Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет18/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

«Хилфул-фудулдың» жақсылығы 
Исламға дейінгі кезеңде Араб түбегінде Фадл ес-імді аттас үш кісі жиналып, 
қиянатқа ұшырағандардың залымдардан кегін қайтару, өзара әділдікті үстем ету 
мақсатында ант берісіп қол алысқан. Кезінде пайда болғанмен кейіннен ұмыт 
бола бастаған бұл ұйым Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) 
кезінде қоғамның 
қайта жамандықтарға бой алдыра бастауын ауыздықтау мақсатында 
Құрайыштың алдыңғы қатарлы адамдары тарапынан қолға қайта-қайта алынған. 
Олар ұйымды тұңғыш құрушылардың атын ескеріп «Фадылдардың немесе абзал 
кісілердің анты» мағынасын білдіретін «Хилф-ул фудул» деп қойды. Ол кезде 
Пайғамбарымыз жиырма бір жас шамасында болса да, осы ұйымның мүшесі еді. 
Кейіннен қайта құрылса да бұл ұйым о бастағы түпкі мақсатынан 
ауытқымаған. 
«Хилфул-фудулдың» ең бір белсенді кезінде мынадай бір оқиға болған. 
«Хасам» тайпасынан бір кісі бойжеткен қызымен бірге Меккеге келеді. 
Қызы көзтартарлық сұлу еді. Әкесімен қалаға келген әдемі бойжеткенге көзі 
түскен Мекке ақсүйектерінің бірі Нұхайл ибн Хажжаж оны әкесінің 
қорғаштағанына қарамастан алып қашты. Хасамнан келген қыздың әкесі болса, 
күйініп: 
– Ана бір есерсоқты алдыма әкелер ешкім жоқ па? – деп айғай салған еді. 
Халық оған ел ішіндегі талас-тартыс, дау-дамайды тек «Хилфул-фудулдың» 
шешетіндігін айтып жөн сілтеді. Ол болса тікелей Қағбаға барып: 
– Әй, хилфул-фудулшылар, маған көмектессең-дерші? – деп дауыс көтерді. 
Хилфул-фудулшылар дереу қыздың әкесін ертіп Нұбайхтың үйіне барды. 
Нұбайх сыртқа шыққанда оған дүрсе қоя берді: 
– Әй, көргенсіз! Сен біздің қиянатшылдықпен жан аямай күресеміз деп 
серттескенімізді білесің. Жан керек болса, шығар тез қызды үйіңнен! 
Нұхайл іс бұлай насырға шабады деп ойламаса керек ә дегенде сасып қап, 
артынан қызды үйінен шығарды. 
Иә, пайғамбарлық келмей тұрып та, хазірет Мұхаммедтің 
(саллаллаһу аләйһи уә 
сәлләм)
 ел ішіндегі осындай игі шаралардың басы-қасында жүргені тарихқа аян. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет