Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының


Мұсылманшылық жайында жалпы мағлұматтар



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата22.12.2016
өлшемі1,8 Mb.
#53
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

Мұсылманшылық жайында жалпы мағлұматтар

122
123
ِرْحَ�لا ىَلَع ِمْقَّرلاَك َِبِكلا  ِف ُم�ِلْعَّيتلاَو ِرَجَلا ىَلَع ِشْقَّينلاَك ِرَغِّيصلا  ِف ُم�ِلْعَّيتلا
«Жас кезде оқыған тасқа басқан таңбадай, есейгенде 
оқыған  теңізге  салған  таңбадай».  (Араб  мақалы).  (бұрын 
«нақыш» деп қате аударылған)
Балаға қойылатын сұрақтар:
–  Сен мұсылмансың ба?
–  Әлхамдулилләһ, мұсылманмын.
–  Мұсылмандығыңның дәлелі қандай?
–  Мұсылмандығымның  дәлелі  –  «Лә  иләһә  иллаллаһ 
Мұхаммадур-расулаллаһ».
–  Бұл не деген сөз?
–  Бұл  «Алладан  басқа  құдай  жоқ  әрі  Мұхаммед  оның 
елшісі» деген сөз.
–  Сені кім жаратты?
–  Мені Жаратушы Алла Тағала жаратты.
–  Алла сені не үшін жаратты?
–  Өзіне  ғибадат  етуім  үшін  жаратты.  Алла  Тағала  Құран 
Кәрімнің  Зәрият  сүресінің  56-аятында:  «Жындар  мен 
адамдарды  Өзіме  құлшылық  қылулары  үшін  ғана 
жараттым», – деген.
–  Алла адамзатты неден жаратты?
–  Алла Тағала адамзатты топырақтан жаратты.
–  Иманның шарттары қандай?
–  Иманның шарттары мыналар: Алланың барлығына және 
бірлігіне  сену;  Оның  періштелеріне  сену;  Кітаптарына 
сену;  пайғамбарларына  сену;  жақсылы-жаманды 
тағдырдың  бір  Алладан  екендігіне  сену;  Қиямет  күніне 
сену және өлгеннен соң қайта тірілуге сену.
–  Раббың кім?
–  Раббым-Ием – әлемдердің Жаратушысы – Алла Тағала.
–  Дінің не?
–  Дінім – Ислам.
–  Ислам дінінің парыздары нешеу?
–  Ислам дінінде бес парыз бар. Олар: иман, намаз, ораза, 
зекет және қажылық.
–  Пайғамбарың кім?
–  Пайғамбарым – Мұхаммед саллаллаһу алейһи уа сәлләм.
–  Кітабың қандай?
–  Кітабым – Құран Кәрім.
–  Құбылаң қай жақ?
–  Құбылам – Мекке қаласындағы Қасиетті Қағба.
–  Кімнің зүрриетісің (ұрпағысың)?
–  Адам алейһи сәләмнің ұрпағымын.
–  Кімнің міллетіненсің (ұлысынансың)?
–  Ибраһим  пайғамбардың  міллетіненмін.  Әлхамдулилләһ, 
мұсылманмын.
–  Мазһабың қандай?
–  Мазһабым – Имам Ағзам Әбу Ханифаның мазһабы.
–  Имани таным жолың қандай?
–  Имани таным жолым – Әбу Мансұр әл-Матуриди мазһабы.
–  Алла саған не бұйырды?
–  Жаратушы Ием Өзіне ешқандай серік қоспауға және ата-
анама жақсылық қылуға бұйырды. Өйткені Алла Тағала 
Құран Кәрімде Исра сүресінің 23-аятында былай деген: 
«Раббың Өзінен басқаға құлшылық қылмауларыңа және 
ата-анаға ізгілік қылуларыңа бұйырды».
–  Мұсылман қандай болуы керек? 
–  Мұсылман  намаз  оқуы  керек,  парыздарды  орындауы 

124
125
керек.  Құран  Кәрім  оқып,  Пайғамбардың  (с.а.с.) 
өсиеттерін орындауы керек. Әдепті, тәртіпті, білімді әрі 
мәдениетті болуы керек.
–  Өзің Құран Кәрімнен аят жаттадың ба?
–  Иә, мен Ықылас сүресін жаттадым.
–  Қане, оқып берші?
–  «Қул  һуаллаһу  ахад.  Аллаһус-самад.  Ләм  йәлид  уа  ләм 
йуләд. Уа ләм йәкулләһу куфуән әхәд».
–  Е, бәрекелді, жарайсың. Сен нағыз мұсылман екенсің.
Мен – кішкентай мұсылманмын

Жалғыз Жаратушым – Алланы жақсы көремін.

Пайғамбарым – Мұхаммедті жақсы көремін.

Кітабым – Құранды жақсы көремін.

Құбылам – Қағбаны жақсы көремін.

Дінім – Исламды жақсы көремін.

Алладан басқа құдай жоқ екендігіне куәлік беремін.

Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік беремін.
Алланың Өзі де рас, сөзі де рас,
Рас сөз еш уақытта жалған болмас.
Көп кітап келді Алладан, оның төрті
Алланы танытуға сөз айырмас.
****
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол Алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы деп әділетті.
Абай Құнанбайұлы
Иман ұстындары
Кәлима таийба («жақсы сөз»): 
ِللها ُلوُسَر ٌدَّمَُم ُللها  َّلِإ َهَلِإ  َل
«Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-расулуллаһ»
Мағынасы:  «Алладан  басқа  құдай  жоқ,  Мұхаммед  –  Оның 
елшісі».
Кәлима шәһәда («куәлік сөзі»):
ِللها ُلوُسَر اًدَّمَُم َّنَأ ُدَهْشَأ ُللها  َّلِإ َهَلِإ  َل ْنَأ ُدَهْشَأ
«Әшһәду әл-лә иләһә иллаллаһ, уа әшһәду әннә Мухаммадар-
расулаллаһ».
Мағынасы:  «Алладан  басқа  құдай  жоқ  екендігіне  және 
Мұхаммедтің Оның елшісі екендігіне куәлік беремін».
Иман муфассал («жай-жапсарлы иман сөзі»):
 َنِم ِهِّيرَشَو ِهِْيَخ ِرَدَقلاِبَو ِرِخلآا ِمْوَي�لاَو ِهِلُسُرَو ِهِ�ُتُكَو ِهِتَكِئلَمَو ِللهاِب ُتْنَمآ
ِتْو
َ
لما َدْعَيب  ِثْعَي�لاَو  َلاَعَي� ِللها
«Әмәнту билләһи, уа мәләикәтиһи, уа кутубиһи, уа русулиһи, 
уал-йәумил-ахири,  уа  бил-қадари:  хайриһи  уа  шарриһи 
миналлаһи тәъәлә уәл баъси баъдәл мәути».
Мағынасы:  «Аллаға,  Оның  періштелеріне,  кітаптарына, 
пайғамбарларына, Қиямет күніне, жақсылығы да, жамандығы 
да бір Алла Тағаладан болатын тағдырға және өлгеннен кейін 
қайта тірілуге кәміл сенемін».
Демек, иманның шарттары мыналар:

126
127
1. Алланың барлығына әрі бір екендігіне сену.
2. Періштелердің бар екендігіне сену.
3.  Алла  түсірген  кітаптарға  сену.  (Тәурат,  Зәбур,  Інжіл, 
Құран).
4. Пайғамбарларға сену. 
5. Қиямет күнінің болатындығына сену.
6.  Жақсылы-жаманды  тағдырдың  бір  Алладан  екендігіне 
сену.
Ислам дінінің діңгектері
 : ٍسَْخ ىَلَع ُمَلْسِلا َِنُب« :مَّلَسَو ِه�َلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا لوُسَر لاق
 ِءاَتيِإَو ،ِةَلَّصلا ِماَقِإِو ،ِهَّللا ُلوُسَر ًادَّمَُم َّنَأَو هَّللا َّلِإ َهَلِإ َل ْنَأ ِةَداَهَش«
 .ِه�َلَع ٌقَفَّيتُم   ».َناَضَمَر ِمْوَصَو ، ِتْ�َي�ْلا ِّيجَحَو ،ِةاَكَّزلا
«Қаалә  Расуулллаһи,  саллаллааһу  ъалейһи  уа  сәлләм: 
«Бунийәл-исләәму  ъәләә  хамсин:  шәһәәдәти  әл-ләә  иләәһә 
иллаллааһ  уа  әннә  Мухаммәдәр-расуулуллааһ,  уа  иқаамис-
саләәти,  уа  ийтәәиз-зәкәәти,  уа  хажжил-Бәйти,  уа  сауми 
рамадаанә».
Расулалла  (с.а.с.)  былай  деді:  «Ислам  бес  нәрсеге 
құрылған:
1.  Алладан  басқа  құдай  жоқ  екендігіне  және  Мұхаммед 
Оның елшісі екендігіне куәлік беру;
2.  Намаз оқу;
3.  Зекет беру;
4.  Бәйтуллаға қажылық жасау;
5.  Рамазанда ораза тұту».
Бұл Ислам дінінің бес парызы. Әрбір мұсылман осы бес 
парызды жақсы біліп, бұлжытпай орындауы тиіс.
Алла Тағала туралы таным

Алла – біреу. Оның серігі жоқ.

Алла бар. Барлығының басы да, аяғы да жоқ.

Алланың жұбайы жоқ.

Алланың ұлы да, қызы да жоқ.

Алланың әкесі де, шешесі де жоқ.

Алланың тәтесі де, ағасы да жоқ.

Алла бізге ұқсамайды.
Алла – барлық нәрсенің Иесі

Алла менің Ием, әке-шешемнің де Иесі.

Алла – ағамның да, тәтемнің де Иесі.

Алла – барлық достарымның да, ұстаздарымның да Иесі.

Алла – аспан мен жердің Иесі.

Алла – барлық нәрсенің Иесі.
Алла барлық нәрсенің Жаратушысы

Алла адамды топырақтан жаратты.

Алла періштелерді нұрдан жаратты.

Алла жындарды оттан жаратты.

Алла аспанды жаратты. Оны періштелерге тұрақ етті.

Алла  жерді  жаратты.  Оны  адамдарға,  жындарға  және 
жануарларға тұрақ етті.
Алла  Тағала  былай  деді:  «Алла  барлық  нәрсенің 
Жаратушысы» (Рағыд сүресі, 16-аят).
Алла ештеңеге ұқсамайды

128
129

Алла Тағала адамдарға ұқсамайды.

Алла Тағала періштелерге ұқсамайды.

Алла Тағаланың бейнесі жоқ.

Алла Тағаланың түр-түсі жоқ.

Алла Тағала Өзі жаратқан нәрселерінің ешбіріне де 
ұқсамайды.
Алла Тағала былай деді: «Оған ұқсайтын ештеңе жоқ» 
(Шура сүресі, 11-аят).
Зун-Нун  әл-Мисри  былай  деген:  «Алланың  заты 
жайында қанша ойланғаныңмен Ол сен ойлағандай емес».
Алла – мәңгі тірі

Алла тірі, Ол ешқашан да өлмейді.

Алланың әрбір нәрсеге құдірет-күші жетеді.

Алла  – барлық нәрсенің Патшасы.

Алла барлық нәрсені біледі.

Алладан ештеңе де жасырына алмайды.
Алла дене емес

Алла жанарсыз көреді.

Алла құлақсыз естиді.

Алла тілсіз, ерінсіз сөйлейді.

Алланың мүшелері жоқ.

Алла барлық нәрсені үйренбей біледі.

Алла ештеңеге де ұқсамайды, Оған ештеңе де 
ұқсамайды.
Алла Тағаланың мекені жоқ

Алла бар, бірақ Оның мекені жоқ.

Алла ештеңеге ұқсамайды.

Алла ештеңеге де мұқтаж емес.

Алла дене емес.

Алланың мүшелері жоқ.

Алла мекенге мұқтаж емес.
Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) былай деген:
«Алла болды, бірақ мекен жаратылмаған еді, Ол бұрын 
қалай болған болса қазір де солай» (Яғни, мекенге мұқтаж емес).
Ықылас сүресі
ِِميِحَّرلا ِنمْحَّرلا ِللها ِمْسِب
 نُكَي ْمَلَو * ْدَلوُي ْمَلَو ْدِلَي ْمَل * ُدَمَّصلا ُهَّللا * ٌدَحَأ ُهَّللا َوُه ْلُق ﴿
 .﴾ٌدَحَأ اًوُفُك ُهَّل
Бисмилләһир-рахманир-рахиим
1.  Қул һуаллаһу ахад
2.  Аллаһус-самад
3.  Ләм йәлид уа ләм йуләд
4.  Уа ләм йәкулләһу куфуән әхәд.
Мағынасы: «Айт: Алла – біреу. Алла мұңсыз. Ол тумады 
және туылмады. Оған тең келетін ештеңе де жоқ».
Сүренің түсіндірмесі
1. Қул һуаллаһу ахад – Айт: Алла – біреу. Яғни, Алла – біреу, 
еш серігі жоқ.
2. Аллаһус-самад – Алла мұңсыз. Яғни, барлық нәрсе Аллаға 
мұқтаж, ал Алла еш нәрсеге мұқтаж емес.
3. Ләм йәлид –  Ол тумады: яғни, Оның баласы жоқ, уа ләм 
йуләд – және туылмады: яғни, Оның әкесі де, шешесі де жоқ.
4. Уа ләм йәкулләһу куфуән әхәд – Оған тең келетін ештеңе 

130
131
де жоқ: яғни, Оның теңдесі де, ұқсасы да жоқ.
Сұрақтар:
1. Қул һуаллаһу ахад деген аяттың мағынасы не?
2. Ләм йәлид дегеннің мағынасы не?
3. Уа ләм йәкулләһу куфуән әхәд дегеннің мағынасы не?
Менің дінім – Ислам

Ислам – ең дұрыс дін.

Ислам – Мұхаммед, Иса, Мұса пайғамбарлардың діні – 
оларға Алланың сәлемі болсын!

Ислам – барлық пайғамбарлардың діні.

Иман келтіргендер жәннатқа, кәпірлер тозаққа кіргізіледі.

Мен  кішкентай  мұсылманмын,  Ислам  дінін  жақсы 
көремін.
Алла Тағала былай деді: «Алланың алдындағы нағыз 
дін – Ислам» (Әли Имран сүресі, 19-аят).
Ислам – пайғамбарлардың діні

Пайғамбар деген Алла Тағаланың адамдарға жіберген 
елшісі.

Барлық пайғамбарлар – мұсылмандар.

Барлық  пайғамбарлар  «Лә  иләһә  иллаллаһ»  («Алладан 
өзге құдай жоқ») деген.

Адам  ата  пайғамбар  да  (Алланың  сәлемі  болсын!) 
мұсылман болған. Ол – ең бірінші пайғамбар.

Нұх пайғамбар (Алланың сәлемі болсын!) – мұсылман.

Ибраһим пайғамбар(Алланың сәлемі болсын!)  – 
мұсылман.

Мұхаммед  пайғамбар  да  –  оған  Алланың  салауаты  мен 
сәлемі болсын – мұсылман және ең соңғы пайғамбар.

Мен барлық пайғамбарларды жақсы көремін.
Сұрақтар:
1.  Ең бірінші пайғамбар кім?
2.  Ең соңғы пайғамбар кім?
Мұхаммед – соңғы пайғамбар

Мұхаммед  пайғамбар  –  ең  соңғы  пайғамбар.  Ол  өте 
мейірімді, өте жақсы, өте керемет адам болған.

Алла  тағала  Мұхаммед  пайғамбарға  Құран  Кәрімді 
түсірді.

Құран Кәрім – тура жолға, жақсылыққа бастайтын кітап.

Мұхаммед пайғамбар біз үшін көп еңбек етті.

Әрбір  мұсылман  Мұхаммед  пайғамбардың  өсиеттерін 
орындауы керек.

Мұхаммед пайғамбардың аты аталғанда біз «саллаллаһу 
алейһи  уа  сәлләм»,  яғни  «оған  Алланың  салауаты  мен 
сәлемі болсын» деп салауат айтамыз. 

Мен  Мұхаммед  пайғамбарды  қатты  жақсы  көремін. 
Онымен мәңгі бірге болуды қалаймын.
Ізгі мұсылманның сипаттары

Ізгі мұсылман Құран оқиды.

Ізгі  мұсылман  ата-анасын  жақсы  көріп,  оларды  құрмет 
тұтады.

Ізгі мұсылман өзіне жақсылық жасағанға да, жамандық 
жасағанға да жақсылық жасайды.

Ізгі мұсылман кедейлер мен жетімдерге көмектеседі.

Ізгі  мұсылман  қонағын  құрметтейді,  көршісімен  жақсы 

132
133
қарым-қатынаста болады.

Ізгі мұсылман ұрлық қылмайды.

Ізгі мұсылман мұсылманды себепсіз ұрмайды.

Ізгі мұсылман мұсылманға зиян жасамайды.

Ізгі мұсылман арақ ішпейді.

Ізгі мұсылман есірткі пайдаланбайды

Ізгі мұсылман өзінің ата-анасын ізеттілікпен құрметтейді.

Ізгі  мұсылман  ешқашан  да  ата-анасына  дауыс  көтеріп 
сөйлемейді.

Ізгі мұсылман ата-анасына өтірік айтпайды.

Мұсылман басқа мұсылмандарды жақсы көреді.

Мұсылман  басқа  мұсылман  бауырын  көргенде 
«Ассалаумалейкум»  деп  сәлем  береді,  ал  екіншісі 
«Уағалейкумуссалам» деп сәлем қайтарады.

Мұсылман басқа мұсылмандарға сыпайы түрде әдеппен 
қарым-қатынас жасайды.

Мұсылман өзіне басқа бір мұсылман жақсылық жасаса: 
«Алла жарылқасын!», «Алла берекесін берсін!» деп алғыс 
білдіреді.
Мешіттің артықшылығы
.»ُد ِجاَسَلما ِضْرَلا ِعاَقُيب ُرْي�َخ« :مَّلَسَو ِه�َلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا لوُسَر لاق
Алланың елшісі (с.а.с.): «Жер бетіндегі ең жақсы жер 
–– мешіттер», –  деген. (Имам Мүслім таратқан хадис).

Мешіт – Алла Тағаланың үйі.

Мешіттің ішінде намаз оқылады.

Мешітке дәрет алып, таза киім киіп бару керек.

Мұсылмандар бес уақыт намаздарын мешітте орындайды.

Мұсылмандар  мешіттерде  бір-бірлерімен  танысып,  бір-
бірлерін жақсы көреді. 

Мешітте  шулауға,  айқайлауға,  жүгіріп  ойнауға,  намаз 
оқып жатқан адамдарға кедергі келтіруге болмайды.

Мешіттерді Алла Тағала және оның пайғамбарлары, ізгі 
құлдары жақсы көреді.
Құран Кәрім сүрелері
.»ُهَمَّلَعَو َنآْرُقْلا َمَّلَعَي� ْنَم ْمُكُرْي�َخ« :مَّلَسَو ِه�َلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا لوُسَر لاق
Сүйікті  пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бізге  былай  деп 
өсиет  еткен:    «Сендердің  ең  жақсыларың  ––  Құранды 
үйренгендерің және оны басқаларға үйреткендерің»
Фатиха сүресі
ِِميِحَّرلا ِنمْحَّرلا ِللها ِمْسِب    ميجرلا ناطيشلا نم للهاب ذوعأ
 * ِنيِّدلا ِمْوَبي ِكِلاَم * ِميِحَّرلا ِنبمْحَّرلا * َنيِمَلاَعْلا ِّبَر ِهّلل ُدْمَحْلا﴿
 َنيِذَّلا َطاَرِص * َميِقَتسُملا َطاَرِّصلا اببببَنِدها * ُنيِعَتْسَن َكاَّيِإو ُدُبْعَبن َكاَّيِإ
.﴾َنيِّلاَّضلا َلَو ْمِهيَلَع  ِبوُضغَملا ِريَغ  *ْمِهيَلَع َتمَعنَأ
Оқылуы:  Әъуузу  билләәһи  минәш-шайтаанир-ражиим. 
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. 
«Әлхамду 
лилләһи 
раббил-ъаләмиин. 
Ар-рахманир-рахиим. 
Мәлики 

134
135
йәумид-дин. Ийәкә нәъбуду уа ийәкә нәстәъиин. Иһдинәс-
сираталь-мустәқим. Сираталь-ләзинә әнъәмтә ъәләйһим. 
Ғайрил-мағдуби ъаләйһим уә ләд-далиин». (Әмин).
Қазақша мағынасы: Алланың атымен қуылған шайтаннан  
сақтанамын.  «Аса  рахымды,  ерекше  мейірімді  Алланың 
атымен (бастаймын). Барлық мадақ бүкіл әлемдердің Раббы 
Аллаға тән. Аса рахымды, ерекше мейірімді. Қиямет күнінің 
иесі. Саған ғана құлшылық қыламыз әрі Сенен ғана жәрдем 
тілейміз. Бізді тура жолға сала гөр. Нығметке бөлегендеріңнің 
жолына,  ашуға  ұшырағандардың  және  адасқандардың 
жолына емес».
Кәусар сүресі
 ْرَحْناَو َكِّبَرِل ِّلَصَف * َرَبثْوَكْلا َكاَنْبيَطْعَأ اَّنِإ﴿ ِِميِحَّرلا ِنمْحَّرلا ِللها ِمْسِب
  .﴾ُرَبتْببَْلا َوُه َكَئِناَش َّنِإ *
Оқылуы: 
Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим. 
«Иннәә 
аътайнәәкәл-кәусәр.  Фасалли  лираббика  уанхар.  Иннә 
шәниәкә һуәл-әбтәр».
Қазақша  мағынасы:  «Аса  рахымды,  ерекше  мейірімді 
Алланың атымен (бастаймын). Расында Біз саған әл-Кәусарды 
бердік. Сондықтан да Раббың үшін намаз оқып, құрбандық 
шал. Расында сені жек көрушінің өзі ұрпақсыз қалады».
Насыр сүресі
 َساَّنلا َتْيَأَرَو * ُحْتَفْلاَو ِهَّللا ُرْصَن ءاَج اَذِإ﴿ ِِميِحَّرلا ِنمْحَّرلا ِللها ِمْسِب
 ُهَّنِإ ُهْرِفْغَبتْساَو َكِّبَر ِدْمَحِب ْحِّبَسَف  *ًاجاَوْبفَأ ِهَّللا ِنيِد يِف َنوُلُخْدَي
 .﴾ًاباَّوَب� َناَك
Оқылуы:  Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим.  «Изәә  джәә 
насруллаһи  уәл-фатх.  Уа  раәйтән-нәәсә  йәдхулуунә 
фи  диинилләәһи  әфуәджә.  Фасәббих  бихәмди  раббика 
уастәғфирһу, иннәһу кәәнә тәууәәбә».
Қазақша  мағынасы:  «Аса  рахымды,  ерекше  мейірімді 
Алланың атымен (бастаймын). Алланың жәрдемі мен жеңісі 
келген  сәтте,  адамдардың  Алланың  дініне  топ-топ  болып 
кіріп  жатқанын  көргеніңде  Раббыңды  мадақтап,  пәкте  де, 
Одан жарылқау тіле. Расында Ол тәубені қабыл алушы».
Фалақ сүресі
 َقَلَخ اَم ِّرَش نِم * ِقَلَفْلا ِّبَرِب ُذوُعَأ ْلُق ﴿ ِِميِحَّرلا ِنمْحَّرلا ِللها ِمْسِب
 نِمَو  *ِدَقُعْلا يِف  ِتاَثاَّفَّبنلا ِّرَش نِمَو * َبَقَو اَذِإ ٍقِساَغ ِّرَش نِمَو *
 .﴾دَسَح اَذِإ ٍدِساَح ِّرَش
Оқылуы:    Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим.  «Қул  әъуузу 
бираббил-фалақ. Миң шәрри маа халақ. Уа миң шәрри 
ғаасиқин изәә уақаб. Уа миң шәррин-нәффәәсәәти фил-
ъуқад. Уа миң шәрри хаасидин изәә хасад».
Қазақша  мағынасы:  «(Ей,  Мұхаммед!)  «Таңның  Раббына 
сиынамын.  Жаратқан  нәрселердің  кесірінен.  Қараңғылық 
басқан  сәтте  түннің  кесірінен.  Түйіншектерге  дем 
салушылардың  кесірінен.  Күндеген  сәттегі  күншілдердің 

136
137
кесірінен (сиынамын) де». 
Нас сүресі
 *  ِساَّنلا  ِكِلَم * ِساَّنلا ِّبَرِب ُذوُعَأ ْلُق﴿ ِِميِحَّرلا ِنمْحَّرلا ِللها ِمْسِب
 ِروُدُص يِف ُسِوْسَوُبي يِذَّلا * ِساَّنَخْلا ِساَوْسَوْلا ِّرَش نِم * ِساَّنلا ِهَلِإ
.﴾  ِساَّنلا َو ِةَّنِجْلا َنِم * ِساَّنلا
Оқылуы:  Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим.  «Қул  әъуузу 
бираббин-нәәс.  Мәликин-нәәс.  Иләәһин-нәәс.  Миң 
шәррил  -  уәсуәәсил-ханнәәс.  Әлләзии  йуәсуису  фии 
судуурин-нәәс. Минәл-джиннәти уән-нәәс».
Қазақша  мағынасы:  «(Ей,  Мұхаммед!)  «Адамдардың 
Раббына,  адамдардың  Иесіне,  адамдардың  Тәңіріне, 
жасырынып  сыбырлап  азғырушының  кесірінен,  сондай 
адамдардың  көкейлеріне  салатын,  мейлі  жыннан  болсын, 
мейлі  адамдардан  болсын  –  азғырушылардың  кесірінен 
сиынамын» де».
Құран Кәрім туралы дұға-тілек
 اَنِموُُه َباَهَذَو اَنِروُدُص َءاَفِشَو ،اَنِبوُلُيق َع�ِبَر َم�ِظَعْلا َناَءْرُقْلا ِلَعْجا َّمُهَّللا
 .ِم�ِعَّنلا  ِتاَّنَج َكِ�اَّنَج  َلِإ اَنَقِئاَسَو اَنِناَزْحَأ َءلَجَو اَنِراَصْبَأ َروُنَو اَنِموُمُغَو
 اَنْرِّيكَذ َّمُهَّللا .ًة ْحَرَو ًىدُهَو ًاروُنَو ًاماَمِإ اَنَل ُهْلَعْجاَو َناَءْرُقْلاِب اَنَْحْرا َّمُهَّللا
 َفاَرْطَأَو ِلْ�َّللا ِءاَنآ ُهَ�َولِ� اَنْيقُزْرَو اَنْلِهَج اَم ُهْنِم اَنْمِّيلَعَو اَن�ِسَن اَم ُهْنِم
.َينِمَلاَعْلا َّبَر اَي ًةَّجُح اَنَل ُهْلَعْجاَو ِراَهَّينلا
Оқылуы:  Аллааһумаджъәлил-қур’әәнәл-ъазиима  рабииъа 
қулуубинәә,  уа  шифәә’ә  судууринәә,  уа  зәһәәбә  һумууминәә 
уа ғумууминәә, уа нуура ‘әбсаарина, уа джәләә’ә әхзаанинәә, 
уа  сәә’иқанәә  ‘иләә  джәннәәтикә  –  джәннәәтин-нәъиим. 
Аллаһуммархамнәә  бил-қур’әән,  уаджъәлһу  ләнәә  ‘имаман, 
уа  нууран,  уа  һудән,  уа  рахматан.  Аллааһумма  зәккирнәә 
минһу  мәә  нәсиинәә  уа  ъәллимнәә  минһу  мәә  джәһилнәә, 
уарзуқнәә тиләәуәтәһу әәнәә’әл-ләйли уа атраафан-наһаари, 
уаджъәлһу ләнәә хужжатан, йаа раббал-ъааләмиин.
Қазақша  мағыналары:  «Ия,  Алла!  Ұлы  Құранды 
жүректерімізге  серік,  кеуделерімізге  шипа,  уайым  – 
қайғымызға өшіруші, жанарларымызға нұр және қасіретімізге 
сейілтуші,  жәннатыңа  –  нағым  бақтарына  көшбасшымыз 
ете гөр! Ия, Алла! Бізге оқыған Құранымыз арқылы рахым 
еткейсің! Оны бізге көшбасшы әрі нұр, тура жолға сілтеуші 
әрі рахмет еткейсің! Ия, Алла! Одан ұмытқанымызды есімізге 
сала  гөр!  Одан  білмей  қалған  жерімізді  үйретіп,  оны  күні-
түні оқуымызды  нәсіп ете гөр! Оны бізге айқын дәлел ете 
гөр! Ия, әлемдердің Раббысы!».
Мұсылмандық әдептер
1. Әрбір істі бастағанда
Қандай да бір маңызды істі бастағанда Алланың атымен 
бастау керек.

138
139
 ِللها ِمْسِب
Оқылуы: «Бисмилләһ».
Мағынасы: «Алланың атымен (бастаймын)».
2. Үйге кіру әдебі
Үйге кіргенде іштегілерге былайша сәлем беру керек.
 ُهُ�اَكَرَيبَو ِللها ُةَْحَرَو ْمُكْ�َلَع ُملَّسلا
Оқылуы: Әссәләму алейкум уа рахматуллаһи уа бәракәтуһ!
Мағынасы:  «Сіздерге  Алланың  тыныштығы  мен  рахымы 
һәм берекеті болсын!».
3. Қуану әдебі
Бірдеңеге қуанып, белгілі бір табысқа жеткенде Аллаға 
шүкіршілік қылып, мадақтап, ұлықтау керек.
!ُرَي�ْكَأ ُللها ،ِهَّلِل ُدْمَْلَأ
Оқылуы: Әлхамдулилләһ! Аллаһу әкбар!
Мағынасы: «Барлық мадақ Аллаға!», «Алла Ұлық!».
4. Таңдану әдебі
Бір нәрсеге таңданып ғажаптанғанда былай деу керек.
!ِللها َناَحْ�ُس
Оқылуы: Субханаллаһ!
Мағынасы: «Алла пәк!»
Ал бір нәрсені көріп қатты қызығып таңданғанда былай деу 
керек.
!ُللها َءاَش اَم 
Оқылуы: Машаллаһ!
Мағынасы: «Алланың қалағанындай болған!».
5. Тамақ ішу әдебі
Мұсылман  тамақ  не  сусын  ішкенде  Алланың  атымен 
бастап әрі оң қолымен ішіп-жейді. 
ِللها ِمْسِب
Оқылуы: «Бисмилләһ».
Мағынасы: «Алланың атымен (бастаймын)».
Мұсылман  тамақ  ішіп  болған  соң  сол  тамақты  жеткізген 
Алла Тағалаға шүкірлік қылып, былайша алғыс білдіреді. 
َينِمِلْسُلما َن
ِم اَنَلَعَجَو اَناَقَسَو اَنَمَعْطََأ يِذَّلا ِهَّلِل ُدْمَلا
Оқылуы:  «Әлхамдулилләһилләзи  атъәмәнә  уа  сақанә  уа 
жәъәләнә минәл-Мүслімин».
Мағынасы:  «Бізді  тамақтандырып,  сусын  берген  және 
мұсылман еткен Аллаға мадақ».

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет