Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет5/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
10



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
алауыздықтан және бидғаттардан (Пайғамбарымыз 
баяндаған дінге жатпайтын істен) қорғаған.
Оның сүннеті де жүзеге асырылған сайын үмбеті 
үшін қауіпсіздік дәнекері және тыныштық бұлағы бо-
лып жалғаса береді.
14. «(Ей, Мұхаммед!) Сен тек Аллаһтың рахметі 
арқасында оларға мүләйім болдың. егер дөрекі және 
қатал болсаң, олар сенен алыстап, бет-бетіне кетер 
еді».
 16
б. өз Сөзінен пАйғАмбАрымыз
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
әлемге мейірімді және де әлемнің жаратылуына се-
беп болғаны үшін Аллаһтың ілтипатына ие болды. 
Бұларды өз аузынан тыңдап көрейік:
1. Мен – жаратылуым бойынша пайғамбарлардың 
алғашқысымын, ал жіберілуім бойынша соңғысымын.
17
2. Пайғамбарымыздан (саллаллаһу аләйһи уә сәл-
ләм) сұрайды:
«Уа, Аллаһтың Елшісі! Саған пайғамбарлық қашан 
берілді?» Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) былай деп жауап береді:
«Адам Ата әлі рух пен дене арасында болғанда». 
18
Оның пайғамбарлығы бүкіл адамзатты қамтиды.
3. Ол шынында:
16. Әли-Имран сүресі, 59-аят.
17. Мүслим, Қадәр, 16/2653
18. Тирмизи, Мәнақиб 1; Ахмет бин Ханбел, IV, 66, V, 59.


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
11



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
«Мен қызылға да, қараға да пайғамбар болып 
жіберілдім» - деген.
19
Оның келу хикметтерінің бірі жақсы мінезді 
толықтыру еді:
4. «Мен жақсы мінезді толықтыру үшін жіберіл-
дім».
20
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) мінезі үйренумен, тырысумен болған емес
толығымен иләһи сый нәтижесінде пайда болған. 
Хақ Тағала Оны жаратты да, өзі тәрбиеледі. Бұл 
пайғамбарларға қарасты бір жағдай болып, Пайғам-
барымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) да бұл туралы 
былай деген:
5. «Мені Раббым тәрбиелегендіктен әдебім мен 
мінезім қандай тамаша».
21
Оның мейірімі мен қайырымдылығы бүкіл адамзат-
ты қамтиды. Ол былай дейді:
6. «Мен лағнет айту үшін жіберілмедім. Мен 
тек Аллаһтың құлшылығына шақырушы және рах-
мет ретінде ғана жіберілдім. Аллаһым, қауымымды 
һидаят-қа (тура жолға) сал, өйткені олар (ақиқатты) 
білмейді».
7. «Аллаһ Ибраһимұлдарынан Исмайлды, Исмайл-
ұлдарынан Кинанаұлдарын, Кинанадан Құрайшты, 
19. Мүслим, Мәсажид, 3/251
20. Муатта, Хуснул-хулқ, 8
21. Ажлуний; Исмаил б. Мұхаммед, Кәшфул-Хафа, І, 70, Бейрут 
1352 (Асқаридан)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет