Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ:   Ораза кезінде крем жағуға бола ма?



Pdf көрінісі
бет79/130
Дата06.04.2022
өлшемі1,03 Mb.
#30032
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   130
Байланысты:
2 5359518998088127895

Сұрақ:

  Ораза кезінде крем жағуға бола ма?

Жауап: 

Терідегі  жасушалар  арқылы  ет  пен  терінің 

арасына  сіңетін  заттар  оразаны  бұзбайды.  Мысалы,  крем 

немесе май жағу және жараның бетіне дәрі таңу т.б. Крем 

не  майды  жаққан  кезде  тым  қалыңдатпаған  жөн.  Себебі, 

қалың жағылған крем дәрет алғанда суды теріге өткізбеуі 

мүмкін. Ал теріге су тимеген соң дәрет дұрыс болмайды.

Сұрақ:

 

Гинекологқа қаралса, әйелдің оразасы бұзыла ма?



Жауап: 

Гинекологқа  ауыз  ашқаннан  кейін  тексерілгені 



Әйел кісілерге тән жағдайлар


49

абзал.  Ханафи  мазһабында  ораза  кезінде  қаралған  жағ- 

дайда  сұйықтық  жағылған  зат  әйелдің  әуретіне  салынса 

(енсе) оразасы бұзылады. Сонымен бірге, қандай да бір зат 

ішкі  әуретке  түгелдей  салынса,  ораза  бұзылады,  Мысалы: 

ішкі  әуретке  «Тампон»  тұтас  енсе  яғни,  оның  бір  бөлігі 

сыртқы  жақта  қалмаса  ораза  бұзылады.  Бірақ,  түгелдей 

салынбаса және құрғақ болса, онда ораза бұзылмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет