Қазақстан-ресей казахстанско-российский



бет4/7
Дата10.04.2023
өлшемі60,16 Kb.
#81197
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
акушер

Перзентхананың функциялары:
1) әйелдерге жүктілік, босану және босанғаннан кейінгі кезеңде стационарлық акушериялық-гинекологиялық көмек, нәрестелерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар әйелдерге медициналық көмек көрсету;
2) ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алуды, диагностикалау мен емдеуді жүзеге асыру;
3) жүктілікті үзеді және жүктілікті үзуге байланысты медициналық көмек көрсету;
4) әйелдерді санитариялық-гигиеналық нормалар, баланы емізу, отбасын жоспарлау, ұрпақты болу жүйесі ауруларының алдын алу, аборт пен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері бойынша оқыту;
5) жүкті, босанатын, босанған, гинекологиялық сырқат әйелдерге және нәрестелерге жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін оларды басқа денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу мақсатында медициналық
6) белгіленген тәртіппен уақытша еңбекке жарамсыздық сараптамасын жүргізеді, әйелдердің жүктілігі мен босануы бойынша еңбекке жарамсыздық парағын береді, еңбек ету қабілетін тұрақты жоғалтқан әйелдерді медициналықәлеуметтік сараптамаға жіберу;
7) әйелдердің, нәрестелер мен медицина қызметкерлерінің арасында ауруханаішілік жұқпалы аурулармен сырқаттанудың алдын алу мақсатында санитариялық-гигиеналық әрі індетке қарсы режимді ұйымдастырады және қамтамасыз ету;
8) әйелдердегі акушериялық асқынулардың және ауыр экстрагениталдық аурулардың, нәрестелердің сырқаттану себептерін талдауды жүргізу;
9) ана өлімі мен перинаталдық өлім-жітімнің статистикалық мониторингін және себептерін талдауды жүзеге асыру;
10) нәрестелердің вакцинопрофилактикасын қамтамасыз етеді және белгіленген тәртіппен оларды тұқым қуалайтын ауруларға тексеруді жүргізу;
Перзентхананың (бөлімшенің) құрылымы:
1) қабылдау бөлімі;
2) босандыру бөлімшесі: жеке босану палаталары; материалдар бөлмесі; шағын операция бөлмесі; ана мен бала палаталары; ана мен баланың оқшауланған палаталары; манипуляция бөлмесі; емшара кабинеті; шығару бөлмесі;
3) операциялық блок: операция бөлмесінің кіреберісі; операциялық акушерлік; материалдар бөлмесі; қызметкерлердің операцияға дайындалуына арналған бөлме;
4) жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі: жүкті әйелдер палаталары; тексеру бөлмесі; емшара бөлмесі;
5) нәрестелер бөлімшесі: нәрестелерге арналған қарқынды терапия және реанимация бөлімшесі;
6) жүкті, босанған және операциядан кейінгі гинекологиялық сырқат әйелдерге арналған анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі (палаталар);
7) гинекологиялық бөлімше: гинекологиялық сырқаттарды қабылдау бөлімі; гинекологиялық сырқаттар палаталары; тексеру бөлмесі; гинекологиялық сырқаттарға операция жасау бөлмесі; емшара бөлмесі; дербес перзентханалар үшін;
8) клиникалық-диагностикалық зертхана;
9) функциялық диагностика кабинеті;
10) физиотерапиялық кабинет;
11) рентгенологиялық кабинет;
12) орталықтандырылған стерильдеу бөлімшесі;
13) әкімшілік-шаруашылық бөлімше (әкімшілік, тамақтану блогы, бухгалтерия, кадр бөлімі, жабдықтау бөлімі, дәріхана, кір жуатын бөлме).

Перинаталдық орталық 300 мың және одан көп халқы бар аумақта ұйымдастырылады. Төсектік қуаты өңірдің қажеттілігіне байланысты айқындалады. Перинаталдық орталық қызметінің негізгі мақсаты өңірде мамандандырылған акушериялық, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.


Перинаталдық орталық мынадай міндеттерді атқарады:
1) жүктілік, босану кезінде көмек көрсету тактикасын таңдау үшін қауіпті топқа консультациялық-диагностикалық көмек көрсетеді, сондай-ақ медициналық көмек көрсету деңгейін айқындайды;
2) аналардың және перинаталдық сырқаттану бойынша қауіпті топқа стационарлық акушериялық, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсетеді;
3) мерзімінен бұрын босанған әйелдерді емдейді;
4) сырқат нәрестелерді оңалту шараларын жүргізеді, шала туған нәрестелерді күтіп-бағады;
5) өңірдің бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарымен және перзентханалармен (бөлімшелермен) ынтымақтасады;
6) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсетудің өзекті мәселелері жөнінде семинарлар, конференциялар ұйымдастырып, өткізеді;
7) акушериялық-гинекологиялық және неонатологиялық қызметтерде диагностика мен емдеу хаттамаларын әзірлеуге қатысады және оларды енгізеді;
8) телекоммуникацияның ақпараттық-талдау жүйесін пайдалана отырып, нәрестелерге медициналық көмек көрсету жөнінде консультациялар өткізеді;
9) «өзара байланыс» принципі бойынша республикалық денсаулық сақтау ұйымдарымен ақпарат алмасады;
10) жүктіліктің, босану мен босанғаннан кейінгі кезеңдегі асқыну ағымынан кейінгі әйелдерді оңалтуды жүргізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет