Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Тарауих таспихының басқа да мәтіндері бар ма?



Pdf көрінісі
бет40/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60
Сұрақ:
Тарауих таспихының басқа да мәтіндері бар ма?
Жауап: 
Оқылуы:
«Субханәл ханнанил мәннән. Субханәл 
мәликид-дәйяән. Әл-маъруфу бил ихсән. Уәл маусуфу бил 
ғуфран. Әл-уадаъ, әл-уадаъ. Иә шәһра рамадан. Әл-фирақ, 
әл-фирақ. Иә шәһрат-тарауихи уа-тәсәбихи уа хатмил қур 
-ан. Һәзә шәһрун әуалуһу рахма, уә әусатуһу мағфира, уә
әһируһу ъитқум-минан ниран. Лә иләһә иллаллаһу нәстағ- 
фируллаһ, нәс-әлукал жәннәтә уә нәъузу бика минан-нәр».
Мағынасы: «Мейірбан, мол ризық беруші Алла мінсіз. 
Амалдардың қарымын беруші Патша болған Алла мінсіз. 
Құлдарына жақсылығын аямайтын, кешірімі мол Алла! 
Қош бол, қош бол, уа, рамазан айы! Сен бізден тағы да 
алыстайсың, алыстайсың. Уа, тарауихтер, таспихтер мен 
Құран хатым айы. Бұл айдың басы мейірім, ортасы кешірім 
әрі соңы тозақ отынан азат болу. Алладан басқа тәңір жоқ, 
Алладан кешірім сұраймыз. Уа, Алла Тағалам, өзіңнен 
жәннатты сұрап, тозақ отына қарсы өзіңнен пана іздейміз».
Тарауих намазы


55
ҚАДІР ТҮНІ
Сұрақ:
Қадір түні дегеніміз не?
Жауап: 
«Қадір» сөзі «үкім түні» мағынасын береді. 
Демек, қадір түні – Алланың тағдырды үкім ететін түні. 
Құранда:
«Ол кеште барлық хикметті істер айырылады», – 
деген 
(«Духан» сүресі, 4-аят)
. Қатада: «Бұл түнде келесі жылғы 
істердің тағдыры жазылады», – дейді. «Қадір» сөзінің тағы 
бір мағынасы «абырой, бедел». Мұндай жоғары дәрежеге 
лайық болуының себебі, бұл түннің қадір-қасиеті мың айдан 
да қайырлы. 
«Қадір түні мың айдан да артық», – деп «Қадір» 
сүресінде баяндалады. Рамазан келгенде, Алла Елшісі (оған 
Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, сендерге 
бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда 
кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр 
қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам 
ғана айырылып қалады!» – деп жеткізген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет