Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет26/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65
46



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Пайғамбарымыздың өзі де біреуге зиярат етуге барса, 
есіктің оң, не сол қанатына тұрып, «Ассаламу алейкум» 
деп, ішке кіру үшін рұқсат сұрайды, рұқсат етілсе кіреді, 
естілмесе кері қайтатын еді.
81
Сахабаларының бірімен кездесіп қалған кезде оны-
мен қол айқастырып амандасып, оның қолын қатты 
қысатын.
Бір күні жолда мұнафиқтар мен мұсылмандардың 
бірге отырғандарын көріп, барлығымен сәлемдескен 
еді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
ауру адамдардың көңілін сұрауға қатты көңіл бөліп, 
ондай адамдарды зиярат ету мұсылмандардың міндеті 
екендігін үнемі айтатын.
Науқас адамның көңілін сұрап барғанда, оны өмірге 
үміттендіріп, тамыр соғысын қолымен ұстап көріп, 
киелі қолын маңдайына басатын еді. Ем қонуы үшін 
Аллаһ Тағалаға дұға қылып, ауру адамға «иншаллаһ 
айығып кетесің» - дейтін.
Егер біреу көңілге тиер сөз айтатын болса, оған 
қатты ренжитін. Науқас адамдардың өлім жайындағы 
ойларын сейілтіп көңілдерін көтеретін.
82
14. Жалпы игі істері
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
оң қолымен жұмыс істегенді жақсы көретін. Аяқ 
81. қар. Тәжриди Сарих аудармасы (ауд. Камил Мирас), Анкара 
1972, IV, 284.
82. Тирмизи, Тыбб 35; Ибн Мәжә, Жәнайз, 1


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
47



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
киімін киерде алдымен оң аяғын киетін еді. Мешіттің 
табалдырығын оң аяғымен аттайтын және бір нәрсе та-
рататын болса алдымен оң жағындағылардан бастайтын. 
Бір істі бастарда «бисмилләһ» деуді ұмытпайтын. Киімді 
де оң жағынан киіп, сол жағынан шешетін.
Хазіреті Әнәс (радиаллаһу анһу) айтады: «Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір күні үйіме келіп, су 
сұрады. Ал мен сүт бердім. Ішті. Оның сол жағында 
Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу анһу), алдында Хазіре-
ті Омар (радиаллаһу анһу), ал оң жағында бір бәдәуи 
(ауылдық араб) отырған еді. Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сүтті ішіп болған соң, 
Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу), ыдысты Хазіреті Әбу 
Бәкірге (радиаллаһу анһу) берейін дегенде Расулұллаһ 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ыдысты оң жағында 
отырған бәдәуиге беруін өтінді».
83
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
сахабаларын, және баласы бар әйелдерді күниелері-
мен
84
шақыратын еді. Баласы жоқ әйелдер мен балалар-
ға да күние тауып барып шақыратын еді. Осылайша, бар-
ша жұрттың көңілін көтеріп жүретін».
85
83. Бұхари , Әшрибә 18; Әбу Дәуіт, Әшрибә 19.
84. Күние: Өзі аты мен лақап атынан бөлек қолданылатын және 
«әбу, ибн, бинт, үмм (әке, ұл, қыз, ана) » сияқты сөздермен 
айтылатын тәртіп.
85. қар. Әбу Дәуіт, Әдеп, 77, 78.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет