Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Ол түнде періштелердің түсетіні рас па?



Pdf көрінісі
бет41/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60
Сұрақ:
Ол түнде періштелердің түсетіні рас па?
Жауап: 
«Қадір» сөзінің бір мағынасы – «сығылысу». Осы-
ған байланысты зерттеуші ғалымдар қадір сөзі «тарылу» 
мағынасын да білдіреді деген жорамалдар жасаған. 
Өйткені бұл түні жер бетіне періштелер толып кетеді. 
«Қадір» сүресінде: 
«Ол түні періштелер және Жебірейіл 
(оған Алланың сәлемі болсын)
Раббыларының рұқсаты- 
мен әр түрлі іс атқару үшін түседі», – дейді. Сол түнгі көк- 
тен түсетін періштелердің саны жердегі майда тастардан
да көп болады. Пенденің әрбір жасаған дұғасына «әмин» 
деп тұрады.
Сұрақ:
Қадір түнінде қандай дұға жасаған абзал?
Жауап: 
Қадір түні – мұсылман баласы не тілесе де Алла 


56
оның дұғасын қабыл ететін ерекше түн. Айша анамыз (Алла 
оған разы болсын) Пайғамбарымыздан (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алланың елшісі, Қадір 
түнінде қандай дұға жасайын», – деп сұрағанда, Ол (оған 
Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аллаһуммә иннәкә 
ъафуун кәрим, тухиббул ъафуа, фаъфу ъанни» (Алла Тағалам, 
Сен кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, менің күнәларымды 
кешіре гөр)», – деп дұға етуге кеңес берді.
Сұрақ:
Қадір түні рамазанның қай түні?
Жауап: 
Қадір түнінің қай түнге сәйкес келетіндігі тек қана 
Алла Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 
ғана білдірілген. Алайда әрбір істі белгілі бір хикметпен
даналықпен жаратқан Алла Тағала Пайғамбарымызға ол 
түнді ұмыттырған. Десе де, ардақты Пайғамбарымыз (оған 
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің көптеген 
хадистерінде қадір түнін рамазан айының соңғы он 
күндігінде және сол он күндіктің тақ түндерінен іздеуімізді 
бұйырған. Яғни қадір түні рамазан айының 21, 23, 25, 27, 
29 күндері болуы әбден мүмкін. Тақ түндерге байланысты 
сахаба Абдулла ибн Омардан (Алла оған разы болсын) 
бірнеше жолмен жеткен сахих хадисінде Пайғамбарымыз 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қадір түнін 
Рамазанның 27-түні іздеңдер», – деген 
(Бұхари, Мүслим)
. Осы 
сынды хадистерге сүйенген көптеген ғалымдар, әсіресе 
Орта Азия мұсылман жұрты осы түні қадір түні болуы әбден 
мүмкін деген болжам жасаған. Алайда, қадір түнінің нақты 
қай түн екендігі тек бір Аллаға ғана аян. Пайғамбарымыз 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рамазанның 
соңғы он күндігінде құлшылыққа ерекше беріліп, иғтикафқа 
кіретін еді деген. Иғтикаф – құлшылық мақсатымен мешітте 
оқшаулану. Айша анамыздың (Алла оған разы болсын) 
сөздерін ескерсек, рамазан айының соңғы он күнінде, 
Қадір түні


57
әсіресе тақ түндерінде құлшылыққа ерекше ден қойған 
жөн. Сонда соңғы он күндіктің ішіндегі тақ түндерінің біріне 
сәйкес келу ықтималдығы жоғары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет