Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Рамазан оразасының әр күніне бөлек ниет ету



Pdf көрінісі
бет7/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Рамазан оразасының әр күніне бөлек ниет ету 
шарт па, әлде айдың басында ниет ету жеткілікті бола ма?
Жауап:
Оразаның әрбір күні өз алдына бөлек ғибадат. 
Сондықтан әр күнге жеке ниет ету шарт болып саналады. 
Фиқһ ғалымдары бір күннің оразасын бұзу басқа күндердің 
оразасын бұзбайтынын айта отырып, Рамазан оразасының 
әр күніне жеке-жеке ниет ету қажет деген тұжырымға 
тоқтаған. 
Сұрақ:
Ораза ұстауға қалай ниет етіледі?
Жауап:
Оразаға былай ниет етіледі: «Нәуәйту ән асумә 
саумә шаһри рамаданә минәл фәжри иләл мәғриби халисан 
лилләһи таъалә». 
Мағынасы: «Алланың разылығы үшін рамазан айының 
оразасын таңнан кешке дейін ұстауға ниет еттім».


12
Сұрақ:
Рамазан оразасы қаза болған жағдайда оған 
қалай ниет етіледі?
Жауап:
Мойнында бір күндік немесе одан артық рамазан 
оразасының қазасы бар адам бұл оразалардың қазасын 
өтегенде: «Мойнымдағы қазалардың ең алғашқысын 
(немесе ең соңғысын) өтеуге» деп ниет етеді. Сондай-ақ: 
«Рамазан айының қаза болған оразасын таңнан кешке 
дейін өтеуге ниет еттім» деп айтуына да болады.
Сұрақ:
Құбылмалы яки шартты түрде ниет етуге бола 
ма?
Жауап:
Жоқ, ниет құбылмалы және шартты болмауы 
керек. Мысалы, «ертең қонаққа шақыра қалса, аузымды 
ашуға, егер шақырмаса, ораза ұстауға ниет еттім» деп ниет 
етуге болмайды. Мұндай құбылмалы ниетпен ораза дұрыс 
болмайды. Сонымен қатар екі ойлы болып, «Алла қаласа, 
ертең ораза ұстауға ниет еттім» деп ниет етуге де болмайды. 
Ал «Алла қаласа» деген сөзді Алланы еске алу үшін ғана 
айтып, нақты ораза ұстау ниетінде болса, онда бұлай ниет 
етуінде сөкеттік жоқ.
Сұрақ:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет