Сұрақ: Сәресі уақыты өтіп кеткенде білместікпен ішіп- жеп қойса не болады? Жауап: Бұндай жағдайда «оразам бұзылды» деп ойлап,
аузын ашып жіберуіне болмайды. Оразасын әрі қарай
жалғастырады. Кейін сол күнгі оразаның қазасын өтейді.
Сұрақ: Таң намазына 2 минут қалғанда ауыз бекітсе бола ма? Жауап: Азан айтылғанға дейін ішіп-жеуге болады.
Хадисте:
«Сендер Ибн Умму Мәктум азан шақырғанға дейін ішіп-жеңдер» , – деген
(Бұхари)
. Ал егер ұйықтап қалудан
қорықса, сәресін ертерек ішіп, ниет етіп, ұйықтауына
болады. Дегенмен, сәресіге тұрып тамақтанғаны абзал.
Өйткені, сәресіде береке бар.
Сұрақ: Биыл бірінші рет ораза ұстап жатырмын. Бірнеше күн сәресі уақыты күн шыққанға дейін жалғасады деген оймен тамақтанып жүрдім. Кейін оның дұрыс еместігін білдім. Бұндай жағдайда алғашқы ораза ұстаған күндерім не болады? Жауап: Жалпы шариғат бойынша оразаның басты
шартының бірі – уақыт. Яғни ауыз бекіту және ауыз ашу
уақыты. Ауыз бекіту таң намазы уақытының кіруімен
басталып, күннің батуымен аяқталады. Сондықтан сіздің
жағдайыңызда сәресі уақытын дұрыс білмегендіктен сол
күндердің қазасын өтеуге тура келеді.
Сұрақ: Таң намазынан соң күн шыққанға дейін ішіп- жеуге бола ма? Жауап: Таң намазы кірген соң ішіп-жеуге болмайды.
Құранда «Бақара» сүресінің 187-аятында:
«Таңның ақ жібін Сәресіге қатысты
16
түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер. Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін оразаны толық ұстаңдар» , – делінген. Шариғат бойынша түн күннің
батуымен басталады.