Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған


еді. 7. Төсегі мен тынығу мәдениеті



Pdf көрінісі
бет20/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65
 еді.
7. Төсегі мен тынығу мәдениеті
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алейһи уәсалләм) 
төсегі кейде ішіне құрма жапырақтары толтырылған 
теріден болатын. Кейде екі бүктелген жамылғыш пен 
мата, алаша, кейде қарапайым бір төсек болатын. Құрғақ 
топыраққа жатқан кезі де болған. Жастығының 
тысы тері, іші құрма талшықтарына толы болатын.
Хазіреті Хафса (радиаллаһу анһә) айтады: «Бір 
рет Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) жақсы жатуы үшін матаны төрт бүктеп салып 
бердім, бірақ Ол оның жайлылығы үшін жасаған ісіме 
(жай бір жұмысқа көп мән бердің дегендей) реніш 
білдірді.
66
Ал, басқа бір риуаятта Хазіреті Айша (радиаллаһу 
анһә) былай дейді: 
«Бір күні ансар ханымдарының 
біреуі маған келді. Аллаһ Расулінің (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) іші құрма талшықтарына толы 
төсегін көріп, біршама уақыттан кейін іші жүнге толы 
төсек жіберді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи 
65. Нәсай, Ишаратун-Ниса, 1; Ахмет бин Ханбәл, ІІІ, 128
66. Тирмизи, Шәмайл. б. 261


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
37



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
уә сәлләм) оны көрген соң: «Бұл не?» - деп сұрады. 
Ал, мен: «Уа, Расулұллаһ! Ансардан пәленше деген 
әйел келді, ол сенің төсегіңді көрген соң, мынаны беріп 
жіберді», - дедім. Сол кезде Аллаһ Расулі (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) былай деді:
«Ей, Айша! Мынаны қайтарып бер. Егер мен қалап 
сұрасам, Аллаһ Тағала күміс пен алтын тауларын 
менің тілегіме берер еді». 
67
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бүкіл Арабияға үстем болып билеп тұрған кезінде үйінде 
кішкентай бір ағаш төсек пен су құятын торсығынан 
басқа ешнәрсесі жоқ еді.
Ұйықтайтын кезде әрқашан оң жағымен жатып, оң 
қолын оң жақ бетінің астына қойып жататын. Сапарда 
болған кезінде де осылай істейтін. Етбетінен жатқанды 
ұнатпайтын және сахабаларына да осылай жасауға 
тыйым салған. «Бұл жатыс түрі - Аллаһ Тағаланың 
жақсы көрмейтін түрі», - дейтін.
68


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет