2. «Әй (даңқы ұлы) пайғамбар! біз сені, сөз жоқ
куәгер, қуантушы, ескетруші және Оның әмірімен
адамдарды Аллаһқа шақырған (тура жолды көрсете-
тін
) нұрлы шырақ етіп жібердік».
2
3. «Шынында сендерге өз іштеріңнен бір пайғам-
1. Әнбия сүресі, 107-аят.
2. Ахзаб сүресі, 45-46 аяттар.
6
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
бар келді. Сендердің қиналуларың оған қатты батады.
Ол сендерге ынтық, бүкіл мүминдерге аса еміренгіш,
мейрімді».
3
Бұл аятта Аллаһ Тағала өзіне тән «Раууф»
(мейірімді) және «Рахим» (рақымды) деген сипат-
тармен Пайғамбарымызды (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) да сипаттап, Оған деген ілтипатты білдірген.
Пайғамбарымыздың мүминдерге деген ынтықтығы –
оларға тура жолды көрсету үшін төзген қиындықтары
және олардың дүние мен ақырет бақытына қол жеткізу
үшін шеккен азаптары.
4. «Ол сондай Аллаһ, сауатсыздарға өз іштерінде
оларға Аллаһтың аяттарын оқып, оларды (күнәлар-
дан
) арылтатын, сондай-ақ оларға Кітапты (Құран)
және хикметті үйрететін пайғамбар жіберді...»
4
Бұл аят кәримада Пайғамбарымыздың (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм) міндеттері басты төрт тармақтан
тұратындығы айтылады;
а. Адамдарға Аллаһтың аяттарын оқу.
ә. Оларды тазартып, игілікке жеткізу.
б. Аллаһтың кітабын үйрету.
в. Хикметті (даналықты) көрсету.
5. «(Ей, ұлық пайғамбар!) Сен түп-түзу, хақтан
айырылмайтын тура жолдағы нағыз пайғамбарлар-
дансың».
5
3. Тәубә сүресі, 128-аят.
4. Жұма сүресі, 2-аят.
5. Ясин сүресі, 2-аят.
|