Сұрақ:
Шариғат бойынша кімдер зекет беруге тиісті?
Жауап:
Зекет парыз болу үшін мұсылман болуы, балиғат
жасына жетуі, ақыл-есінің дұрыс болуы, байлығы шариғат
белгілеген нисап мөлшеріне жетуі және байлығы қолында
бір жыл сақталған болуы керек.
Сұрақ:
Зекет қандай байлықтан беріледі?
Жауап:
Зекет үш түрлі мал-мүліктен беріледі.
Бірінші:
Алтын, күміс, ақша, сауда тауарлары және басқа да құнды
заттар. Екінші: Төрт түлік малдан: түйе, сиыр, қой, ешкі.
Үшінші: Егіндік және жеміс-жидектерден зекет беріледі.
Сұрақ:
Үйде сақтаулы тұрған алтын бұйымдардан зекет
беріле ме?
Жауап:
Сақтаулы тұрған
алтын бұйымдар таза алтын яки
құрамында алтын мөлшері көп бұйым болса, сонымен бірге
нисап мөлшеріне яғни, 85 гр жетсе, әрі бір жыл бойы қолда
сақталған болса, жыл аяғында мейлі сауда айналымында
болсын-болмасын оның 2,5 пайызы зекет ретінде мұқтаж
жандарға берілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |