Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған



Pdf көрінісі
бет65/79
Дата09.06.2023
өлшемі1,03 Mb.
#100053
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79
Қайсысы шейіт? 
Әмір Темір Халеп қаласын басып алған кезде көптеген мұсылмандардың 
қаны судай ақты. Соғыстан кейін діндарларды шақыртып алған ол: 
– Соғыс кезінде сіз бен бізден көп адам өлді. Айтыңдаршы, кәне, осылардың 
қайсысы шейіт болды? – деп сұрады. 
Сонда Ибнушахнә орнынан тұрып: 
– Сізден яки бізден өлуінің ешқандай мәні жоқ. Кім Аллаһ тағаланың ұлы 
есімін асқақтату ниетімен соғысқан болса, сол ғана шейіт болды, – деп жауап 
берген екен. 
Қашанда қай істе болмасын түпкі ниет аса маңызды.Шейіттіктің де 
ниетке байланысты екені сөзсіз. 
Күндік өмірің болса... 
Мекке... 
Жол шетінде қарт кісі мен жас жігіт шүйіркелесіп өзара әңгімелесіп отыр. 
Алдарынан жақсы киінген бір кісі шықты. Әлгі кісі келген бойы жас жігітке бір 
кесе алтын ұсынды. 
Жігіт: 
– Рақмет, – деді, – маған оның қажеті жоқ! 
– Сонда да, ал, – деді әлгі кісі, – қаласаң өзіңе жаратарсың, қаламасаң кедей-
кепшіктерге үлестірерсің? 
Жігіт көп сөз таластырып жатпастан ала салды. Бір кесе алтынды тұтастай 
сол күні-ақ өзі білетін мұң-мұқтаж кісілердің бәріне таратып берді. 


Қарт кісі ертесі күні кешегі қасында отырып әңгімелескен жас жігіттің 
біреуге қыжалатын айтып көмек сұрап тұрғанын көріп: 
– Балам-ау, өзіңнің де ақшаң жоқ екен. Кешегі қолыңа тиген алтыннан өзіңе 
де алып қалсаң болмас па еді? – дегенде, жас жігіт жұлып алғандай: 
– Мен таң атса болды кешке дейін өмірімнің жетер-жетпесіне ешқашан 
сеніммен қарап көрген емеспін, – деген еді. 
Тақуалық – қашанда өлімге даяр жүру. «Күндік несібе Құдайдан» деген сөз 
де осындай тақуа кісілердің айтқаны болса керек.. 
Шындықтың құдіреті 
Бір қатігез әкім бар еді. Осы әкім бір күні қызметшілерін жіберіп рухани 
алып, әулие кісі Хасан Басриді ұстатпақ болды. Ол кезінде шәкірті болып, 
дәрістерін тыңдаған Хабиб-и Ажемидің күркесіне барып жасырынды. 
Әкімнің адамдары келіп қатуланып: 
– Хасан Басриды көрдің бе? – деп сұрады. 
Хабиб-и Ажеми болса: 
– Иә, – деді жай ғана. 
– Қайда ендеше? 
– Міне, мына күркемнің ішінде отыр... 
Қызметшілер күркеге кіріп Хасан Басриды іздегенмен таба алмай сыртқа 
шығып: – Әй, ақсақал, неге өтірік айтасың? – деп дүрсе қоя берді. 
Хабиб-и Ажеми: 
– Жоқ, мен өтірік айтқан жоқпын. Өздерің көре алмасаңдар, мен қайтейін? – 
дейді. 
Олар қайта ішке кіріп, алақандай күрке ішін қанша қарағанмен, бұл жолы да 
таба алмады. 
Әкімнің жандайшаптары кеткеннен кейін күркеден шыққан Хасан Басри: 
– Ей, Хабиб! Сенің құрметіңе бола Аллаһ тағаланың мені әлгілерге 
көрсетпегенін білем. Алайда менің орнымды неге айттың? Ұстаздық ақымды 
ескермегенің қалай? – дейді ренішпен. 
Сонда Хабиб ұялған пішінде: 
– Әй, ұстаз! Сізді таба алмаулары менің құрметіме бола емес, қайта 
шындықты тура айтқандығымыздан болса керек. Өйткені шыншылдардың 
көмекшісі Аллаһ тағала емес пе?! Егер жалған айтқанымда дердектетіп сізді де, 
мені де алып кетер еді, – деген екен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет