ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы Жол - болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты - Қазақстанның жаһандануға берген жауабы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары
8.8. ЭСПО-2017 өткізудің Қазақстан үшін маңызы. «Нұрлы Жол - болашаққа жол» жаңа экономикалық саясаты - Қазақстанның жаһандануға берген жауабы. «Нұрлы жол» экономикалық даму жоспары.
8.1. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс, тұрмыс деңгейінің төмендеуі, жұмыссыздық, қылмыстың көбеюі.
Өтпелі кезең – КСРО (Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы) ыдырағаннан кейін постсоциалистік мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық дамуы төмендеп, экономикасының дағдарысқа ұшыраған кезеңі. Өтпелі кезең тәуелсіз әрқайсысында түрліше болды.
Қазақстан Өтпелі кезеңді 1989 – 1996 жылдары өтті.
Ресей 1990 – 1999 жылдары бастан кешірді.
Ал олардың ең құлдыраған кезі – тиісінше 1994 және 1992 жылдары Экономикалық реформа социалистік лагерьге кірген мемлекеттерден:
Польшада 1990 жылы жасалды.
Венгрияда, Чехия мен Словенияда 1991 – 1992 жылдары жасалды.
Ал КСРО құрамында болған Қазақстанда шын мәнінде мұндай реформа 1994 жылы басталды. Өтпелі кезеңнің басында экономиканың қаржылық және өндірістік жүйелерінде үлкен алшақтықтың пайда болуы, институц. дамудың жетілдірілмегендігі салдарынан постсоциалдық елдерде әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ушыға түсті.
Ал кейбір елдерге Азиялық дағдарыс (1997) та әсерін тигізді.
Қазақстанда ұлттық экономиканың түрлі салалары, атап айтқанда, 1991 жылы жеңіл және тамақ өнеркәсібі дағдарысты бастан кешірді.
1992 – 1993 жылдары машина жасау, әскери, құрылыс, энергетика кешендері дағдарысты бастан кешірді.