Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет30/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

2. Аллаһтан қорқуы
Хазіреті Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
- пайғамбарлардың соңғысы, адамзат атаулысының 
ең кемелдісі және Аллаһтың сүйікті құлы бола тұра 
Аллаһтан қорқатындығы соншалықты, кейде «Мах-
шар күні қандай күйге түсер екенмін?» деп, Аллаһтан 
қорқып, нұрлы көздерінен жас аққан кездері болған 
екен.
Бір күні Абдуллаһ бин Мәсғуд (радиаллаһу 
анһу) Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) құзырында Ниса сүресінің: «(Әй Мұхаммед! 
Қиямет күнінде) 
Әрбір үмбетке өз ішінен бір куәгер 
(пайғамбар) 
және бұларға (үмбетіңнің имансыз 
бұзықтарына) 
сені куәгер етсек олардың халы 
не болмақ?» - деген 41-ші аятын оқыған кезінде, 
Расулұллаһтың көздерінен жас парлап қоя берген.
94
Аласапыран дауыл соққанда қайғырып, қандай 
да бір маңызды жұмысы болса, дереу тастай сала 
Құбылаға қарап: «Ей, Жаратқан Ием! Келуі ықтимал 
пәлекеттерден қорғанып, сені паналаймын»
95
- дейтін де, 
күн ашылған кезде шүкіршілік етіп, мақтауын жауды-
ратын еді.
93. Ахмед бин Ханбәл, V, 225.
94. Бұхари, Фадайлул-Құран, 33; қар. Ихия, ІІ, 243.
95. Тирмизи, Әбу Дәуіт. 98.


56



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Бір күні тағы да осындай аласапыран дауыл 
соғады. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
қайғырады, Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) Оның не 
үшін қайғырып отырғанын сұрағанда:
- Һуд тайпасы ұшыраған жағдайға ұшыра-
масымызды қайдан білесің? Һуд тайпасы да бір 
бұлтты көріп, «бұл бұлт біздің егісімізді суарады» деп 
ойлаған, бірақ, сол бұлт олардың өзін жойып жіберген».
96
Убай бин Кағб (радиаллаһу анһу) айтады: - 
Түннің үштен екісі өткен соң Расулұллаһ (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм):
«Әй, иман еткендер! Аллаһты еске алыңдар. 
Аллаһты зікір етіңдер. Зілзала жақындап қалды, Оның 
соңынан талай қиын істер пайда болады. Өлім - өзінен 
кейінгі жағдайларымен және нәтижелерімен, мен- 
мұндалап тұр»
97
 - дейтін.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
мұнымен қатар: «Сендер мен білетінді білсеңдер, аз 
күліп, көп жылайтын едіңдер»,
98
деген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет