2. Акушерлік-гинекологиялық көмекті ұйымдастыру. Қазіргі уақытта әйелдер денсаулығын қорғаудың мемлекеттік жүйесі бар. Оның негізі 1917 жылдың желтоқсан айынан басталды. Себебі сол уақыттан бастап әйелдерге қамқорлық жасау үшін Халық комиссариатының жаңынан ана және баланы қорғау бөлімі ашылды,ал кейін 1918 жылдың шілде айынан денсаулық сақтау халық коммисариаты ұйымдастырылды. 1907-1920 жылдан бастап ана мен бала денсаулығын нығайту мақсатымен емдеу профилактикалық мекеме ашылды.
Ауылдық жерде ана мен баланы қорғау жөніндегі мекемелер 1935 жылдан бастап ұйымдастырылды.
1944 жылы жүкті әйелдерге, көп балалы және жалғыз басты аналарға мемлекеттік көмекті көбейту. Көп балалы аналарға батыр ана деген құрмет атағы берілді.Ана даңқы ордені аналық медалін беру жарлығы қабылданды.
2009 жылы қабылданған ҚР халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексінде ана денсаулығын және оның құқықтарын қорғау және жәрдем көрсету бекітілді.
Негізгі акушерлік-гинекологиялық көмек көрсету үшін:
1.Жүкті әйелдердің денсаулығын қорғау және босану кезеңдерінің зиянсыз өтуін қадағалау;
2.Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету;
3.Әйелдерді жасанды түсік тастаудан сақтандыру;
4.Диспансерлік бақылау арқылы гинекологиялық аурудан сақтандыру;
5.Әйелдердің жұмыс және тұрмыс жағдайын зерттеу;
6.Халықтың санитарлық сауаттылығын жетілдіру;
7.Аналар өлімін, сәбилер өлімін азайту
Перзентхана (бөлімше) қызметінің негізгі мақсаты әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде акушериялық-гинекологиялық көмек, сондай-ақ нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету болып табылады.
Перзентахана мынадай міндеттерді атқарады:
1) медициналық көмекті өңірлендіру принциптерін сақтай отырып, жоспарлы стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету;
2) аумақтық принцип бойынша бастапқы медициналық-санитариялық қызмет ұйымдарымен, перинаталдық орталықтармен сабақтастық мәселесі жөнінде ынтымақтастық;
3) бекітіліп берілген аумақта босандыру қызметін талдау және мониторингі;
4) аналардың және перинаталдық өлім-жітім жағдайларын, жүктіліктің, босанудың, босанғаннан кейінгі кезеңдегі қатты асқыну және нәрестелердің ауыр сырқаттану жағдайларын талдау;
5) медицина қызметкерлері үшін оқу семинарларын өткізу;
6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді талдау.
Перзентхана жеке денсаулық сақтау ұйымы немесе көп бейінді денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі ретінде жұмыс істей алады.Перзентхана аумақтық принцип бойынша көмек көрсетеді, бірақ сонымен бірге жүкті немесе сырқат әйел босандыру мекемесін қалауы бойынша таңдай алады.
Жеке мемлекеттік медицина ұйымы ретінде құрылған перзентханаға басшылық етуді бас дәрігер жүзеге асырады, оны денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Медицина ұйымының құрылымында құрылған босандыру бөлімшесіне басшылық етуді бас дәрігердің орынбасары (бөлімше меңгерушісі) жүзеге асырады, оны осы ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Жеке мемлекеттік медицина ұйымы ретінде құрылған перзентханаға басшылық етуді бас дәрігер жүзеге асырады, оны денсаулық сақтау саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдары қызметке тағайындайды және қызметінен босатады. Медицина ұйымының құрылымында құрылған босандыру бөлімшесіне басшылық етуді бас дәрігердің орынбасары (бөлімше меңгерушісі) жүзеге асырады, оны осы ұйымның басшысы қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
Перзентхананың функциялары:
1) әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде стационарлық акушериялық-гинекологиялық көмек, нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету;
2) ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алуды, диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыру;
3) жүктілікті үзеді және жүктілікті үзуге байланысты медициналық көмек көрсету;
4) әйелдерді санитариялық-гигиеналық нормалар, баланы емізу, отбасын жоспарлау, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу, аборт пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқыту;
5) жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық сырқат әйелдерге және нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу мақсатында медициналық айғақтарды айқындау;
Перзентхананың (бөлімшенің) құрылымы:
1) қабылдау бөлімі;
2) босандыру бөлімшесі:
жеке босану палаталары; материалдар бөлмесі; шағын операция бөлмесі; ана мен бала палаталары; ана мен баланың оқшауланған палаталары; манипуляция бөлмесі; емшара кабинеті; шығару бөлмесі;
3) операциялық блок:
операция бөлмесінің кіреберісі; операциялық акушерлік; материалдар бөлмесі; қызметкерлердің операцияға дайындалуына арналған бөлме;
4) жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі:
жүкті әйелдер палаталары; тексеру бөлмесі; емшара бөлмесі;
5) нәрестелер бөлімшесі: нәрестелерге арналған қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі;емшара кабинеті; егу кабинеті;
Перинаталдық орталық 300 мың және одан көп халқы бар аумақта ұйымдастырылады. Төсектік қуаты өңірдің қажеттілігіне байланысты айқындалады.Перинаталдық орталық қызметінің негізгі мақсаты өңірде мамандандырылған акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.
Перинаталдық орталық мынадай міндеттерді атқарады:
1) жүктілік, босану кезінде көмек көрсету тактикасын таңдау үшін қауіпті топқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмек көрсету деңгейін айқындайды;
2) аналардың және перинаталдық сырқаттану бойынша қауіпті топқа стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсетеді;
3) мерзімінен бұрын босанған әйелдерді емдейді;
4) сырқат нәрестелерді оңалту шараларын жүргізеді, шала туған нәрестелерді күтіп-бағады;
5) өңірдің бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен және перзентханалармен (бөлімшелермен) ынтымақтасады;