– Тіпті болмаса мен сендерге мына он екіде бір гүлі ашылмаған
қыздарымды (некелеп) берейін
[5]
, соны алыңдар да қараларыңды батырыңдар
бұл жерден. Алайда қонақтарымның көзінше мені масқара қылмаңдар, – деп те
көрді.
Бірақ ауыздарынан көбік ағып тәнқұмарлықпен елігіп тұрған халық оның
бұл ұсынысына да құлақ аспады. Олардың бар мақсаты – іштегі жігіттерді
сыртқа алып шығып білген арсыздықтарын айыздары қанғанша бір жасап қалу
еді.
Қанша айғайлап та, ұрсып та, жай сөзбен айтса да халықты көндіре алмаған
Лұт (а.с.) жыларман боп үйге кіргенде, періштелер өздерін танытып, айықпас
азғындыққа ұшыраған бұл халыққа Аллаһ тағаланың зор азабын ала
келгендіктерін айтты. Аллаһтың әмірі бойынша неше жыл Пайғамбарды
тыңдамаған халықтың бүгінгі татқаны – тіршіліктегі соңғы дәм-тұзы болмақ.
Лұтқа түн қата өзіне сенгендерін ерткен бойда ешкімге сездірместен қаладан
шығу тапсырылды. Ал бұл мезет қалада қалған халық Аллаһтың қатты қаһарына
ұшырап, тұрған жерлері қаласымен қоса жермен-жексен болмақ еді. Әрі бұл
оқыс азапты Ұлы Жаратушы кейінгі халықтарға үлкен үлгі-өнеге ретінде
жасамақ.
Айтқандай-ақ Лұт өзін тыңдап, ізіне ерген азған-тай адамымен сол түні-ақ
Содом мен Гомор қалаларын тастап қала шетіне шығып кетті. Олар қаладан
шығысымен-ақ Аллаһтың уәде еткен азабы ретінде аспаннан шоқ аралас жауын
жауа бастаған. Есі кеткен ел ешнәрсенің байыбына барып үлгірместен аз
уақыттың ішінде-ақ екі қаланың халқы да тып-типыл болып, орнында жанған от
пен бықсыған күл ғана қалды...
Иә, олар әлі күнге ғибрат...
Құдіреті шексіз Аллаһ тағала бәрімізді де оқыстан болатын
жамандықтардан сақтасын!
Достарыңызбен бөлісу: