Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет22/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
39



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Жаздың ыстық бір күні жұмысшылар мешітке 
жұмыс киімдерімен келген еді. Мешіт кішкентай 
болғандықтан ішінде жаман иіс мүңкіп кеткен еді. 
Осыған байланысты Пайғамбарымыз (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Жуынып келсеңіздер жақсы болар еді», - дейді.
71
Осыдан кейін жұма күндері жуынып тазалану 
сүннет болған еді. Сапарда болсын, өз елінде болсын 
тарақ, айна, мисуак (тіс тазалағыш ағаш), раушан майы, 
әтір, қайшы, сүрме секілді тазалық пен дәретхана 
жабдықтарын жанынан тастамайтын еді.
72
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мешітін айнадай етіп тазалап ұстайтын еді.
9. Күнделікті шаруасы мен іс-әрекеттері
Имам Тирмизи «Шәмайл» деген жазбасында 
Хазіреті Әлиден (радиаллаһу анһу) қалған нақыл 
бойынша Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) күнделікті уақытын үш мезгілге бөлгендігін 
айтады. Бұл уақыттардың бірі құлшылыққа, екіншісі 
халықтың ісіне, ал, үшіншісі өз қажетіне бөлінеді 
екен.
73
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
түн ортасында немесе түн ортасы ауған шақта 
тұрып, жастығының жанына қойған мисуакпен тісін 
71. Асры Сағадат
:
II, 11.
72. қар. М. Асым Көксал. Ислам Тарихы, Стамбул 1980, XI, 
162
73. Шәмайлу Мұхаммәдия, 265-267 б.


40



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
ысқылайды екен, сосын дәрет алып, тахажжүд намазын 
оқып, біраз уақыт ғибадат істерімен айналысқан. Бұдан 
кейін таң намазын оқу үшін мешітке баратын болған.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
таң намазынан кейін жайнамазының үстіне жатып, 
күн шыққанша тынығып алып, сосын келгендерді 
қабылдай бастайтын. Жан-жақтан келген адамдар 
Оның қасына жиналатын. Ал, Ол оларға уағыз бен 
насихат айтатын. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) зиярат етушілердің көрген түстеріне дейін 
тыңдап, осылайша олардың әр түрлі діни және күнделікті 
тіршіліктерімен айналысатын еді.
Кейбір риуаяттар бойынша Расулұллаһтың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) дұха уақытында төрт 
рәкағат немесе сегіз рәкағат намаз оқып, үйіне ба-
рып, үй шаруаларымен айналысып, киімдерін жамап, 
аяқ-киімдерін жөндеп, малдарын сауатын.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
екінті намазынан кейін әйелдеріне жеке-жеке кіріп, қал-
жағдайларын сұрайтын, ал түнде әйелдерінің бірінің 
қасында өткізетін. Басқа әйелдері түнді бірге өткізетін 
әйелінің қасында жиналып, құптан намазына дейін сол 
жерде болатын. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) құптан намазын оқып болған соң үйіне оралатын, 
ал әйелдері бөлмелеріне тарап тынығатын еді. Құптан 
намазынан кейін бөлмесінде Құраннан Исра, Зүмәр, 
Хадид, Тағабұн және Жұма сүрелерінің бірін оқитын.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) әр 
намаз үшін бөлек дәрет алуға тырысатын. Кейде бір 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет