Сұрақ:
Қарызы бар адам садақа беруіне бола ма?
Жауап:
Алған қарызды қайтару – уәжіп. Ал садақаның
үкімі – мұстахаб. Хадисте: «Жағдайы бола тұра қарызды
өтемей созып жүру – зұлымдық», – деп ескертілген (әл-
Мустадрак). Сол себепті, қарызы бар адам әуелі бе-
решегінен құтылуды ойлағаны абзал. Дегенмен берген
садақасы қарызын өтеуге кедергі келтірмесе яки қары-
зын өтейтін уақытта берешегінен құтыла алатындығына
сенімді болса, қажеттілігінен тыс дүниеден шама-шар-
қынша садақа беруіне болады.
Достарыңызбен бөлісу: |