Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет64/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79
Байланысты:
tagylym tamshylary

Несібе дұғамен келе ме? 
Бір кісі қатты күйінген күйі Имам Садыққа (а.с.) келіп: 
– Кедейшіліктің зарын тартқан мендей-ақ болар. Көбірек рызық берсін деп 
Аллаһқа дұға етіңізші? – депті жалынып. 
Сонда Имам тұрып: – Жоқ! – депті, – саған ешқашанда бұндай дұға ете 
алмаймын! 
Әлгі кісі күтпеген бұндай жауапты естігенде: – Неге? – деп сұрапты. 
Сонда Имам Садық: 
– Бұл мәселеде Аллаһ тағаланың өзі жол көрсетпеді ме? «Рызық-
нәсібелеріңді жатпай-тұрмай іздеңдер, табыңдар!» деп бұйырмады ма? Ал сен 
болсаң үйде жатып алып дұға жасай салып рызық-несібем маған өзі келсін 
дейсің. Осы да жөн бе?! – деп ұялтқан екен. 
Әбабил құстарының жеңісі 
Хабашистан (Эфиопия) патшасының Йемендегі басшысы Әбраха миләди 
570- жылдары Сана қаласында «Құллейс» деп аталатын керемет бір шіркеу 
салдырды. Ойы – Қағбаға барушыларды осы шіркеуге қарату. Оның бұндай 
ниетін жақтырмаған біреу түнде әлгі жаңа салынған шіркеуге кіріп, дәрет 
сындырып кетті. Ертесі бұған қатты ашуланған қарадүрсіндеу христиан Әбраха 
атой салып, Қағбаны тас-талқан ғып қиратпақшы болды. Жинаған он мың 
әскерімен (алпыс мың екендігі де айтылады), «Махмұд» деген ірі пілмен қоса 
тағы да бірнеше пілдермен Меккеге қарай жолға шықты. Алдынан шыққан ірілі-
ұсақты күштерге бой берместен алға жылжи берді. Тайыф қаласына жеткенде 
әскерлерінің 
бір 
бөлігін 
Меккеге 
жіберді. 
Олар 
бара 
сала 
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
атасы, Құрайыштардың басшысы 
Абдулмутталибтің екі жүзден аса түйелерін, онымен қоса сол маңайдағы ел-
жұрттың да бар малын айдап әкетті. 
Түйелерін айдап әкете салып, Абдулмутталиб бірден Әбрахаға жолықты. 
Түйелерін кері қайтаруды сұрады. Әбраха: – Менен түйелеріңді ғана сұрап, 


Қағба жайлы жақ ашпағаның қалай? Мен оның күлін көкке ұшырып қиратуға 
келіп тұрғам жоқ па? – деді. Оған Абдулмутталиб: – Мен – түйелерімнің ғана 
иесімін, ал Қағбаның қорғаушы иесі – Аллаһ тағала, – деп жауап берді. 
Кездесуден кейін Абдулмутталибтің түйелері кері қайтарылды. Мекке 
халқы өздерінен әлденеше есе үстем бұндай күшке төтеп бере алмасын біліп, 
арадағы келісім бойынша тауға шегініп, істің немен аяқталарын тағатсыздана 
күтті. 
Әбраха жасағы ең ірі пілді алға салған күйі Меккенің шекарасына аяқ басты. 
Қағбаны жуан темірлермен шандып байлап, пілдерге тартқызып жықпақ 
ниеттерінен әлі қайтпаған-ды. Дәл осы кезде Әбраханың жол сілтеушілерінің 
бірі Нүфайл ибн Хабиб ірі пілдің құлағынан тартып бірнәрсе деп айтты да 
жүгіріп тауға шыққан күйі: – Ей, Махмұд! Алдыға жылжушы болма! Аман-есен 
тұрғаныңда кері қайт! – деп бар даусымен айғай салды. 
Сол сол-ақ екен, Меккеге кіре берісте ең үлкен піл тартыншақтай бастады. 
Қатты қинағаннан кейін табандап жерге жатып алды. Не істесе де оны ешкім 
Қағбаға қарай аяқ бастыра алмады. Дәл осы мезет топ болып ұшып келген 
«Әбабил» құстары аспанда қаптап кетті. Әрқайсысының ауыздары мен 
аяқтарында қойдың құмалағындай майда тастар бар. Ұшып келген бойда сол 
тастардан жау әскерінің үстіне қарша боратты. Тас кімге тисе де денесін тесіп 
өтіп жатты. Бір демде-ақ әскерлердің көбісі қырылып қалды. «Піл жасағының» 
қалғандары жан сауғалап, Йеменге қашты. Әбраханың өзі де қайтар жолда өлді. 
Қағба болса сол баяғы қалпында тұра берді. Құрандағы «Піл» сүресі осы бір 
тарихи оқиғаны баяндауда
[30]



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет