56
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
Бір күні тағы да осындай аласапыран дауыл
соғады. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
қайғырады, Хазіреті Айша (радиаллаһу анһә) Оның не
үшін қайғырып отырғанын сұрағанда:
-
Һуд тайпасы ұшыраған жағдайға ұшыра-
масымызды қайдан білесің? Һуд тайпасы да бір
бұлтты көріп, «бұл бұлт біздің егісімізді суарады» деп
ойлаған, бірақ, сол бұлт олардың өзін жойып жіберген».
96
Убай бин Кағб (радиаллаһу анһу) айтады: -
Түннің үштен екісі өткен соң Расулұллаһ (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Әй, иман еткендер! Аллаһты еске алыңдар.
Аллаһты зікір етіңдер. Зілзала жақындап қалды, Оның
соңынан талай қиын істер пайда болады. Өлім - өзінен
кейінгі жағдайларымен және нәтижелерімен, мен-
мұндалап тұр»
97
- дейтін.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
мұнымен қатар:
«Сендер мен білетінді білсеңдер, аз
күліп, көп жылайтын едіңдер»,
98
- деген.
Достарыңызбен бөлісу: