Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Айт күндері ораза ұстауға бола ма?



Pdf көрінісі
бет107/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

Сұрақ:

  Айт күндері ораза ұстауға бола ма?

Жауап: 

Ораза  айттың  бірінші  күні  және  құрбан  айттың 

төрт күнінде ораза ұстау – тахриман мәкрүһ. Өйткені бұл 

Алланың  бізге  сыйлаған  мерекесі,  тойлау  және  қуаныш 

күндері. Бұл күндері ораза тұту күнә болғанымен, оразасы 

жарамды.  Егер  осы  күндері  ұстаған  оразасын  бұзса,  қаза 

өтеуі  керек  емес.  Ал  оразаның  қазасын  айттан  кейін  кез 

келген  күні,  келесі  жылдың  ораза  айына  дейін  өтеуге 

болады.

Сұрақ:

  Айт  күні  туылған  немесе  қайтыс  болған  адам 

үшін пітір беру міндет пе?

Жауап: 

Айт  күні  таң  атқанға  дейін  қайтыс  болса,  пітір 

садақа беру уәжіп емес. Ал егер таң атқаннан кейін дүние 

салса,  артында  қалған  туыстары  қайтыс  болған  кісінің 

малынан  өтейді.  Сол  секілді  айт  күні  таң  атпай  дүниеге 

келген сәбиге пітір садақасы – уәжіп. Ал таң атып қойған 

соң туылған балаға уәжіп емес. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет