өзіңді күнә атаулыдан қорғай білу – ол үлкен сын. Міне, гәптің бәрі осында.
Екеуінің айырмашылығын енді ұққан боларсың?
Бірақ інісі бұған илана қоймастан, өзіне қарсы дау айтыпты:- Бәлкім, сен
күнәларды сезінуден қалған шығарсың?
– Егер мен күнәны
сезінуден қалып, бұзылған болсам,
онда бері қара, –
депті де, ағасы орнынан тұрып әлі тамшылап тұрған дорбадағы сүттің тесігін
саусағымен сәл ғана сипағанда, сүт тамшылауын сап тыйыпты.
Сонда ғана ағасының айтқанын сөзсіз мойындаған інісі:
– Айтқаныңыздың бәрі рас, – депті, – нағыз әулиелік – тауға қашып өзіңді
харам мен күнәлардан қорғау емес, нағыз әулиелік – өзіңіз айтқандай қайнаған
халықтың арасында жүріп діндарлықты ұстана білуде екен...
Достарыңызбен бөлісу: