Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет17/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

32



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
еленбеген арпа ұнынан жасалған нанды жейтін. Қиярды 
жаңа піскен құрмамен және тұзбен жегенді жақсы 
көретін.
Жеміс-жидектерден ең жақсы көретіні кептірілмеген 
құрма, қауын, қарбыз және жүзім еді. Кейде жаңа 
піскен құрма жейтін. Қарбызды шекермен, нанмен 
жейтін. Қауын-қарбызды екі қолымен жейтін. Құрманы 
оң қолымен жеп, сол қолына сүйектерін жинайтын. 
Жүзімді кейде бауымен аузына апарып жеген кезі де 
болған. Тамағы көбінесе құрма мен судан тұратын.
Құрманы сүтпен бірге жеген кезінде:
«Ең жақсы тағам!» - дейтін.
Ет пен етті тамақтарды жақсы көретін. «Тирит» де-
ген тамақты асқабақпен жейтін. Асқабақты да жақсы 
көретін және асқабақ жайлы былай дейтін:
«Ол  бауырым Юнустың көкөнісі».
Ауланған құс етін жейтін, бірақ өзі ауламайтын.
55
Ет жегенде басын төмен қарай имей, етті аузына 
жақындатып, тістеп жейтін. Қойдың аяқ, сан еттерін 
ұнататын. Бақырда піскен асқабақты, сіркеге 
(жүзімнің суы, уксус сияқты) туралған нанды және 
әжуә құрмасын жақсы көретін.
Тамақтың жұғынын саусақтарымен жалап жейтін 
де:
«Тамақтың соңы берекелі”,
56
- дейтін.
55. Ихия, II. 369, Ибн Мәжә, Атимә. 62.
56. Ихия, II, 371, Бәйхақидан.


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
33



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Саусақтарын жалап тазаламастан бұрын қолын 
майлықпен сүртпейтін. Тамақтың соңында игілік 
берген Аллаһ Тағалаға шүкірлік етіп, қолдарын жуатын.
Су ішерде үш реттен ішкенге зер салатын. Әр-
қайсысын бисмилләмен бастап, хамд (мадақ) айтып 
шүкірлікпен бітіретін.
57
Көпшілік арасында су немесе сүт ішкеннен кейін 
ыдысты оң жағындағы адамға беріп, оның одан әрі 
жалғасуын өтініп, сол жерде болған әр адамның ауыз 
тиюін қалайтын. Ішкен ыдысына үрлемейтін және 
ішіне демін шығармайтын. Ыдысты алыстатқаннан 
кейін ғана дем алып немесе дем шығаратын.
58
Үй ішінде жас қыздың ұялшақтығынан да аса 
ыңғайсызданып жүретін. Тамақты тек дастархан 
жайылғанда ғана отырып ішіп-жейтін. Ол тағамын өзі 
дайындаған кездері де болатын.
59
Өте тойып жемейтін және мұсылмандардың 
тамақты көп жеуін ұнатпайтын. Бұл жайында былай 
дейді:
«Адам баласы өз қарнынан басқа жаман бір ыды-
сты толтырмаған. Адамзатқа белін тіктей ұстап 
жүре алуға жететін бірнеше жұтым да жетеді. Егер 
адам баласы нәпсісін тыя алмайтын болса, қарнының 
үштен бірін тамаққа, үштен бірін сусын-суға, ал, қалған 
үштен бірін дем алуға бөлсін».
60
57. С.к., ІІ, 371, Табаранидан.
58. С.к., II. 371.
59. С.к., II. 371.
60. Ибн Мәжә, Атимә, 50




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет