Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Пітір садақа бидай немесе күріш сияқты дәнді-



Pdf көрінісі
бет44/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60
Сұрақ:
Пітір садақа бидай немесе күріш сияқты дәнді-
дақылдан ғана берілуі керек дегенді естідім. Осы мәселені 
түсіндіріп берсеңіз?
Жауап: 
Пітір садақа 2 келі бидай (ұн, талқан т.б.) не 
мейізбен немесе 4 келі құрма не арпамен есептеледі. 


60
Дегенмен, азық-түліктің орнына пітір садақаға оның 
ақшалай құнын бергені абзал («Әл-фәтауа әл-һиндия», 
1/210-211).
Қазіргі таңда бидайдың өзі емес, ұн, талқан секілді 
оның өнімдері кең қолданылады. Сол себепті Қазақстан 
мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны ұнмен 
есептеуге пәтуа шығарды. Өйткені шариғатта бидаймен 
қатар оның өнімдерімен де пітір садақа беруге рұқсат 
етіледі. Сондай-ақ, хадистегі «бір сағ» өлшем бірлігі – 4 
келі, «жарты сағ» – 2 келі деп бекітілген. Аталған өнімдердің 
базардағы құнымен пітірді ақшалай беру мұқтаждарға 
тиімдірек.
Сұрақ:
Пітір садақаны бір мұқтаж жанға ғана беру керек 
пе?
Жауап: 
Бір отбасы мүшелерінің пітір садақасын бір 
немесе бірнеше кедейге беруге болады. Сондай-ақ көптеген 
адамдардың пітірлерін қосып, бір мұқтаж жанға беруіне де 
рұқсат. Алайда, «бір отбасының пітір садақасын бірнеше 
адамға бөліп бергенде олардың қажеттіліктерін өтей алады 
ма?» деген сұрақ туындайды. Сол себепті, пітір беруші адам 
осы жайтты да ескеріп, пітір алушы мұқтаж адамның қажетін 
өтеу мәселесін де ұмытпағаны жөн. Демек, берілетін пітір 
аз болса, онда бір мұқтажға берілгені абзал. Сонымен қатар 
пітір садақасы ең әуелі өзі тұрып жатқан жердегі жергілікті 
мұқтаж жандарға беріледі.
 
Сұрақ:
Құрсақтағы баланың атынан пітір садақасы 
беріле ме?
Жауап: 
Ана құрсағындағы туылмаған бала үшін пітір 
садақасын беру міндеттелмейді. Алайда, беріп жатса,
оқасы жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет