Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Қан алдыру немесе хижама жасату оразаны бұза



Pdf көрінісі
бет33/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Сұрақ:
Қан алдыру немесе хижама жасату оразаны бұза 
ма?
Жауап: 
Хижама дегеніміз – емдік мақсатпен дененің 
ауырған орнынан қан алдыру. Ораза кезінде түрлі се- 
бептермен денеден қан алдыру немесе емдік мақсатта 
хижама жасату оразаны бұзбайды. Дегенмен, қан алдыру 
иммунитеттің әлсіреуіне, нәтижеде оразаны бұзуға мәжбүр 
ететіндей болса, ораза кезінде қан алдыру мәкрүһ болып 
саналады. 
Сұрақ:
Асқазанды тексеру үшін медициналық құралды 
пайдалану (зонд жұту) оразаны бұза ма?
Жауап: 
Егер ішке кіретін тарапы құрғақ болса ораза 
бұзылмайды, ал егер ішке кіретін жағына мазь не болмаса 
сол секілді заттар жағылса, ораза бұзылады.
Сұрақ:
Вагиналды
 
ультра дыбысты зерттеу оразаны 
бұза ма?
Жауап: 
Вагиналды УДЗ құрылғысы сыртқы денеге де, 
қынап жолдарына да қолданылады. Сондықтан аталмыш 
құрылғыға түрлі жақпаларды қолданып сыртқа пайдаланған 
жағдайда оразаны бұзбайды. Ал егер құрылғының басына 
жағылған түрлі жақпалар қынап арқылы ішке кіретін болса 
ораза бұзылады. Сондықтан мүкіндігінше сақ болған жөн.
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


45
Сұрақ:
Демікпесі (астма ауруы) бар адам ораза ұстай ма?
Жауап: 
Бұл мәселеге қатысты дін мамандары екі түрлі 
пікір айтады. Бірінші пікір:
«Ауыз, мұрын, құлақ арқылы, 
яғни табиғи жолмен ішке барған нәрселер оразаны бұзады. 
Ингалятор секілді аппараттармен ауызға шашқан дәрі 
ішке кететіндіктен ораза бұзылады. Мұндай аппаратсыз 
жүре алмайтын науқастарға ораза ұстамауына болады. 
Егер дәрігерлер науқастың бұл аурудан айығуы неғайбыл 
екеніне көз жеткізсе, онда ол оразаның әр күніне фидия 
береді. Яғни жоқ-жітікті, міскіндерді тамақтандырады», – 
дейді.
Ал екінші топ мамандарының пікірі бойынша: «Демікпе 
ингаляторының бір рет шашқандағы мөлшері шамамен 
1/20 мл. Дәрінің көбі ауыз бен тыныс алу жолдарында сіңіп 
кетеді. Ал қалғаны тым аз болғандықтан, асқазанға баруы 
екіталай. Ондай мөлшерлі су дәрет алған адамның аузында 
да қалады. Ендеше демікпесі (астмасы) бар адамның еркін 
тыныстауы үшін ауызға шашатын «оттегі» 
дәрісі оразаны 
бұзбайды». 
Осы орайда Халықаралық Ислам фиқһ Кеңесінің 2018 
жылғы Мәдина қаласында өткен кезекті 23-отырысында: 
«Демікпе ингаляторын қолданудың оразаға тигізер зия- 
нының жоқтығына бәтуаласқан». 
Қорыта айтқанда, астмамен ауыратын кісі жоғарыда 
айтып өткен екі пікірдің қай-қайсын негізге алса да, 
шариғатқа теріс емес. Бірінші пікірге сүйенген кісі ораза 
ұстамай, отыз күн оразасы үшін фидия беріп отырса да қате 
емес. Ал екінші пікірді негізге аламын деп ораза ұстауға 
талпынған кісілер аузы берік кезде ингаляторды тек 
қажет кезде ғана қолданып, қалған уақыттарда барынша 
қолданбауға тырысқаны абзал. Ем үшін ингалятордан басқа 
таблетка не шәрбәт (сироп) түріндегі дәрі қолдану тікелей 
ішке баратындықтан оразаны бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет