Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет12/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
мадақтайды. ей, иман келтіргендер! Сендер де оны 
мадақтаңдар! Оған салауат айтып, сәлем жіберіп 
тұрыңдар!».
39
Бұл деген - Аллаһ Тағаланың Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) салауат пен сәлем ай-
туы, Оны періштелерінің жанында мақтауы, ал пе-
ріштелердің, Оған салауат пен сәлем айтуы, Ол үшін дұға 
етулері. Осы аят түскенде Расулұллаһ (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) сахабаларына өзіне сәлем берулерін 
сұрайды. Сондықтан ардақты сахабалары мен одан кейін 
келгендер Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) қасиетті қабірін зиярат еткенде де, мүбарак 
есімі аталғанда да салауат пен сәлем айтуға міндетті. 
Бұл міндет белгілі бір уақыт үшін емес. Осы себепті 
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Егер, кімде-кім күніне маған жүз рет салауат 
пен сәлем айтса, Аллаһ ол адамның ақыретте жетпіс 
қажетін, жарық дүниеде отыз қажетін, сөйтіп жүз 
қажетін өтейді». «Аллаһ Тағаланың жер шарын ара-
лап жүретін періштелері бар. Олар үмбетімнен болған 
адамдардың салауат пен сәлемдерін маған жеткізеді»
40

- деп айтқанымен қатар, аты аталған жағдайда өзіне 
салауат пен сәлем айтпаған адамды сараң ретінде 
сипаттаған.
41
39. Ахзаб сүресі, 56-аят.
40. Ахмед бин Ханбәл, І, 387
41. Тирмизи, Дағуат, 100, Ахмед бин Ханбәл, 1, 201.


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
21



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Осы тақырып жайында хадис өте көп. Дегенмен бір 
хадисте:
«Жұма күні маған көптеп салауат пен сәлем айтың-
дар. Өйткені, сол күні сендердің салауат пен сәлемдерің 
маған тез арада жеткізіледі», - дейді. Сахабалар 
сұрайды:
«Уа, Расулұллаһ! Қабіріңізде шіріп жатқаныңызда 
біздің салауат пен сәлеміміз сізге қалай жетеді?». Сонда 
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) айта-
ды:
«Аллаһ Тағала жер жүзіне пайғамбарлардың 
денелерін жеп шірітуіне тыйым салған».
42
 «Біреу маған 
сәлем бергенде, Аллаһ маған рухымды өзіме қайтарады 
да, оның сәлеміне үн қатамын».
43
Өйткені Аллаһ Тағаланың пайғамбары әрқашан да 
тірі, Хақ Тағала оның тілегін үнемі қанағаттандырады.
44
Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) жоғары мәртебелер мен орындардағы 
рухы оның денесімен байланысын әрқашан жал-
ғастыра береді. Айтылған салауат пен сәлемдердің 
мақсаты - Расулұллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) махаббатына, құрметіне жету. Өйткені, адам 
құлай сүйгенін үнемі еске алады және ол адамын беріле 
сүйеді.
42. Ахмет бин Ханбәл, Ибн Мәжә, Жанайз, 1636; Нәсәй, Жұма, 
5
43. Әбу Дауд, Мәнәсиқ 94.
44. Ибн Мәжә, Жанаиз, 1637.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет