69
бола ма?
Жауап:
Ораза айттан кейін алты күндік оразаны шәууәл
айының ішінде бөліп ұстауға болады. Сондай-ақ арасын
үзбей ұстауына да рұқсат.
Сұрақ:
Бірінші қаза оразаны ұстайды ма, әлде Шәууәл-
дің оразасын ұстай ма?
Жауап:
Рамазанда түрлі себептермен кей күндерін қаза
етіп алған адам шәууәл айында әуелі рамазанның қазасын
өтеуіне де, сонымен бірге шәууәлдің алты күндік нәпілін
ұстаса да болады. Дегенмен рамазан оразасын толығымен
ұстау Алла Тағаланың бұйрығы екенін ескерген жөн. Ал
шәууәл айында 6 күн ораза тұту Пайғамбарымыздың (оған
Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннеті болғандықтан
алдымен оразаның қазасын өтеу абзал. Себебі, ажал айтып
келмейді, сондықтан алдымен парыз оразаның қазасын
толық өтеп, нәпіл оразаны одан кейін ұстаған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: