Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Оразаның қандай түрлері бар?



Pdf көрінісі
бет5/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Оразаның қандай түрлері бар?
Жауап: 
Ораза парыз, уәжіп, нәпіл және мәкрүһ деп 
бөлінеді.
Сұрақ:
Ораза қай уақыттан қай уақытқа дейін ұсталады?
Жауап:
«Бақара» сүресінің 187-аятында:
 
«Таңның ақ 
жібін түннің қара жібінен ажыратқанға дейін жеп-ішіңдер. 
Содан кейін күн ұясына батып, ымырт түскенге дейін 
Рамазан оразасына қатысты


9
оразаны толық ұстаңдар»
, – делінген. Демек оразаның 
уақыты – таң намазының уақыты кіргеннен бастап, күн 
батқанға дейін. Сақтық үшін таң намазына 10 минут қалғанға 
дейін сәресін ішіп ауыз бекіткен абзал. Ақшам намазының 
уақыты кіргенде ауыз ашады.
Сұрақ:
Ауызашар алдында қандай дұға оқылады?
Жауап:
Ауызашар дұғасы:
«Аллаһуммә ләкә сумту, уә бикә 
әмәнту, уә ъәләйкә тәуәккәлту, уә ъәлә ризқикә әфтарту, 
фағфир ли мә қаддәмту уә мә аххарту». 
Мағынасы:
«Раббым 
Алла, Сен үшін ораза тұттым. Саған иман келтірдім. Саған 
тәуекел еттім және Сен нәсіп еткен ризықпен аузымды 
аштым. Менің өткен және кейінгі күнәларымды кешіре гөр».
Сұрақ:
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?
Жауап:
Ораза тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Мұсылман 
адам бұл ғибадатты күллі денесімен орындаған абзал. Яғни, 
тілімен өсек айтпау, қолымен біреуге зиян тигізбеу, көзімен 
бөгде әйелге сұқтанып қарамау т.б. Сондай-ақ құлшылыққа 
ден қойып, садақа беру, адамдарға жақсылық жасау және 
Құран оқу сынды ізгі амалдарды орындағаны абзал.
Сұрақ:
Ауыз ашуға асығуға бола ма?
Жауап:
Құдси хадисте: «Менің ең жақсы көретін құл- 
дарым – ауыз ашуға асыққандар», – делінсе 
(Тирмизи)

басқа бір хадисте: «Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын 
жақсылықта болады», –
 
делінген
 
(Мүслим)

Сондықтан ауыз 
ашуға асығу дінімізде мұстахаб амалға жатады. Имам 
Шафиғи бір сөзінде: «Күннің батқандығы анық білінгеннен 
кейін ауыз ашуды кешіктіріп, өзінің осы әрекетін абзал 
көрген адам
, хадистерге қайшы
 амал жасағандықтан, онысы 
мәкрүһ болмақ. Түнде ораза ұстау дұрыс емес. Ал кешіктіруді 
абзал деп ойламаса (жағдайға байланысты ауызашарды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет