Сұрақ:
Ораза кезінде немен айналысқан жөн?
Жауап:
Ораза тек ішіп-жеуден тыйылу емес. Мұсылман
адам бұл ғибадатты күллі денесімен орындаған абзал. Яғни,
тілімен өсек айтпау, қолымен біреуге зиян тигізбеу, көзімен
бөгде әйелге сұқтанып қарамау т.б. Сондай-ақ құлшылыққа
ден қойып, садақа беру, адамдарға жақсылық жасау және
Құран оқу сынды ізгі амалдарды орындағаны абзал.
Сұрақ:
Ауыз ашуға асығуға бола ма?
Жауап:
Құдси хадисте: «Менің ең жақсы көретін құл-
дарым – ауыз ашуға асыққандар», – делінсе
(Тирмизи)
,
басқа бір хадисте: «Адамдар ауыз ашуға асыққан сайын
жақсылықта болады», – делінген
(Мүслим)
. Сондықтан ауыз
ашуға асығу дінімізде мұстахаб амалға жатады. Имам
Шафиғи бір сөзінде: «Күннің батқандығы анық білінгеннен
кейін ауыз ашуды кешіктіріп, өзінің осы әрекетін абзал
көрген адам, хадистерге қайшы амал жасағандықтан, онысы
мәкрүһ болмақ. Түнде ораза ұстау дұрыс емес. Ал кешіктіруді
абзал деп ойламаса (жағдайға байланысты ауызашарды
Достарыңызбен бөлісу: |