Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Жауап:  Ислам жеңілдік діні. «Бақара» сүресінің 184-  аятында:  «Алла Тағала ешкімге шамасынан тыс, көтере



Pdf көрінісі
бет36/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60
Жауап
Ислам жеңілдік діні. «Бақара» сүресінің 184- 
аятында: 
«Алла Тағала ешкімге шамасынан тыс, көтере 
алмайтын міндетті жүктемейді», – делінген. Сондықтан 
аяғы ауыр немесе емізулі баласы бар аналар өз тәжірбие- 
сіне және сенімді дәрігердің кеңесіне сүйене отырып,
өзіне, баласына зиян келуден қорықса, осы жеңілдік
аясында ораза ұстамауыларына болады. Бірақ, кейін 
қазасын өтеуі шарт. Хадисте: «Алла Тағала жолаушыны 
оразадан және намаздың жартысынан босатты, әрі аяғы 
ауыр және емізулі баласы бар әйелдерді оразадан бо- 
сатты», – делінген 
(Байһақи)
.
Сұрақ:
Ораза кезінде крем жағуға бола ма?
Жауап: 
Терідегі жасушалар арқылы ет пен терінің 
арасына сіңетін заттар оразаны бұзбайды. Мысалы, крем 
немесе май жағу және жараның бетіне дәрі таңу т.б. Крем 
не майды жаққан кезде тым қалыңдатпаған жөн. Себебі, 
қалың жағылған крем дәрет алғанда суды теріге өткізбеуі 
мүмкін. Ал теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды.
Сұрақ:
Гинекологқа қаралса, әйелдің оразасы бұзыла ма?
Жауап: 
Гинекологқа ауыз ашқаннан кейін тексерілгені 
Әйел кісілерге тән жағдайлар


49
абзал. Ханафи мазһабында ораза кезінде қаралған жағ- 
дайда сұйықтық жағылған зат әйелдің әуретіне салынса 
(енсе) оразасы бұзылады. Сонымен бірге, қандай да бір зат 
ішкі әуретке түгелдей салынса, ораза бұзылады, Мысалы: 
ішкі әуретке «Тампон» тұтас енсе яғни, оның бір бөлігі 
сыртқы жақта қалмаса ораза бұзылады. Бірақ, түгелдей 
салынбаса және құрғақ болса, онда ораза бұзылмайды.
Сұрақ:
Ерлі-зайыптылар рамазанда ұмытып жыныстық 
қатынасқа түссе, есіне түскен соң да тоқтатпаса каффарат 
міндет пе?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет