«зекет» батырмасын таңдау арқылы аудара алады.
Мешіттер арқылы зекет қаражаттары Құранда көрсетілген
8 топтың біріне яғни, мұқтаж отбасыларға үлестіріледі.
Сұрақ:
Қарызға берілген ақшаны зекет ретінде есептеп
беруге бола ма?
Жауап:
Ханафи мәзһабы ғұламаларының тұжырымда-
масында, қарызға берілген ақшаны уақыт өте келе зекет
ретінде есептеу парызды мойыннан түсірмейді. Өйткені,
зекет малы сол мезетте берген адамның меншігінде болуы
және зекет ниетімен берілуі шарт. Мұны кейбір Ханафи
ғалымдары: «Қарыз – зат емес, ол қарыз берген кісінің
ақысы. Ақылар зекет ретінде берілмейді», – деп түсіндірген.
Зекетті мұқтажға беретін кезде «зекет ниетімен» табыстау
керек. Ал, қарыз зекет ретінде берілмейді.
Зекет
|