Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Оразаның парыз екенін білмеген адам қазасын



Pdf көрінісі
бет13/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60
Сұрақ:
Оразаның парыз екенін білмеген адам қазасын 
өтеуге міндетті ме?
Жауап: 
Рамазан айында ораза ұстау – парыз һәм Алла 
Тағаланың әмірі. Мұсылмандар бұл әмірге мойынұсынуы 
керек. Егер білмей немесе ұмытып кеткен болса, ұстамаған 
оразаларының қазасын өтеуі тиіс. Каффарат шарт емес. 
Себебі кәффарат – ораза ұстамаудың емес, оразаны бастап, 
әдейі бұзған адамның жазасы. Рамазан айында ораза ұстау 
парыз екенін біле тұра ораза ұстамау – күнә.
Сұрақ:
Бөгде әйелге қарау арқылы жүніп болса (ғұсылы 
бұзылса) оразасы не болады?
Жауап: 
Ораза бұзылады. Сол күннің қазасын өтеуі керек. 
Каффарат шарт емес. Алайда, мұндай әрекетке жеңіл 
қарауға болады деген сөз емес. Оразаны әдейі бұзу күнә 
саналады.
Сұрақ:__Мастурбация_оразаны_бұзады_ма_Жауап'>Сұрақ:
Мастурбация оразаны бұзады ма?
Жауап: 
Ораза бұзылады. Сол күннің қазасын өтеуі керек. 
Каффарат шарт емес. Алайда, мұндай әрекетке жеңіл 
қарауға болады деген сөз емес. Оразаны әдейі бұзу күнә 
саналады.
Сұрақ:
Тамағына шыбын кіріп кетсе ораза бұзыла ма?
Жауап: 
Аузына шыбын байқаусызда кіріп кетсе оразасы 
бұзылмайды.
 
Сұрақ:
Рамазан оразасын бұзып алса, күннің қалған 
бөлігінде не істеуі керек?
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар


21
Жауап: 
Мұндайда зәрулік болмаса ішпей-жемей оразаны 
жалғастыруы міндет. Сонымен бірге, сол күннің оразасын 
қаза етіп өтейді.
Сұрақ:
Қаза оразаны қатарынан ұстау шарт па?
Жауап: 
Шарт емес.
Сұрақ:
Қандай оразаның қазасын қатарынан өтеу шарт?
Жауап: 
Каффарат оразасының қазасын қатарынан өтеу 
шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет