Иғтикафтағы адам қандай жағдайда сыртқа
шыға алады?
Жауап:
Иғтикафта отырған адам мешітте жұма намазы
оқылмайтын болса, басқа мешітке жұма намазын оқу үшін
шығуы, кіші не үлкен дәрет алу үшін мешіттен сыртқа шығуы
шариғатқа сай және табиғи үзір болып саналғандықтан бұл
істерге рұқсат етіледі.
Сұрақ:
Иғтикафқа ниет еткен адам тағы неге мән беруі
тиіс?
Жауап:
Иғтикафқа кірген кісінің ішіп-жеуі, ұйықтауы
және қажет заттарын сатып алуы мешітте жүзеге асуы
қажет. Көп орын алмайтын заттарын мешітке әкелуге
болады. Мешіт ішінде әзірленген ыңғайлы жер болса, сол
жерде дәрет алып, ғұсыл құйынады. Мұндай орын болмаса,
сыртқа шығып дәрет алып, жуынғаннан кейін дереу мешітке
кіреді. Иғтикафқа кірген адам азан шақыру үшін мұнараға
шығуына болады.
Иғтикаф
|