Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет50/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
91



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
уә сәлләм) бірге намазымды оқыдым. Намаздан кейін 
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйіне кетті. 
Ал, мен соңынан ердім. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) жолда балаларға кезігіп, барлығының 
бастарынан сипады және солармен бірге менің де басым-
нан сипады.
148
Бір күні Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бір баланы сүйіп тұрған кезінде бір бәдәуи келіп 
Расулұллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Сіз балаларды мұншалықты сүйесіз. Ал мен, он 
балам болса да, бір ретте құшағыма алып сүймеппін!» - 
дейді. Аллаһ Расулі оған:
«Аллаһ Тағала сені мейірім сезімдерінен мақрұм етсе, 
мен не істейін», - деген еді.
149
8. Әйелдермен жақсы қарым-қатынасы
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
алдына әрқашан ер адамдар жиналатындықтан 
әйелдердің Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) сұрақ қою мүмкіндіктері болмайтын еді. 
Осыған орай әйелдер Пайғамбарымызға (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) өтініш беріп, өздері үшін бір күн 
бөлуін сұраған еді. Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) бұл өтінішті қабылдап, әйелдермен кездесу 
үшін бір күн бөлген еді.
150
Пайғамбарымызға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
148. Мүслим, Бала.
149. Бұхари, Әдеп, 18
150. Бұхари, Ілім, 36


92



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
өтініш берген әйелдер өте ашық әрі анық түсініктемелер 
бере отырып сұрақ қоятын еді. Ал Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) асхабы олардың 
батылдықтарына таң қалушы еді.
Әйел табиғатындағы әдептілік пен жүрегіндегі 
н ә з і к т і г і н е байланысты, Пайғамбарымыз (сал-
лаллаһу аләйһи уә сәлләм) олардың сезімдерін өшіріп 
алмауға ерекше көңіл бөліп, әйелдерге өте жұмсақ әрі 
нәзік қарайтын.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
ұлы бетбұрыс орнатып, әйелдік асыл қасиет пен салмақты-
лықты оларға үнемі үйретіп отырған. Әйелдерге құрмет 
көрсетіп, оларға жете көңіл бөліп, қоғамда орын беріп, ер-
кектермен бір деңгейде ұстаған. Бұл Ол әкелген жүйе еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
бүкіл әлемге рахмет ретінде жіберілгендіктен, әр-
кіммен мейірімді мәміле жасауды бұйырған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет