілу  туралы  күмәнді 
болсаңдар,  Біз  сендерді  топырақтан,  сосын  тамшыдан, 
сосын  ұйыған  қаннан,  сосын  бейнеленген  әрі 
бейнеленбеген  түйір  еттен  жараттық.  Біз  сендерге 
осылайша баяндаймыз» (Хаж, 5).
Нәрестенің ата-анасына ұқсауының, ұл не қыз 
болуының сыры
Алла  Тағала  адам  баласын  анасының  құрсағында  Өз 
қалауынша бейнелейді. 

68
69
﴾ُءاَشَي َفْيَك ِماَحْرَلا يِف ْمُكُرِّوَصُي يِذَّلا َوُه﴿
«Ол  сендерді  құрсақтарда  өз  қалауынша  бейнелейді» 
(Әли Имран, 6).
 ُكَلَلما ُلُخْدَي« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص َِّبَّنلا َّنَأ ٍدْ�َسُأ ِنْب َةَفْييَذُح ْنَع
 ٍةَلْي�َل َينِعَبْرَأَو ِسَْخ ْوَأ َينِعَبْرَأِب ِمِحَّرلا  ِف ُّرِقَتْسَ� اَم َدْعَيب ِةَفْطُّنلا ىَلَع
 ْمَأ ٌرَكَذَأ ِّيبَر ْيِإ :ُلوُقَي�َي� ،ِناَ�ُتْكَ�َي� ،ٌد�ِعَس ْوَأ ٌّيِقَشَأ ،ِّيبَر اَي :ُلوُقَي�َي�
  َلَي� ُفُحُّصلا ىَّوَطُ� َُّث ُهَقْزِرَو ُهَلَجَأَو ُهَرَيثَأَو ُهَلَمَع ُبُتْكَيَو ِناَ�ُتْكَ�َي� ،ىَثْينُأ
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر .»ُصُقْينَيي  َلَو اَه�ِ� ُداَدْزَيي
Хузайфа  ибн  Усәйдтен  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 
(с.а.с.) былай деген: «Ұйыған қан құрсақта орныққан соң 
қырық  немесе  қырық  бес  түн  өткеннен  кейін  періште 
келеді  де:  «Уа,  Раббым!  Бейбақ  па  әлде  бақытты  ма?» 
–  дейді.  (Жауап  берілген  соң)  екі  періште  оны  жазады. 
Сосын: «Уа, Раббым! Ер ме әлде әйел ме?» – деп сұрайды. 
(Жауап  берілген  соң)  екі  періште  оның  амалын,  іс-
әрекетін,  ажалын,  ризығын  жазады.  Сосын  парақтар 
(тағдыр кітабы) бүктеледі де оған еш нәрсе қосылмайды 
да, кемітілмейді де». (Мүслім риуаяты).
 :َمَّلَسَو ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق ِّييِراَفِغلا ٍدْ�َسُأ ِنْب َةَفْييَذُح ْنَع
 َقَلَخَو اَهَرَّوَصَ� اًكَلَم اَهْي�َلِإ ُللها َثَعَيب ًةَلْي�َل َنوُعَيبْرَأَو ِناَتَنْيث ِةَفْطُّنلاِب َّرَم اَذِإ«
 ،ىَثْينُأ ْمَأ ٌرَكَذَأ ،ِّيبَر اَي :َلاَق َُّث اَهَماَظِعَو اَهَمَْلَو اَهَدْلِجَو اَهَرَصَبَو اَهَعَْس
 يِضْقَي�َي� ،ُهُلَجَأ ،ِّيبَر اَي :ُلوُقَيي َُّث ُكَلَلما ُبُتْكَيَو َءاَش اَم َكُّبَر يِضْقَي�َي�
 َءاَش اَم َكُّبَر يِضْقَي�َي� ،ُهُقْزِر ِّيبَر اَي :ُلوُقَيي َُّث ُكَلَلما ُبُتْكَ�َي� َءاَش اَم َكُّبَر
  َلَو َرِمُأ اَم ىَلَع ُديِزَي  َلَي� ِهِدَي  ِف ِةَف�ِحَّصلاِب ُكَلَلما ُجُرَْي َُّث ُكَلَلما ُبُتْكَيَو
.ٌمِلْسُم ُهاَوَر .»ُصُقْينَيي
Хузайфа  ибн  Усәйдтен  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 
(с.а.с.)  былай  деген:  «Ұйыған  қанға  (құрсақта)  қырық  екі 
түн  өткенде  Алла  оған  бір  періштені  жібереді  де,  оны 
бейнелейді,  құлағын,  жанарын,  терісін,  етін,  сүйегін 
жасайды. Сосын періште: «Уа, Раббым! Ер мен әйел ме?» – 
дейді. Раббың қалағанын қылады да оны періште жазады. 
Сосын:  «Уа,  Раббым!  Мерзімі  (өмірі)?»  –  дейді.  Раббың 
қалағанын қылады да оны періште жазады. Сосын: «Уа, 
Раббым!Ризығы?» – дейді. Раббың қалағанын қылады да, 
оны  періште  жазады.  Сосын  қолында  парақ    (тағдыр 
кітабы)  бар  періште  шығады  да,  онда  бұйырылғанға 
ештеңе қоспайды да, кемітпейді де». (Мүслім риуаяты).
 ِهْ�َلَع ُللها ىَّلَص ِللها  ِلوُسَرِل ْتَلاَق َةَأْرَلما َّنَأ َةَشِئاَع ْنَع ٍمِلْسُم ِح�ِحَص  ِفَو
 ، »َمَعَين« :َلاَقَي� ، َءاَلما ِتَرَصْبَأَ� ْتَلَِح اَذِإ ُةَأْرَلما ُلِسَتْغَي� ْلَه َمَّلَسَو
 ُنوُكَي ْلَهَو ،اَه�ِعَد«: ِللها ُلوُسَر َلاَقَي� ،ِكاَدَي ْتَبِرَ� ُةَشِئاَع اََل ْتَلاَقَي�
 ُهَلاَوْخَأ ُدَلَولا َهَ�ْشَأ ِلُجَّرلا َءاَم اَهُؤاَم  َلَع اَذِإ :َكِلَذ ِلَ�ِق ْنِم  َّلِإ ُهَ�َّشلا

70
71
.»ُهَماَمْعَأ َهَ�ْشَأ اَهَءاَم ِلُجَّرلا ُءاَم  َلَع اَذِإَو
Мүслімнің Сахихында Айшадан жеткізілген хадисте бір 
әйел  Алланың  елшісіне  (с.а.с.):  «Бір  әйел  ұйықтағанда  түс 
көріп,  (киімінде)  ылғалдық  көрсе  ғұсыл  алуы  керек  пе?»  – 
деп сұрайды. Пайғамбар (с.а.с.): «Иә», – дейді. Айша анамыз 
(р.а.)  әлгі  әйелге:  «Қолың  топырақ  болғыр»,  –  деп  кейістік 
білдіреді.  Сонда  Алланың  елшісі  (с.а.с.):  «Оны  қоя  бер. 
Егер ол (яғни, әйелдің ұрығы) болмаса, (балада) ұқсастық 
бола  ма?  Егер  оның  (әйелдің)  суы  (ұрығы)  ерінің  суынан 
(ұрығынан) басым түссе, бала нағашыларына тартады, ал 
ерінің суы (ұрығы) оның суынан (ұрығынан) басым түссе, 
көкелеріне тартады», – деген. 
 ُللها ىَّلَص ِللها  ِلوُسَر َدْنِع اًمِئاَق ُتْنُك :َلاَق َناَبْوَيث ْنَع ٍمِلْسُم ِح�ِحَص  ِفَو
 ،دَّمَُم اَي َكْ�َلَع ُملَّسلا :َلاَقَي� ِدوُهَي�لا ِراَ�ْحَأ ْنِم ٌرْي�ِح َءاَجَ� َمَّلَسَو ِهْ�َلَع
 اَي ُلوُقَي�  َلَأ :ُتْلُقَي� ؟ ِنُعَي�ْدَ� َِل :َلاَقَي� اَهْينِم َعَرْصَي َداَك ًةَعْي�َد ُهُتْعَي�َدَ�
  َلاَقَي� ،ُهُلْهَأ ِهِب ُهاََّس يِذَّلا ِهِْساِب ُهوُعْدَن اََّنِإ :ُّيِدوُهَي�لا َلاَقَي� ،ِللها َلوُسَر
 ُتْئ ِج :ُّيِدوُهَي�لا َلاَقَي� ،»يِلْهَأ ِهِب  ِناََّس يِذَّلا ٌدَّمَُم يِْسِا« :ِللها ُلوُسَر
 ُعَْسَأ« :َلاَقَي� ،»َكُتْيثَّدَح ْنِإ ٌءْيَش َكُعَفْينَييَأ« :ِللها ُلوُسَر َلاَقَي� ،َكَلَأْسَأ
 :ُّيِدوُهَي�لا َلاَقَي� ،»ْلَس« :َلاَقَي� ُهَعَم ٍدوُعِب ِللها ُلوُسَر َتَكَنَي� ،»ََّنْذُأِب
  َلاَقَي� ؟ ِتاَواَمَّسلاَو ِضْرَلا َرْي�َغ ُضْرَلا ُلَّدَ�ُي� َينِح ُساَّنلا ُنوُكَي َنْيَأ
 ًةَزاَجِإ ِساَّنلا ُلَّوَأ ْنَمَ� :َلاَقَي� ،»ِرْسِْلجا َنوُد ِةَمْلُّظلا  ِف ْمُه« :ِللها ُلوُسَر
 ْمُهُيتَفُْت اَمَ� :ُّيِدوُهَي�لا َلاَق ،»َنيِرِجاَهُمْلا ُءاَرَقُي�« :َلاَق ؟ِةَماَ�ِقلا َمْوَيي
 ىَلَع ْمُهُؤاَذِغ اَمَ� :َلاَق ،»ِنوُّنلا ِدْ�َك ُةَداَيِز« :َلاَق ؟َةَّنَْلجا َنوُلُخْدَي َينِح
 : َلاَق ،»اَهِ�اَرْطَأ ْنِم ُلُكْأَي َناَك يِذَّلا ِةَّنَْلجا ُرْوَيث ْمَُل ُرَحْنُيي« :َلاَق ؟اَهِرْثِإ
 ،َتْقَدَص :َلاَق ،» ًل�ِ�َسْلَس ىَّمَسُ� اَه�ِ� اًنْي�َع« :َلاَق ؟ِهْ�َلَع ْمُهُيباَرَش اَمَ�
  َّلِإ  ِضْرَلا ِلْهَأ ْنِم ٌدَحَأ ُهُمَلْعَيي  َل ٍءْيَش ْنَع َكَلَأْسَأ ْنَأ ُتْدَرَأ :َلاَق
 ُعَْسَأ« :َلَاق ،»؟َكُتْيثَّدَح ْنِإ َكُعَفْينَيي« :َلاَق ،ِن َلُجَر ْوَأ ٌلُجَر ْوَأ ٌِّبَن
 ُءاَمَو ُضَ�ْيبَأ ِلُجَّرلا ُءاَم« :َلاَق ،ِدَلَوْلا ِنَع َكَلَأْسَأ ُتْئِج :َلاَق »ََّنْذُأِب
 اَذِإَو ِللها ِنْذِإِب َرَكْذَأ ِةَأْرَمْلا َِّنَم ِلُجَّرلا ُِّنَم  َلَعَي� اَعَمَتْجا اَذِإَ� ُرَفْصَأ ِةَأْرَمْلا
 ْدَقَل :ُّيِدوُهَي�لا َلاَقَي� ،» َلاَعَي� ِللها ِنْذِإِب اَثَينآ ِلُجَّرلا َِّنَم ِةَأْرَمْلا ُِّنَم  َلَع
  ِنَلَأَس ْدَقَل« :ِللها ُلوُسَر َلاَقَي� َبَهَذَ� َفَرَصْنا َُّث ٌِّبَنَل َكَّنِإَو َتْقَدَص
 .»ِهِب َّلَجَو َّزَع ُللها َ ِناَ�َأ  َّتَح ُهْنِم ٍءْيَشِب ٌمْلِع  ِلاَمَو ُهْنَع  ِنَلَأَس يِذَّلا ِنَع
Мүслімнің Сахих кітабында Сәубаннан жеткен мынадай 
риуаят  бар.  Сәубан  былай  дейді:  «Мен  Алланың  елшісінің 
жанында  тұр  едім,  яһуди  ғұламаларының  бірі  келіп: 
«Ассаламу алейкум, уа, Мұхаммед!» – деді. Мен (ашуланып) 
оны  қатты  итеріп  жіберіп  едім,  құлап  қала  жаздады.  Ол: 
«Мені  неге  итересің?»  –  деді.  Мен:  «Неге  «Уа,  Алланың 

72
73
елшісі»  деп  айтпайсың?»  –  дедім.  Яһуди:  «Біз  оны  өзінің 
туыстары  атаған  атымен  ғана  атаймыз»,  –  деді.  Алланың 
елшісі  (с.а.с.):  «Туыстарым  қойған  есімім  –  Мұхаммед»
–  деді.  Яһуди:  «Мен  саған  сұрақ  қойғалы  келдім»,  –  деді. 
Алланың елшісі (с.а.с.): «Айтқан нәрсем саған пайда бере 
ме екен?» – деді. Сосын: «Құлағым сенде», – деді. Алланың 
елшісі  (с.а.с.)  қолындағы  таяғымен  жерді  шұқылап  тұрды. 
Сосын:  «Ал,  сұра»  –  деді.  Яһуди:  «Жер  мен  аспан  астан-
кестең болған кезде (Қиямет күні) адамдар қайда болады?» 
– деп сұрады. Алланың елшісі (с.а.с.): «Олар қараңғылықта 
көпірдің  алдында  тұрады»,  –  деді.  Яһуди:  «Қиямет  күні 
ең бірінші өтетін адамдар кімдер?» – деп сұрады. Алланың 
елшісі (с.а.с.): «Олар – мүһәжірлердің ең кедейлері», – деді. 
Яһуди: «Жәннатқа кіргендегі олардың сыйы қандай?» – деп 
сұрады. Алланың елшісі (с.а.с.): «Үлкен балықтың бауыры»
–  деді.  Яһуди:  «Одан  кейінгі  жейтін  тамақтары  қандай?»  – 
деп сұрады. Алланың елшісі (с.а.с.): «Оларға жәннаттың 
өгізі  сойылады,  олар  оның  әр  жерінен  жейтін  болады»
– деді. Яһуди: «Олардың ішетін сусындары қандай?» – деп 
сұрады. Алланың елшісі (с.а.с.): «Сәлсәбил деп аталатын 
бұлақтан ішеді», – деп жауап берді. Сонда яһуди: «Дұрыс 
айттың», – деді. Сосын: «Мен сенен жер бетінде пайғамбар 
мен бір немесе екі адам ғана білетін нәрсені сұрағым келіп 
тұр», – деді. Алланың елшісі (с.а.с.): «Айтқан нәрсем саған 
пайда бере ме екен?» – деді. Сосын: «Құлағым сенде», – деді. 
Яһуди:  «Мен  сенен  бала  туралы  сұрайын  деп  келіп  едім», 
–  деді.  Алланың  елшісі  (с.а.с.):  «Ердің  суы  (ұрығы)  ақ,  ал 
әйелдің суы (ұрығы) сары. Сол екеуі қосылып, ердің ұрығы 
әйелдің ұрығынан басым түссе, Алланың рұқсатымен бала 
ұл болады. Ал егер әйелдің ұрығы ердікінен басым түссе, 
Алла Тағаланың рұқсатымен қыз болады», – деді. Яһуди: 
«Рас  айттың,  шындығында  да  сен  пайғамбар  екенсің»,  – 
деді. Сосын кетіп қалды. Алланың елшісі (с.а.с.): «Ол менен 
бұрын сұралған нәрселер туралы сұрады. Алла маған оны 
(білімді) бермейінше менде олар туралы ешқандай да білім 
жоқ еді», – деді».
  ِلوُسَرِب ُّيِدوُهَيي َّرَم َلاَق ٍدوُعْسَم ِنْبا ِللها ِدْ�َع ْنَع َدَْحَأ ِماَمِلا ِدَنْسُم  ِفَو
 ُمُعْزَيي اَذَه َّنِإ َّيِدوُهَيي اَي :ٍشْيَرُيق ْنِم ٌلُجَر َلاَقَي� ُهَباَحْصَأ ُثِّيدَُي َوُهَو ِللها
 َُّث َسَلَج  َّتَح َءاَجَ� ،ٌِّبَن  َّلِإ ُهُمَلْعَيي  َل ٍءْيَش ْنَع ُهَّنَلَأْسََل َلاَقَي� ٌِّبَن ُهَّنَأ
 ُقَلُْي ِّيلُك ْنِم ،َّيِدوُهَيي اَي « :َلاَق ؟ُناَسْنِلا ُقَلُْي َّمِم ،دَّمَُم اَي :َلاَق
 اَهْينِم ٌةَظ�ِلَغ ٌةَفْطُنَي� ِلُجَّرلا ُةَفْطُن اَّمَأَ� ،ِةَأْرَمْلا ِةَفْطُن ْنِمَو ِلُجَّرلا ِةَفْطُن ْنِم
 َماَقَي� ،»ُمَّدلاَو ُمْحَّللا اَهْينِم ٌةَق�ِقَر ٌةَفْطُنَي� ِةَأْرَمْلا ُةَفْطُن اَّمَأَو  ِبَصَعلاَو ِمْظَعلا
.َكَلْي�َيق ْنَم ُلوُقَيي َناَك اَذَكَه :َلاَقَي� ُّيِدوُهَي�لا
Ахмадтың  Муснәдінде  Абдулла  ибн  Масғұдтан 
жеткізілген  риуаятта  бірде  (Меккеде  болса  керек) 
сахабаларымен  сұхбаттасып  отырған  Алланың  елшісінің 
(с.а.с.)  жанынан  бір  яһуди  өтіп  бара  жатады.  Сонда 
құрайыштықтардың  бірі:  «Уа,  яһуди!  Мынау  өзін 
пайғамбармын деп жүр, оған не дейсің?» – дейді. Сонда ол: 
«Мен  одан  пайғамбарлардан  басқа  ешкім  білмейтін  нәрсе 
туралы  сұрайын»,  –  деп,  оның  қасына  отырды  да,  сосын: 
«Уа,  Мұхаммед!  Адам  неден  жаратылады?»  –  деп  сұрады. 
Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, яһуди! Ол ер адамның тамшысы 

74
75
(ұрығы)  мен  әйелдің  тамшысынан  жаратылады.  Ердің 
тамшысы қою тамшы, одан сүйек жасалады, ал әйелдің 
тамшысы сұйық тамшы, одан ет пен қан жасалады», – 
деді.  Сонда  яһуди  орнынан  тұрып:  «Сенен  бұрынғылар  да  
(яғни, бұрынғы пайғамбарлар) осылай дейтін», – деді.
Адамның жаратылуы туралы осы хадистер мен аяттарды 
қазіргі заманғы ғылыми жетістіктер де нақтылай түседі. Бұл 
Ислам дінінің – ғылым мен даналықтың діні екендігіне дәлел. 
Кейбір ғалымдар бала тек ердің ұрығынан ғана пайда болады 
деген жаңсақ пікірде болған. 
Алла Тағала былай дейді:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет