Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


«Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза



Pdf көрінісі
бет28/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
«Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза 
ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. 
Шынында, Алла сендерге жеңілдік қалайды, ауыртпалық 
артқысы келмейді» 
(«Бақара» сүресі, 185-аят)

Сұрақ:
Бір кісі оразасын тұрғылықты жердің уақыты- 
мен ұстап, кейін жолаушылап шетелге сапарға шыққан. 
Алайда оразасын өзінің тұрғылықты қаладағы ораза кес- 
тесіне сәйкес ұстап жүрген. Сапарлатып барған қала мен 
өз үйінің арасында 2 сағаттық айырмашылық бар. Яғни, 
шетелдегі уақыт 2 сағат кейін. Мұндай жағдайда ораза 
ұстаушының оразасы дұрыс бола ма?


39
Жауап: 
Жағдай толық талдануы керек. Шетелдегі уа- 
қытпен салыстырғанда тұрғылықты жерінің таң ату және 
күн бату уақыты сәйкес келсе, оразасы дұрыс. Ал егер 
сәресі мен ауызашар уақыттары сәйкес келмесе, шетелдегі 
тұтқан оразаның қазасын өтейді. Ең дұрысы – мұндай ұлық 
құлшылықты қателеспей орындау үшін сақтықпен қарап, 
қай елде тұрған болса, сол жердің ораза кестесіне сәйкес 
ораза ұстау. Себебі екі қала арасында сағат айырмашы- 
лығы болмағанымен, таңның атып күннің батуы кейде 
сәйкес келмеуі мүмкін.
 
Сұрақ:
Бүгін сапарға шығамын деген ниетпен рама- 
занда тамақтанса, каффарат өтеуі керек пе?
Жауап: 
Жоқ, бұл жағдайда тек бір күн қаза өтейді.
Сұрақ:
Сапарда жүріп яки ауруына байланысты оразаны 
уақытында тұта алмай, рамазаннан кейін де уақыты бола 
тұра тұтпаған адамға ажал келсе, қалай болмақ?
Жауап: 
Науқас немесе жолаушы секілді қандай да бір 
шариғи себеппен ораза тұтпаған кісі қайтыс болса, ұстай 
алмаған оразасы мойнынан түседі. Қазасы бар кісі оразасын 
ұстауға мүмкіндігі бола тұра өтемей дүние салса, артында 
қалған туыстары оның оразасын тұта алмайды. Хадисте: 
«Ешбір адам басқа бір адам үшін намаз оқи алмайды, ораза 
тұта алмайды. Бірақ оның атынан әр күн үшін бір өлшем 
бидайды кедейлерге бере алады», – делінген 
(Тирмизи)

Ханафи ғалымдарының көзқарасы бойынша қайтыс болған 
адам өтелмеген оразасы үшін фидия беруді туысына яки 
баласына өсиет етсе, әрбір күніне бір кедейге фидия 
беріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет