Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссисы тарапынан мақұлданған



Pdf көрінісі
бет52/65
Дата23.01.2023
өлшемі0,67 Mb.
#62449
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65
Байланысты:
күнделікті іс-әрекеттері

94



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Хазіреті Білал (радиаллаһу анһу) бұл астықтарды 
базарға апарып сатып, Пайғамбарымыздың (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) бір яһудиге қарызы бар болатын, 
соны төлейді. Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) ақшаның жайын сұрағанда, Хазіреті Біләл 
(радиаллаһу анһу) біраз ақшаның артылғанын айтады. 
Сонда Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Оларды да садақа ретінде тарат
:
 әйтпесе үйіме ба-
ра алмаймын», - депті.
Хазіреті Біләл (радиаллаһу анһу) ақша беретін ешкімді 
таба алмайды да, Аллаһ Расулі (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) үйіне бара алмай, мешітте жатады. Ақыры, 
келесі күні таңертең қалған ақшаны Хазіреті Біләл 
(радиаллаһу анһу) таратып бітіп, Пайғамбарымызға 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Аллаһ Тағала сені құтқарды», - дейді.
Ал, Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
шүкіршілік етіп, үйіне барған еді.
154
Бір рет Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) әдетінен тыс екінті намазынан кейін үйіне 
барып, қайта мешітке келеді. Себебін сұраған асхабы-
на:
«Намазда отырғанымда үйде біршама алтынның 
бар екені есіме түсіп кетті. «Олар кешке дейін үйде тұрып 
қалуы мүмкін деп ойладым. Осы себепті үйге барып, 
садақа ретінде таратуларын айтып кеттім», - дейді.
155
154. Әбу Дәуіт. Ишара, 35
155. Бұхари, Азан, 158


"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
95



"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа 
үйі
Тағы да бір күні ансардан базбіреулер келіп, Одан 
біраз нәрсе сұрайды. Кейін тағы басқалары келіп 
сұраған және олар да сұрағандарын алып кеткен. 
Ақыры ешнәрсе қалмаған соң: «Егер бір нәрсе қалып 
қойған болса, оны да аямастан беріп жіберетін едім», - 
депті.
156
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
Хұнайн сапарынан қайтып келе жатқанда бәдәуи араб-
тар алдынан шығып, қоршап алады да, бір нәрсе беруін 
талап етеді. Олардың өзін әбден мазалағанынан ығыр 
болған Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм) бір ағаштың артын паналауға мәжбүр бола-
ды. Сол кезде шапаны бір бұтаққа ілініп қалады.
Расулұллаһ (саллаллаһу алейһи уә сәлләм) тоқ-
тап:
«Шапанымды беріңдер! Егер мына ағаштың 
жапырақтарындай қойым болса, барлығын сендерге 
үлестіріп берер едім. Бұл айтқан сөзімнен мені не қорқақ, 
не сараң, не өтірікші ретінде мүлде көре алмайтын 
едіңдер», - деген.
157


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет