108
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
"ХИКМЕТ"
баспа
үйі
аләйһи уә сәлләм)
достары мен жақындарының
жіберген сыйлықтарын сүйіспеншілікпен алатын,
кері қайтармайтын.
Бір күні бір кісі Расулұллаһқа (саллаллаһу аләйһи уә
сәлләм) мата тарту етеді. Бірақ сол матаны басқа біреу
сұрағанда бере салады.
175
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
сыйлық бергендерге өзі де сый тартуды ұнататын.
Бірде Фазараұлдарының бірі түйе сыйлаған еді.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) оған
сыйына
сый жасауға әрекет жасағанда, ол қатты
қысылады. Осыны байқаған Аллаһ Расулі (саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм):
«Сендер маған сыйлық әкеліп жатырсындар. Мен
алып жатырмын. Ал, мен сол сыйлықтарыңа лайық қай-
тарым сыйлық берейін десем - қысыласыңдар. Егер осы-
лай істейтін болсаңдар, мен де бұдан былай сендердің
сыйлықтарыңды алмаймын», - дейді.
176
Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
өзіне жасалған игі іске жақсылық жасамаса тұра алмай-
тын. Ең жақын досы Хазіреті Әбу Бәкір (радиаллаһу
анһу) көш кезінде бір түйені сыйға бергісі келеді, бірақ
Ол сол мезетте оның ақысын төлейді.
Тағы бірде Мәдинада мешіт құрылысы кезінде Оған
біреу жер береді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм) оның ақысын төлеп барып алады.
177
175. Асры Сағадат, ІІ, 83.
176. Бұхари, Әл-әдәбул-муфрад, 270.
177. Асры Сағадат, II, 84.