Аяғы сынған бозбала
Қытай ойшылы Лао Цзудың әңгімесі:
Бір ауылда жасы егде тартқан, самайын қырау шалған қарт кісі тұрыпты.
Тұрмысы жұпыны, күнкөрісі төмен кедей екен. Бірақ оның атырапқа
жүйріктігімен аты шыққан сәйгүлігі болыпты. Әлгі дүлдүл атқа патшаның да
қатты қызыққаны соншалық, тіпті қазынасының тең жартысына айырбаста десе
де, кедей байғұс ат тонын ала қашып, көнбей қойыпты. Атын сұратып
келгендерге ол: – Бұл менің жай атым емес, ол – мен үшін дос. Досты сатуға
бола ма екен?! – деп жолатпайтын көрінеді.
Шал бір күні таңертең қараса, қорадағы аты ұшты-күйлі жоқ. Әне-міне
дегенше жиналып қалған ауыл адамдары: – Әй, шал, сен ақылыңнан алжасқан
боларсың, сірә?! Әйтпесе әркімнің көзі түсе бастағаннан-ақ сол аттың
жоғалатынын ертерек білсең болмас па еді?! Одан да патшаға сатқаныңда ғой,
қалған өміріңде не ішем, не кием демей, балқып-шалқып өтер едің. Енді мынау
отырысың, не ақшаң жоқ, не атың жоқ, – деп дүрсе қоя беріпті.
Қарт ойланып:
– Сендер шешім айтуға бұлай асықпаңдар, – депті. – Азар болса ат қана
жоғалар, ар жағы не болатынын, неге апаратынын қайдан білесіңдер? Әрі-
беріден кейін, сол аттың аяқ астынан жоғалғанының өзі не бақ, не сор екендігіне
көздерің жетіп тұрған жоқ қой, – деп, оларды сабырға шақырыпты.
Ауыл адамдары шалдың сөзін мазаққа айналдырып, әбден күлісіпті.
Арадан бір-екі апта өтпей жатып, бір түні ат үйге оралыпты. Сөйтсе, аттың
өздігінен босап, тауға қашып кеткені болмаса, оны ешкім ұрламаған екен. Ал ат
болса, өзімен бірге таудағы он екі иесіз жабайы жылқыларды да үйіріп ерте
келсе керек. Бұны көрген ауыл адамдары жиналып кеп, қарттан кешірім
сұрапты.
– Сенің айтқандарың рас шықты. Атыңның жоғалғаны сен үшін сор емес
қайта бақ болды. Аяқ астынан бір үйір жылқыға ие болып, байып шыға келдің, –
десіпті.
Қарт басын шайқап:
– Сендер шешім айтуға тағы да тағатсызданып тұрсыңдар. «Аты
табылыпты, өзі қайтып келіпті» деп, осыны ғана айтыңдар, әріге бармаңдар.
Әзірше бізге анығы осы емес пе? Ал ар жағы не боларын, неге ұласарын кім
біліпті?! Бір кітапты ашпай жатып, бір сөзін оқи сала, мына кітап түгелдей мына
жайлы екен деп, кесіп-пішіп айтуға бола ма екен? – деп жиналғандарды тағы да
әліптің артын бағуға шақырыпты.
Ауыл адамдары бұл жолы қартты көзінше мазақтамапты. Іштерінен «Әй,
осы, шамасы, ақымақ-ау» десіп тарқасыпты.
Бір апта өтер өтпестен жабайы аттарды қолға үйретем деп жүріп қарттың
жалғыз баласы аттан құлап, аяғын сындырып алыпты. Үйін жан бақтырып
отырған жалғыз баласының аяғын сындырып алып, ұзақ уақыт төсек тартып
жатып қалғанын естіген ауыл адамдары қартқа «Сенің әнеугүні айтқаның сол
күйі рас екен. Балаң енді аяғы жарай қоймай, көп уақыт емделіп жатар болса
сенің күнің тіптен қараң болады екен» деп мүсіркесіпті.
Қарт болса:
– Сендер әлі де кесіп-пішіп шешім айта қоюға асықпаңдар, – депті, –
баламның аяғын сындырғаны әзірше бізге мәлім болғаны ғана. Ал ары қарай не
болары бізге беймәлім, тіпті болжауға да дәрменсізбіз. Өмірде де осындай ұсақ-
түйек нәрселерден басталып, ар жағы неге апарып соқтырары белгісіз жайттар
жиі кездеспей ме? – депті әуелгі қалпын бұзбастан.
Бірнеше аптадай кейін ел шетіне өздерінен сан жағынан да, қару жағынан да
бірнеше есе басым жау тиіп, күтпеген жерден алапат соғыс басталыпты.
Патшаның соңғы үміті – қолына қару ұстай алған бүкіл жастарды соғыс
майданына салу ғана болыпты. Ауыл ауылды аралаған патша шабармандары
аяғы сынған кедейдің баласынан басқа ауылдағы жас атаулының бәрін тізіп
тұрып соғысқа әкетіпті. Ауылды мұң басыпты. Өйткені мыңғырған жауды жеңу
бұл жолы тіптен мүмкін емес екендігін, әрі соғысқа кеткен балаларының не қаза
табатынын, не жау қолына тұтқын болып түсерін ел жақсы білсе керек.
Ауыл адамдары тағы да қартқа келіп: – Сенің айтқаның тағы да рас шықты,
– депті, – Балаңның аяғы сынса да, әйтеуір, қасыңда, көз алдыңда болатыны
жаныңа жұбаныш емес пе?! Ал біздің балаларымыздың соғыстан өлмей, не
тұтқынға түспей, аман-есен үйге оралуы екіталай. Балаңның аттан құлап аяғын
сындыруы сен үшін қайғы емес, қайта қуаныш болды, – десіпті.
Сонда қарт:
– Сендер-ақ, әйтеуір, тон пішіп тез шешім айтуға құмар екенсіңдер, – деп
тағы ренжіпті.
– Әзірше бізге мәлім бір-ақ шындықтың бар екені белгілі, ол – менің
баламның қасымда, ал сендердің балаларыңның әскерде екендігі. Алайда
бұлардың да түбінде қайсысы бақ, қайсысы сор екендігін бір ғана Аллаһ біледі,
– деген екен.
Лао Цзу әңгімесін мынадай насихатпен аяқтапты:
«Асығыс шешім айта салмаңдар! Өмірдің аз ғана бөлігіне қарап тұтасын
бірден кесіп-пішпеңдер. Ақылға салып, әбден саралап барып қана шешім айтқан
жөн. Әліптің артын бақпастан тон пішуге әдеттенбеңіз. Бірақ сонда да ақыл-
ойдың адамды ылғи да тиянақты бір шешімге итермелейтіндігі шындық.
Өйткені бір шешімге келе алмай әрі-сәрі күйде жүру адамды сергелдеңге
салады. Ал өмірдегі саяхаттың жалғаса берері сөзсіз. Бір жол бітсе, екінші жол
енді басталады. Бір есік жабылса, екінші бір есік ашылар. Бір мақсатқа қол
жеткізсеңіз, екінші бір одан да биік мақсаттың қол бұлғап шақырып тұрғанын
көреріңіз даусыз. Сондықтан беті көрінген мұзтауының (айсберг) астына да
көңіл аударыңыз».
[
1
] Имам Ахмед пен Бәззар радиаллаһу анхумадан
[
2
] Усул-ы Кафи с. 2. «Мүслүман факирлерин фазилеті» бабы
[
3
] Осман ефенди, Сечме дини хикайелер, Седа яйынлары, Истанбул 2000, с. 60-61
[
4
] Куран ышығында пейгамберлер кыссалары, Әбу Хасан Али ән- Нәдуи
[
5
] Ислам ғалымдары пайғамбарлар өз үмбетіне әке секілді болғандықтан, Лұт пайғамбардың
бұл жерде айтып отырғаны өз қыздары емес, үмбетінің қыздарын ер кісілермен некелеп
берейін дегені деп түсіндірген.
[
6
] Рауда-тул Улема
[
7
] Тариху Мәдинат-и Димашқ, 41/63; Хаяту-с-сахаба,1/175-76
[
8
] әл- Бидая уә-н-Нихая, 4/466-67; әл-Камил фи-т-тарих, 2/175
[
9
] Юсуф Явуз «Самарқант»
[
10
] Мәнақиб-и Чиһар Яар-и Гузин
[
11
] -Мәнақиб-и-Чиһар Яр-ы Гүзин-
[
12
] Мәнақиби Чиһар Яры Гузин
[
13
] Мәнакиби- Чиһар Яры- Гузин
[
14
]
Тәнбиху-л-ғафилин
[
15
] Хатибу-л-Бағдади, әл- Кифая фи Илми- р- Риуая, 84 Б
[
16
] Тариху Мәдинати Димашқ, 44/337; әл-Бидая уән-Ниһая, 7/107
[
17
] Әл-Камил фи-т-Тарих, 2/475-76; әл-Бидая уә н-Нихая, 7/48-49
[
18
] Әл-Камил, 2/558-560; әл-Бидая, 7/84-85
[
19
] Әл- Имам Әли Саут-ул адалат-ул Инсаният, Б.63, жалғасы Бихар Б. 9 Тәбриз баспасы,
Б.598.
[
20
] Ибнул-Әсир: Усду-л-Ғаба. (Бәйрут-1997), 3/360-61; Ибн Хажәр: әл-Исаба (Бәйрут-1995),
4/506
[
21
] Әл-Камил, 3/458-59; Нихаяту-л Араб, 20/268-70; Хаятус-сахаба, 1/470-71.
[
22
]
Тәубе, 75-76.
[
23
] Бой дәретін қажет ететін жағдай
[
24
] Әбу Дауыт
[
25
] Бұхари, Мүслім
[
26
] әл-Бидәя уә-н-Нихая, 10/650
[
27
] Әл-Бидая уә Нихая, 2/513-520; Манастырлы Исмайыл Хаккы: Рисале-и Хамидия Зәйли
(Ист. 1973), С.528; Месневи-Шериф/Амил Челебиоғлу (Ист. 2000-М.Е.В.), 3/353-55.
[
28
] Юсуф Явуз «Самарқанд» журналынан алынған
[
29
] Хиляту-л-Әулия, 7/426; Тариһу Мәдинати Димашқ, 6/284.
[
30
] Ахбару Мекке (Мекке, 1994), 1/136-154; Әйюб Сабри Паша: Мирату-л- Харамайн, 1-2/443-
458; Әл- Камил фи-т- Тарих, 1/442-47.
[
31
] Ө. Рыза Кәһһала, Аламун-Ниса, 1/75; Меһмед Зихни, Мәшахирун-Ниса
Құдайберді Бағашар
ТАҒЫЛЫМ ТАМШЫЛАРЫ-1
Редакциялаған: Ұ. Еркінбаев
Көркемдеуші дизайнер: Б. Алтынбекұлы
Достарыңызбен бөлісу: |