Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет25/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60
шақырылғанда не істейді?
Жауап: 
Қонаққа шақырылған кісі үй иесінің көңілін 
қалдырмау мақсатында парыз емес, нәпіл оразаны 
бұза алады. Бірақ кейінірек қазасын өтейді. Бұған 
дәлел – Құрандағы: 
«Амалдарыңды бұзбаңдар» деген 
аят («Мұхаммед» сүресі, 33-аят). Ханафи мәзһабының 
ғұламалары бұзылған нәпіл оразаның қазасын өтеу уәжіп 
екеніне жоғарыдағы аяттан бөлек мына бір хадисті де 
Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


35
дәлел ретінде келтіреді: «Айша анамыз (Алла оған разы 
болсын) былай дейді: «Бір күні Хафса екеуміз нәпіл ораза 
ұстадық. Бізге бір ас сыйға тартылды. Асқа тәбетіміз тартып 
оразамызды бұздық. Пайғамбар (оған Алланың салауаты 
мен сәлемі болсын) келгенде Хафса менен бұрын сөзге 
кірісіп, оған бұл турасында сұрақ қойды. Ол (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын): «Орнына бір күн ораза 
ұстаңдар», – деп бұйырды» (Әбу Дәуід).
Сұрақ:
Рамазанда ораза тұтқан кісі үйге қонақ келеді 
деп оразасын ұстамаса, каффарат қажет бола ма?
Жауап: 
Жоқ, каффарат қажет болмайды, сол күннің 
қазасын өтейді. Каффарат бастап қойған парыз оразаны 
әдейі бұзған жағдайда міндеттеледі. Бірақ, қатаң түрде 
ескеру қажет жайт, қонақ күту парыз оразаны ұстамауға 
себеп емес. Рамазанда ауру-сырқау, қарттық және т.б үзірлі 
себептерсіз ораза ұстамау тәубені қажет ететін үлкен күнә. 
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен 
сәлемі болсын): «Кімде-кім ешбір себепсіз рамазан айының 
бір күнінде ораза ұстамаса, өмір бақи ораза тұтса да сол 
күнгі оразаны толық өтеген болып есептелмейді», – деген. 
Яғни, Рамазан айындағы бір күндік оразаның сауабын басқа 
ешбір күнге теңестіруге келмейтіндігін ескерткен. Ислам 
қонақ шақыруды, шақырған жерге баруды насихаттайтын 
дін екені мәлім. Десе де бұл нәпіл емес, жылына бір рет 
келетін парыз ораза болғандықтан қонақтарды ауызашар 
дастарқанына шақырғаны жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет