Сол сәтте-ақ имам бірден әкімнің сарайына тартты. Имамның шәкірттері
ұстазымыз маскүнем көршісін абақтыға жауып құлаққа тыныштық бергені үшін
сірә әкімге рақмет айтар деп күткен еді.
Елге қадірлі үлкен имамның өзін іздеп келгенін көргенде әкім де жік-жапар
болып ізет көрсетіп:
– Иә, қандай бұйымтаймен келдіңіз? – деп сұрады.
Имам абақтыға қаматып тастаған маскүнем
көршісін дереу босатуын
өтінеді.
Әкім:
– Ойбай-ау, соған бола өзіңіз келмей-ақ, хабар айтсаңыз да бірден орындар
едік қой, несіне сонша әуре болдыңыз? – деді.
Сөйтті де қызметкерлеріне айтып абақтыда жатқан жігітті дереу
босаттырды.
Жігіт имаммен кездескенде ұяттан қызарып кетті. Өйткені үйіне
талай рет
түн ортасында келіп оның тынышын алып, мазалаған кездері көп еді.
Әбу Ханифа болса:
- Көрдің бе, біз сені ұмытпаймыз,- деп үлкен ілтипат көрсетті.
Жігіт көп уақыт өтпей-ақ тәубаға келіп, имамның
шәкірттерінің қатарына
қосылды...
Иә, олар кінәсіне бола ешкімді де өзегіне теуіп, ешкімді де шеттетпейтін.
Тек жамандыққа салынғандықтары үшін ғана оларға жанашырлықпен қарап,
қолдан келгенше қол ұшын беруге тырысатын.
ІІІ БӨЛІМ
ӘУЛИЕ–АБЫЗДАР
Достарыңызбен бөлісу: