ОРАЗА АЙТЫНА ҚАТЫСТЫ
Сұрақ:
Айт мейрамы жайлы айтсаңыз.
Жауап:
Айт – мұсылмандардың ұлы мейрамы. Ислам ді-
нінде екі мереке бар. Ол Ораза айт және Құрбан айт мере-
кесі. Шариғат бойынша отыз күн ораза біткеннен кейін
шәууал айының бірінші күні ораза айт болып есептеледі.
Ескере кететін жайт, ораза айт – бір күн. Алайда халық
арасында қалыптасқан әдет бойынша үш күнге дейін дас-
тарқан жайылып, айттаумен жалғасын табады. Айт намазы-
на дейін әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларының
да мереке күндері дастарқан жайып халықпен бірге қуа-
нулары үшін пітір садақалары таратылады. Араздасқандар
татуласады. Ал Құрбан айт 4 күнге жалғасады. Айт намазы
оқылған соң Алланың разылығы үшін ұлық құлшылық бол-
ған құрбан шалу рәсімі жасалады. Мерекелік дастарқан-
дар жайылып, халық құрбандық еттерінен дәм татады.
Достарыңызбен бөлісу: |