Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет47/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

 
Сұрақ:
Пітір садақаның сыры не?
Жауап:
Пітір садақа – оразадағы қате-кемшілікті толық- 
тырушы садақа. Сонымен қатар, кедейлерге ораза айтта 
мерекелеуге септігі тиетін садақа түрі. Абдулла ибн Аббас 
(Алла оған разы болсын): «Алла Елшісі (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын) пітір садақаны оразадағы 
артық сөз бен әрекеттен тазартуы үшін және кедейлерге ас 
(дастарқан) болу үшін міндеттеді», – деп риуаят етеді.
Пітір садақасы


63
ИҒТИКАФ
Сұрақ:
Иғтикаф дегеніміз не?
Жауап: 
Иғтикаф – бір жерде отыру, ешқайда шықпау
бас тарту дегенді білдіреді. Фиқһ терминінде – мешітте 
немесе соған ұқсас орында иғтикафқа ниет етіп, белгілі бір 
мезгіл сол жерде қалу деген мағынаны қамтиды. 
Сұрақ:
Иғтикаф ғибадаты жайлы Құран мен хадисте не 
айтылған?
Жауап:
Құранда «Бақара» сүресінің 187 мен 125-аят- 
тарында: 
«Сендер мешітте иғтикафта болғанда...»
және 
«Менің үйімді 
(Қағбаны)
тауап етушілер

ғибадатқа 
отырушылар және рукуғ, сәжде етушілер үшін тап-таза 
ұстаңдар»
, – делінген. Айша анамыз: 
«Алла Елшісі Мәдинаға 
келген соң, көз жұмғанға дейін Рамазанның соңғы он күнін 
иғтикафпен өткізетін»
, – дейді. Иғтикафтың мақсаты 
– адамның оңаша қалып шынайы ықыласпен Аллаға бет 
бұруы, Оған жақындауға тырысуы.
Сұрақ:
Иғтикафтың қандай түрлері бар?
Жауап: 
Иғтикаф – уәжіп, бекітілген сүннет және мұстахаб 
болып бөлінеді. Нәзір етілген (иғтикафқа кіремін деп сөз 
берген) иғтикаф – уәжіп. Рамазанның соңғы он күндігіндегі 
иғтикаф – бекітілген сүннет (муәккада) және басқа бір 
уақытта ғибадат ниетімен мешітте бір мезгіл иғтикафта 
болу – мұстахаб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет